Сабақ жоспары Пән: өнер



Дата31.01.2020
өлшемі15,83 Kb.
#56860
Байланысты:
docx1551196493

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Пән: өнер

Мұғалімнің аты-жөні: Ермекбай Сабыр

Дата:

Класс: 9

Оқушы саны: 24

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Графикалық құжаттама . Техникалық спецификация

Сабақтың тақырыбы

Графикалық құжаттама.

Бастапқы білім

Ойынның түрлерін біледі . өздері ойластырған ойынын сызба түрінде көрсетеді немесе нобайларын әрі қарай дамытып презентация жасайды.

Оқыту мақсаттары

8.1.5.2

Әртүрлі графика тәсілдерін қолданып, бұйым дайындаудың реттілігі мен тиімді тәсілін анықтай отырып (оның ішінде АКТ қолданып), графикалық және технологиялық құжаттар дайындау.



Сабақтың мақсаттары

Әртүрлі материалдармен жұмыс жасауды бастайды.

Графикалық құжаттаманы Microsoft PowerPoint бағдарламасымен бұйым дайындаудың реттілігі бойынша презентация түрінде орындайды .

Оқушылар үстел ойынын бағалау критерийіне сай орындайды.

Бұйым дайындаудың реттілігі бойынша презентация жасау.

Өзіне және сыныптастарына кері байланыс береді.


бағалау критерийлері (7-9 сыныптар)

Практикалық тапсырманы бағалау критерийіне сай орындайды;

Өз-өзіне және сыныптасына жұмысы бойынша кері байланыс береді.



Тілдік мақсаттар


-Үстелдік ойынды ойластыру кезінде... .

Үстел ойыны-настольные игры- Board games

Интеллектуалді ойын-интеллектуальные игры- Mind games

Құмар ойындар -азартные игры- gambling



Құндылықтарды

дарыту

Сабақта оқушылар біріге жұмыс істей отыра серіктестікті, ноутбуктермен жұмыс істей отырып, кабинетте өзін-өзі ұстау ережесін ұстану арқылы қауіпсіздік, тапсырманы орындау арқылы жауапкершілік, сенімді ақпарат көздерін қолдану арқылы әділдік.

Пәнаралық байланыстар

Пән

Кезең

Экономика, тарих, математика, физика, т.б.

Оқушылар үстел ойындарын құрастыру кезінде, олардың осы пәндермен байланысты екендігін талдайды.

Дифференциация

Бірші оқушы графикалық тәсілдерімен эксперемент жасайды.

Екінші оқушы үстел ойындарын дайындаудың реттілігі бойынша презентация жасайды.

Үшінші оқушы әртүрлі материалдармен жұмыс жасауды бастайды.


АКТ қолдану дағдылары

Белсенді оқыту тәсілдерін қалыптастыру үшін интерактивті тақтаны пайдалану. Microsoft PowerPoint бағдарламасымен презентация жасау және редакторлық графикамен суреттерін өңдеу кезінде қолданады

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өнер кабинетінде рұқсатсыз бұйымдарды алып, қолдануға, кабинеттің ішінде жүгіруге, кескіш бұйымдармен ойнауға, ноутбуктармен ұқыпсыз, мақсатсыз жұмыс істеуге рұқсат етілмейді

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы
5мин.


Оқушылар алдыңғы сабақта топ болып отырғандай отырады, үстел ойындарын жалғастырады.

Сабақты презентация арқылы түсіндіремін.

Сабақтың бастапқы бөлігінде оқушыларға сұрақтар қоямын.

-Құжаттама деген не?

-Ойынға графикалық құжаттама дайындау дегенді қалай түсінесіз?

-бүгінгі сабақтың тақырыбы: Графикалық құжаттама.

Сабақтың мақсаты өздерің көріп отырғандай қайталанып отыр, сол себептен бізде жұмысымызды одан әрі жалғастырамыз.


Сабақтың презентациясы.

Сабақтың ортасы

10мин

25мин.



- Графикалық және технологиялық құжаттар дайындау кезінде не нәрсеге көңіл аудару керек деп ойлайсыздар? Бағалау критерийі қандай болмақ?

Презентация арқылы көрсету.



  1. Аты, логотипын редакторлық графика арқылы жасау.

  2. Бұл ойын не жайында ойынның қызықтылығы, тартымдылығы және ерекшелігі неде?

  3. Ойынның мінездемесі – ойынның уақыты, ойын неше адамға арналған, (жас ерекшелігі, аудиторияға арналған ойын).

  4. Қандай ойынға ұқсайды, неліктен ол ойын сұранысқа ие болады.

  5. Ойын компонентінің толық құрылымы, элементтердің дизайны және иллюстрацияларының саны.

  6. Ойынның ережесі туралы.

  7. Қысқаша авторы туралы, кімдер оны жасады.... .

1- тапсырма.

Жоғарыдағы сұрақтарды қоя отырып, өздері ойластыратын ойындарын құрады. Шағын топта немесе жұппен жұмыс тапсырамын. Графикалық құжаттаманы Microsoft PowerPoint бағдарламасымен презентация түрінде орындау керектігін айтамын.


Бірші оқушы қандай графикалық тәсілдерімен эксперемент жасайды.

Екінші оқушы үстел ойындарын дайындаудың реттілігі бойынша презентация жасайды.

Үшінші оқушы қандай материалдармен жұмыс жасауды бастайды.


http://igrology.ru/publish_game


Сабақтың соңы
5мин

1. Оқушылар жасаған жұмыстарын қорғайды.Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жасайды:

- нені білесің;

-нені үйрендің;





Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Иа

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Иа Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар



болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет