Алимгазиева Аяулым фн-203



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі23,67 Kb.
#84170
1   2   3   4   5
Байланысты:
Эконометрика
9002, курсовая новая испр 1
Статистикалық бақылау

Статмстикалық бақылау деп қоғамдық өмір құбылыстары туралы мәліметтер жинау процесін айтамыз .Дегенмен кез келген сандар жинау статистикалық бола алмайды.Статистикалық бақылау деп жоспарлы түрде, ғылыми ұйымдастырылған ,әдетте бір жүйеде қоғам өмірінің құбылыстары мен процестері туралы жиналған мәліметтерді айтады.Мысалы :елімізде халық санағы жүргізгенде әр адам туралы , оның жынысы ,жасы отбасы жағдайы,қызмет бабы т.Б фактылері жазып алынады.


Статистикалық бақылау өте күрделі және жауапты жұмыс.Жинақтауға өндеуге талдауға және тұжырымдауға жататын статистикалық мәліметтер жұмыстың осы сатысында қалыптасады. Сондықтан статистикалық зерттеу жұмысының жетістігі бақылау сапасына байланысты.
Ақиқаттық және мейлінше сенімділік -ғылыми статистикалық бақылаудың негізгі заңы.Статистикалық бақылау жоғарыда аталған ережелерді бұлжытпай орындауға негізделеді.Еңбегін жан-жақты ,алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға көмектеседі. Оның басты және бірінші кезектегі міндеті кунделікті мемлекеттік жоспарды жүргізуге арналған керекті материалдар беру.
Статистикалық бақылау өзінің мақсаты,мазмұны мен әдісі жағынан шет елдердегі бақылаудан өзгеше.Бұл айырмашылық ең алдымен зерттелінетін құбылыстардың әлеуметтік -экономикалық мәнінің әртурлі болуынан туындайды.Бұрынғы статистиканың қызметі-жоспарлы социалистік шаруашылыққа байланысты.Ал шаруашылықты басқару және оған басшылық жасау үшін әрбір объектімен буын туралы жәлме-дәл мәліметтер керек.Бақылаудың мақсаты – бақылауға қойылатын нақты міндеттерді анық,ашық тұжырымдау.Статистикалық бақылау нәтижиесінде жиналған әрбір бірлік жиынтығы тексеруден өткеріліп,түзетулер енгізілгеннен кейін ,ғылыми жүйеде қорытынды жасау үшін сол алыған мәліметтерді өздеріне тән белгілеріне қарай бір жүйеге келтіру керек.
Статистикалық бақылау деп қоғамдық құбылыстар туралы мәліметтерді жоспарлы және ғылыми ұйымдастырылған түрде жинауды айтады.
Кез-келген статистикалық зерттеу деректерді есепке алу және бастапқы мәліметтерді жинаудан басталады. Жиналған материал статистикалық бақылаудың мақсатына, мазмұнына, сол сияқты мәліметтерді жинау тәсіліне байланысты сан алуан болуы мүмкін. Алайда бастапқы материал қалай жиналғанына, деректер қалай есепке алынғанына қарамастан, статистикалық бақылау жиналған мәліметтер бойынша зерттеліп отырған құбылыс жайында дұрыс қорытынды жасайтындай деңгейде ұйымдастырылуы қажет.
Статистикалық бақылау жұмыстарын мынадай 3 кезеңге бӛледі:
 статистикалық бақылаудың дайындық жұмыстары;
 қажетті материалды (бастапқы мәліметтерді) жинау;
 жиналған материалды ӛңдемес бұрын тексеру.
Статистикалық бақылаудың дайындық жұмыстарына бақылаудың мақсатын, міндеттерін анықтау, бақылау бағдарламасын әзірлеу, бақылауды жүргізуді ұйымдастыру жұмыстары жатады. Статистикалық бақылау – күрделі әрі жауапты жұмыс, ӛйткені статистикалық зерттеу жұмыстарының сапасы бақылаудың қалай ұйымдастырылғанына тікелей байланысты болады. Сондықтан статистикалық бақылауды ұйымдастыру жұмыстарына кӛп кӛңіл бӛлінеді. Мұндай жұмыстар бақылау объектісін, бақылау бірлігін анықтау, бақылаудың орнын, уақытын белгілеу, бақылау жүргізетін ұйымдарды анықтау, мамандарды іріктеу, оларды оқыту, кеңес беру, бақылау формулярын кӛбейту, оларды тарату сияқты әрекеттерді қамтиды.
Зерттелетін объектіні дұрыс сипаттау үшін бақылау жүргізетін уақытты белгілеудің маңызы зор. Статистикада бақылау уақытын екі түрге бӛледі:
 объективті уақыт;
 субъективті уақыт.
Бақылаудың объективті уақыты деп бақылау мәліметтеріне қатысты уақытты айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет