Алгоритмдер жғне деректер структурасы


Студенттердің өздік жұмыстар жоспары



бет35/40
Дата10.05.2020
өлшемі499,29 Kb.
#66983
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
Алгоритм және деректер құрылымы

4.Студенттердің өздік жұмыстар жоспары

4.1 Студенттің оқытушы басқаруымен орындайтын өздік жұмыстарының құрылымы

СОӨЖ №1. Алгоритм және оның қасиеттері

Сұрақтар:

  1. Алгоритмдерге қойылатын негізгі талаптар?

  2. Алгоритмнің детерминделгендік қасиеті?

  3. Алгоритмнің дискреттілік қасиеті?

  4. Алгоритмнің ортақтық қасиеті?

  5. Алгоритмдер командалардың қандай екі негізгі типінен құрылады?

  6. Алгоритмнің белгілері. Олардың атқаратын қызметі?

  7. Блок-схема деген не? Ол қалай қолданылады?

  8. Деректер деген не?

  9. Деректердің қандай түрлері бар?

  10. Деректердің сипатталуы, программада қолданылуы.

Тапсырмалар:

  1. Компьютерді іске қосу алгоритмін құру

  2. Компьютерді өшіру алгоритмін құру

  3. Компьютерде кино қосу алгоритмін құру

  4. Компьютердегі операциялық жүйе қызметінің алгоритмін құру

  5. Жаңа файл құру алгоритмін құру

  6. Жаңа папка құру алгоритмін құру

  7. Файлды дискетке жазу алгоритмін құру

  8. Файлды қағазға басу алгоритмін құру


СОӨЖ №2 Алгоритм түрлері. Алгоритмді жазу ережелері.

Сұрақтар:



  1. Есептеу алгоритмі деген не?

  2. Формула көмегімен шешілетін есептерге қандай алгоритм құрылады?

  3. Таблица деген не?

  4. Таблицалық әдістің блок схемадан айырмашылығы неде?

  5. Екі санның үлкенін табу алгоритмі қандай алгоритмге жатады?

  6. Ақиқат және жалған мәндерді қабылдайтын айнымалыларды қалай атайды?

  7. Әріптер мен сандардың бірігуінен құралған мән қандай айнымалыға жатады?

  8. Алгоритмнің түрлері -

  9. Құрылған әрекеттер жиыны бірінен кейін бірі тізбектеліп орындалатын болса, қай алгоритмге жатады?

  10. Айнымалының мәніне байланысты 1 немесе бірнеше әрекеттерді таңдап орындау керек болса, қай алгоритмге жатады?

  11. Айнымалының мәніне байланысты бір немесе бірнеше әрекеттерді қайталап орындау керек болса, қай алгоритмге жатады?

  12. Алгоритм геометриялық фигуралармен құрылса қалай аталады?

  13. Алгоритмнің берілу тәсілдері?

  14. Таблицалық әдіс деген не?

  15. Төртбұрыштың ауданын есептеу қандай алгоритмге жатады?

Тапсырмалар:

        1. Тізбекті немесе сызықты структуралы алгоритмге мысалдар келтіру.

        2. Тармақталған алгоритмге мысалдар келтіру.

        3. Циклдік алгоритмге мысалдар келтіру.

        4. Рекурсивті алгоритмге мысалдар келтіру.

        5. N! –ды есептеудің алгоритмін, блок-схемасын құру

        6. xn –н есептеудің алгоритмін, блок-схемасын құру

        7. Бір сан ойла, оған 1500-ді қос, егер шыққан сан 1550-ден артық болса одан 150-ді ал, егер – кем болса, онда 150-ді қос. Сонда қандай сан шықты? Осы есептің алгоритмін жазу.

        8. ax=b теңдеуін шешу алгоритмін құру.

        9. Есептің блок-схемасын құру: Егер Айдын үйде болса, онда кітапханаға барамыз, кері жағдайда Кайратқа телефон соғып, Интернет – кафеге барамыз Егер Қайрат үйінде болмаса, онда сабақ оқуға отыруым керек.

        10. ах3+bx2+cx+d=0 теңдеуін шығару алгоритмін құру.


СОӨЖ №3. Алгоритм ұғымын тереңдету.Тьюринг машинасы

Сұрақтар:



  1. Пост машинасы.

  2. Пост машинасы мен Тьюринг машинасын салыстыру.

  3. Пост машинасын құру әдістері.

  4. Тьюринг машинасын құру әдістері.

  5. Алгоритмнің формальды анықтамасы?

  6. Цикл деген не?

  7. Циклдың қандай түрлері бар?

  8. Таңдау операторы қай уақытта қолданылады?

  9. Таңдау операторының жазылу форматы қандай?

Тапсырмалар:

  1. Бастапқы жағдай: Пост машинасының лентасы бос. Мына программа нәтижесінде лентада қандай өзгерістер болады:

1. V2

2. ->3


3. ->1

  1. Лентада n белгіленген ұяшықта массив берілсін. Каретка шеткі сол жақтағы белгіні көретеді. Берілген массивтің оң жағынан t қашықтықтағы ұяшықта тағы бір белгі тұр. Пост машинасы үшін берілген массивті берілген ұяшыққа жылжыту программасын құрыңыз.

  2. Лентада әр түрлі ұзындықты 2 массив берілген. Каретка массивтің біреуінің шеткі секциясын көрсетіп тұрсын. Пост машинасы үшін массивтің ұзындықтарын салыстырып, ұзынын өшіретін программа құру.


СОӨЖ №4. Пост машинасы алгоритм ұғымын тереңдетуші.

Сұрақтар:



  1. Шама деген не?

  2. Шаманың неше түрі бар?

  3. Айнымалы шама деген не?

  4. Тұрақты шама деген не?

  5. Енетін шама деген не?

  6. Шығатын шама деген не?

  7. Аралық шама деген не?

  8. Литерлік шама деген не?

  9. Сандық шамалардың қандай типтері бар?

  10. Логикалық шама деген не?

  11. Есептеу алгоритмі деген не?

  12. Есептеу алгоритміндегі негізгі объект-

  13. Орындаушы үшін реттеліп жазылған әрекеттер тізбегі қалай аталады?

  14. Алгоритм белгілі бір класқа жататын есептерді шығаратындай құрылса, алгоритмнің қай қасиетін анықтайды?

  15. Алгоритмнің барлық нұсқауларын дәл орындаған жағдайда шектеулі қадамнан соң белгілі бір жауап алынса, қай қасиетті қнағаттандырады?

  16. Алгоритмде мағынасын әрқалай түсінетін нұсқаулар болмаса, қай қасиетті қанағаттандырады?

  17. Алгоритмде орындалатын әрекеттердің бірнеше жеке жеке қадамдар тізбегіне бөлінуі қай қасиетін анықтайды?

  18. Алгоритм адамның бір тілді білетін, оқи алатын қасиеттеріне сүйеніп құрылса, алгоритмнің қай қасиетін анықтайды?

  19. Команда немесе нұсқау деген не?

  20. Математикалық формула көмегімен шығарылатын есептерге құрылған алгоритм қалай аталады?

Тапсырмалар:



  1. Тақ сандар тізбегі берілген. 7-ге еселі сандардан жаңа тізбек құру.

  2. Тақ сандар тізбегі берілген. 5-ке еселі сандары нешеу екенін анықтау.

  3. n саннан тұратын тізбек берілген. 6-ға еселі сандары нешеу екенін анықтау.

  4. қатар қосындысын анықтау.

  5. қатар қосындысын анықтау.

  6. , i<=10 қатар қосындысын есептеу

  7. қосындысын есептеу алгоритмін құру.

  8. қосындысын есептеу алгоритмін құру.


СОӨЖ №5. Массивтер. Бірөлшемді массивтер.

Сұрақтар:



  1. Массив деген не?

  2. Массивтің қандай түрлері бар?

  3. Массивті құрастыру?

  4. Массивтің типтері деген не?

  5. Массив қандай деректерді қабылдайды, қалай сипатталады?

  6. Циклдік операторлардың массивтегі рөлі?

  7. Берілген есеп бойынша деректерді анықтау қалай жүреді?

  8. Математика курсынан функция анықтамасы мен есептелетін функция анықтамасын салыстырыңыз

  9. Программалық орындалуы қиын алгоритмдерге мысалдар келтіріңіз

  10. Алгоритмдер теориясынан болған маңызды жетістіктердің хронологиялық таблицасын жасаңыз. Автордың аты-жөні, өмір сүру датасы белгілі болсын. Әр автордың өмірінің нешінші жылында қай жұмысты жасағанын есептеңіз.

Тапсырмалар:

  1. Өлшемдері бірдей екі вектор берілген. Олардың тақ элементтерінің қосындысын табу алгоритмін құру.

  2. Екі массив берілген. Олардың сәйкес i-ші элементтерінің қосындысын табу.

  3. Екі массив берілген. Олардың сәйкес j-ші элементтерінің көбейтіндісін табу.

  4. Вектордың элементтерін өсуі бойынша реттеу.

  5. Вектордың i –ші және j-ші элементтерінің орындарын ауыстыру.

  6. Вектордың элементтерін кемуі бойынша реттеу.

  7. Вектордың минималды және максималды элементтерін табу.

  8. 30 элементтен тұратын вектор берілген. Жұп және тақ элементтерінен жаңа 2 вектор құру.

  9. Вектордың нөлден өзгеше және нөлге тең элементтерінің санын анықтау

  10. 10 элементтен тұратын вектордың 5-ші элементін өшіру арқылы жаңа вектор құру.


СОӨЖ №6. Алгоритм күрделілігі ұғымы.

Сұрақтар:



        1. Алгоритмнің күрделілігі дегенді қалай түсінесіз?

        2. Уақытша күрделілік деген не?

        3. Теориялық күрделілік деген не?

        4. Күрделілік қалай бағаланады?

        5. Екі өлшемді массив қалай сипатталады?

        6. Екі өлшемді массивтерге циклдық операторлар қалай қолданылады?

Тапсырмалар:



  1. Екі натурал санның цифрларын көбейту алгоритмін құрып, күрделілігін анықтау. 1-ші сан n цифрдан, 2-ші сан m цифрдан тұрсын.

  2. Сызықты күрделілігі бар алгоритмге мысалдар келтіру.

  3. N цифрдан тұратын бір натурал санның цифрларын қосу алгоритмін құрып, күрделілігін анықтау.

  4. Өлшемдері бірдей екі матрица берілген. Олардың диагональды элементтерінің қосындысын табу алгоритмін құру.

  5. Екі массив берілген. Олардың i-ші жолында орналасқан элементтерінің қосындысын табу.

  6. Екі массив берілген. Олардың j-ші бағанында орналасқан элементтерінің қосындысын табу.


СОӨЖ №7. Іздеу алгоритмі

Сұрақтар:



        1. Үлкен көлемді ақпараттан қажетті ақпаратты іздеуді қолданатын мысалдар келтіру.

        2. Интернет желісінде ақпарат іздеудің қандай серверлерін білесіз?

        3. Интернет желісінде іздеу алгоритмін құрастырыңыз.

        4. Интернеттен Аллан Тьюринг, Эмиль Пост туралы ақпаратты іздеу.

        5. Жол деген не?

        6. Жолдар қандай типті деректерден тұрады, қалай сипатталады?

        7. Жолдарға қандай операциялар қолданылады?

        8. Ішкі жол деген не?

        9. Жолдарды қандай проблемаларды шешуге қолдануға болады?

        10. Жолдарды программада қала қолданады?

Тапсырмалар:

  1. Бірнеше жолдан тұратын символдар тізбегі берілген. Оның 3 символдан тұратын кез келген ішкі жолын қиып алып, жаңа жол құрау.

  2. Екі символдық жол берілген. Бір бірімен салыстыру, әр жолдағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың санын анықтау.

  3. Бір жол берілген. Оның ішіндегі түбірлі сөзден жаңа сөз құрау


СОӨЖ №8. Сұрыптау алгоритмі

Сұрақтар:



  1. Сұрыптау деген не?

  2. Сұрыптаудың неше тәсілі бар?

  3. Бір өлшемді массивтерді сұрыптау қалай орындалады?

  4. Екі өлшемді массивтерді сұрыптау қалай орындалады?

  5. Іздеу алгоритмі қалай орындалады?

  6. Жиын деген не?

  7. Жиынды есептерге қолануға болатын жағдайлар№

  8. Жиындарды сипаттау

  9. Жиындарды программалау әдістері

  10. Жиын мен массивтің айырмашылықтары

Тапсырмалар:



  1. Бір өлшемді массив берілген. Жұп элементтерін бірыңғай, тақ элементтерін бірыңғай сұрыптау.

  2. Екі өлшемді массив берілген. Жұп элементтерін бірыңғай, тақ элементтерін бірыңғай сұрыптау.

  3. Екі өлшемді массив берілген. N-ші жолының жұп элементтерін бірыңғай, тақ элементтерін бірыңғай сұрыптау.

  4. Екі өлшемді массив берілген. N-ші бағанының жұп элементтерін бірыңғай, тақ элементтерін бірыңғай сұрыптау.

  5. Екі өлшемді массив берілген. N-ші бағанының элементтерін өсуі бойынша, N-ші жолының элементтерін кемуі бойынша сұрыптау.

  6. Тақ сандар жиыны берілген. 7-ге еселі сандардан жаңа тізбек құру.

  7. Тақ сандар жиыны берілген. 5-ке еселі сандары нешеу екенін анықтау.

  8. n саннан тұратын жиын берілген. 6-ға еселі сандары нешеу екенін анықтау.


СОӨЖ №9. Деректер структурасы

Сұрақтар


  1. Деректер деген не?

  2. Деректердің қандай түрлері бар?

  3. Деректердің сипатталуы, программада қолданылуы.

  4. Структураланған деректер деген не?

  5. Структураланбаған деректер деген не?

  6. Бүтін, нақты типті деректердің қасиетін анықтаңыз.

  7. Литерлік, жолдық шамалардың қасиеттері.

  8. Логикалық деректер деген не?

Тапсырмалар:

  1. Адамдардың логикалық, интеллектуалдық даму деңгейін көрсететін тест құру. Тест тапсырған әрбір адамның даму деңгейінің қортындысы ұпаймен шығарылсын.

  2. Бір топта оқитын студенттердің аты – жөні, адресі берілген. Студенттің фамилиясын енгізгенде оның қай адресте тұратынын шығаратын программа құру.

  3. Бір пәннен білім тексеру үшін тест құру. Оны тапсырушы адамның бағасын анықтау.


СОӨЖ №10. Қосалқы алгоритмдер

Сұрақтар:



  1. Қосалқы алгоритм деген не?

  2. Қосалқы алгоритмнің түрлері

  3. Қосалқы алгоритмдерді шақыру.

  4. Қосалқы алгоритмнің қажеттілігі

Тапсырмалар:

  1. Екі таблицалық шамалар берілген. Элементтер саны тең. Олардың сәйкес элементтерінің айырымдарының минимумдарын табу арқылы жаңа таблицалық шама құру қосалқы алгоритмін құру.

  2. а саны берілген. Егер ол сан оң болса (n!-m!)-ды есептеу, теріс болса (n!*m!)-ды есептеу, нөлге тең болса (n!/m!)-ды есептеу қосалқы алгоритмін құру.

  3. Асық ойнау және сақаны ұту ойынының алгоритмін құру.

  4. Бір сыныпта оқитын оқушылардың есімдері берілген. Есімдері бірдей оқушылардың санын анықтау қосалқы алгоритмін құру.

  5. Таблицалық шама 10 элементтен тұрсын. Мәндері тең элементтерден жаңа таблицалық шама құрау қосалқы алгоритмін құру.

  6. Төбелерінің координаттары А(1,1), В(5,2), С(3,3) және А(2,5), В(4,3), С(6,4) болатын екі үшбұрыш берілген. Герон формуласын қолданбай үшбұрыштардың аудандарын тауып, қайсысының ауданы үлкен екенін анықтау.

  7. Үш үшбұрыштар берілген. Олардың төбелерінің координаттары белгілі болса қабырғаларының ұзындығын және олардың аудандарын тауып, қайсысының ауданы кіші екенін анықтау.


СОӨЖ №11. Деректердің статикалық структурасы

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Суреттегі массив жол бойынша негізгі жадыда қалай жазылады?

    5

    3

    7

    4

    2

    8

    1

    9

    6

  2. Екі өлшемді массивтің I-ші жолы мен j-ші бағанында орналасқан элементін табудың формуласын келтіріңіз. Массив негізгі жадыда баған бойынша жазылсын.

  3. 8 жол 11 бағаннан тұратын екі өлшемді массив жол бойынша 25-ші адрестен бастап негізгі жадыға жазылған. Егер массивтің әрбір элементі жадының 2 ұяшығын алатын болса, 3-ші жол 6-шы бағандағы массив элементінің адресі қандай болады?


СОӨЖ №12. Жартылай статикалық деректер структурасы

Сұрақтар мен тапсырмалар:



  1. Күнделікті өмірде стектер ұғымының кездесуіне мысалдар келтіру.

  2. Негізгі программа А процедурасын, ал А процедурасы В процедурасын, В процедурасы жұмысын аяқтаған соң С процедурасын шақыратын болсын делік. Осы сценарий бойынша адрестерде стектердің деректермен толтырылуын көрсетіңіз.

  3. Стек бос дегенді қалай түсінуге болады, егер жады ұяшықтың үзіліссіз блогында қолданылса?

  4. Қарындаш пен қағазды қолдану арқылы циклдік кезектің қалай көрінетінін жазу. Кезек үшін бөлінген жады блогы тек 4 элементті қабылдайтын болсын. А элементін кірістіру. В элементін кірістіру. С элементін кірістіру. Элементті шығару. Элементті шығару. D элементін кірістіру. Е элементін кірістіру. Элементті шығару. F элементін кірістіру. Элементті шығару.

  5. Тізімнің бос және толтырылғанын қалай анықтауға болады?


СОӨЖ №13. Динамикалық деректер структурасы

Сұрақтар мен тапсырмалар



  1. Егер үзіліссіз тізімнің бірінші элементінің адресі белгілі болса, бесінші элементінің адресін қалай анықтайды. Байланысты тізім болған жағдайда не істеу керек?

  2. Байланысты тізім бос екенін қай шарт көрсетеді?

  3. Байланысты тізіммен белгілі бір элементті тауып, сосын өшіретін процедура құрыңыз


СОӨЖ №14. Сызықты емес деректер структурасы

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Төмендегі ағаш структурасында жапырақтарды және түбірдің діңгегін көрсетіңіз.9-төбеде жатқан ұсақ ағаштарды көрсетіңіз. Ортақ аналогы бар элементтер тобын көрсетіңіз.

  2. Машиналық жадыда байланысты ағаштың бос екенін қай шарт көрсетеді

  3. Төмендегі ағаштың машиналық жадыда орналастыру схемасын сызыңыз:

  4. Келесі элементтерді тізімде іздеу және сақтау бинарлы ағашын салыңыз


СОӨЖ №15. Деректердің файлдық структурасы

Сұрақтар

  1. ОЖ мен СЖ –ң ұғымдарының ерекшеліктері.

  2. FAT таблицалық жүйе деген не?

  3. Файлдық тип деген не?

  4. Файлдарды оқу үшін ашу, жазу үшін ашу қалай орындалады?

  5. Файлдарды анықтау деген не?

Тапсырмалар: Барлық тапсырмаларда файлдарды қолдану ұсынылады.

  1. Қоймада n тауар түрі бар. Әр тауардың мөлшерін, бағасын беру. Қоймада жалпы құны қанша тауар бар? Егер оны екі есе бағасымен сатса қанша табыс келетінін есептеу.

  2. Қоймада n тауар түрі бар. Әр тауардың мөлшерін, бағасын, сатылған тауар мөлшерін беру. Ең көп сатылған тауар түрін анықтау.

  3. Бір топта оқитын студенттердің аты-жөні, 1-ші және 2-ші семестрда қай пәндерден емтихан тапсырғандығы, олардан алған бағалары берілген. Студенттің аты-жөні енгізілгенде оның қай пәннен қандай баға алғандығы туралы ақпарат беретін программа құру.

  4. Күрделі есептеулерге не жатады?

  5. Көпмүшелік деген не?

  6. Көпмүшеліктердің мәнін есептеу үшін қандай операторлар қолданылады?

  7. s=4*6*8*...*20 көбейтіндісін есептеу

  8. 2+22+23+...+210 есептеу

  9. 5+8+11+...+35 қосындысын есептеу

  10. у=2х+х2; х=2, 4, 6, ... , 20 функциясының мәндерін есептеу

  11. у=10х2; х=-2, -1, 8, ..., 2 функциясының мәндерін есептеу

  12. Фиббоначи тізбегін шығару. (тізбектің үшіншісінен бастағандағы әр саны алдыңғы екі санның қосындысы болып табылады, бірінші, екінші саны 1-ге тең. Яғни 1 1 2 3 5 8 13 21 ...)

  13. ех қатарының Тейлор қатарына жіктелуін есептеу

  14. sin(x) яункциясының Тейлор қатарына жіктелуін есептеу

  15. 10х19 өлшемді массив берілген. Оның бірінші жолының тура ортасындағы элементі 1, қалғандары 5, әрбір келесі жолдың элементтері өзінің алдындағы жолдың элементтерінің жартысына тең болсын.

  16. у=10х2+sin(x); х= 8,6, 4, 2 функциясының мәндерін есептеу

4.2 Студенттердің өздік жұмыстарының құрылымы:



СӨЖ №1

Тапсырма нұсқасын есеп кітабының соңғысының алдындағы цифрға сәйкес алу.

А) MS Word –тің графикалық мүмкіндіктерін қолданыңыз.Таблицада кестеленген функцияларды есептеу алгоритімін блок-схема құрыңыз,

Б) Берілген формаларды MS Equation3.0 объектілерінің көмегімен жазыңыз.



В) Блок-схеманың барлық элементтерін біріктіріп, тұтас объект жасаңыз.


Вариант нөмірі

Тапсырмалар

1

, мұндағы , ал ,

2

, мұндағы, ал ,

3

, мұндағы, ал ,

4

, мұндағы , ал ,

5

, мұндағы , ал ,


СӨЖ №2.

Келесі тақырыптардың біреуін қарастыру:



    1. Алгоритм ұғымының қалыптасу тарихы

    2. Математика тарихындағы атақты алгоритмдер

    3. Алгоритмнің негізін қалаушылар-Клини,Черч,Пост,Тюринг

    4. Марковтың қалыпты алгоритмдері

    5. Пост машинасы

    6. Тюринг машинасы

    7. Рекурствті функциялар теориясының негізгі анықтамалары мен теоремалары

    8. Черч тезисі

    9. Фон Нейман принципі мен Тюринг машинасын ұйымдастыру принциптерін салыстыру

    10. Жан-жақты әмбебап орындаушының бар болуының дәлелдемесінің мәдени мәні

    11. Алғашқы ЭЕМ-ді құрастырудың биографиялары

Бұл баяндамалар 10-15 баспа беттен тұратын қағаз жүзінде немесе тұсаукесер түрінде болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет