Алимгазиева Аяулым фн-203


Эконометриканың бизнестегі рөлі



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі23,67 Kb.
#84170
1   2   3   4   5
Байланысты:
Эконометрика
9002, курсовая новая испр 1
Эконометриканың бизнестегі рөлі

Соңғы онжылдықтарда эконометрика ғылыми пән ретінде қарқынды дамып келе жатыр. Эконометрикалық әдістерді қолдану арқылы зерттеулер мен ғылыми жұмыстар саны артуда үстінде. Қазіргі заманғы экономика ғылымының жетістіктері экономистердің жоғары мамандандырылған біліміне жаңа талаптар қоюда. Қазіргі заманғы экономикалық білім үш бөлімнен тұрады: макроэкономика, микроэкономика, эконометрика. Егер де экономиканың орталықтандырылған жоспарлы периодында басты назар зерттеулердің тиімді әдістеріне, кәсіпорындардың және салалардың тиімді моделін құруға аударылса, ал қазір нарықтық экономикаға көшу кезінде эконометрикалық әдістердің рөлі артуда. Осы әдістерді білмей зерттеулер жүргізу, банктық салада, қаржыда немесе бизнесте болжам жасау мүмкін емес. Эконометрика терминін 1926 ж Норвегия ғалымы Р.Фрише енгізген және сөзбе –сөз аударғанда “экометрикалық өлшемдер” деген мағынаны береді. Эконометриканың мақсаты- экономикалық заңдылықтарды эмпирикалық жолмен табу. Осы пән бойынша кітаптардың барлығы орыс тілінде немесе кейде шетел тіліндегі басылымдарды көруге болады. Осыған сәйкес бұл кітаптардағы есептерде статистикалық мәліметтер Ресей немесе басқа шетел экономикаларынан алынған. Мақсатым–осындай түрдегі есептерді Қазақстан Республикасы экономикасының статистикалық мәліметтерін қолдану арқылы құрастыру және шығару жолдарын көрсету. Мысалы, келесі тақырыпты қарастырайық: сызықты жұбтық регрессия. Статистика бойынша агенттік сайттардан келесі мәліметтерді алдым. 2009 ж мәлімет бойынша Қазақстан Республикасының облыстары мен Астана және Алматы қалалары бойынша бір айда орташа есеппен жан басына шаққандағы тұтынуға жұмсалған үй- шаруашылықтарының кірісі және шығысы. Мәліметтер келесі кестедегідей берілсін.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет