Қалиолла Ардақ, 2Шарыпқазы Нүртәліп



бет6/10
Дата10.10.2020
өлшемі209,07 Kb.
#64417
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Негізгі бөлім
Сауыт-сүйек жазуы аса бір кездейсоқ жағдайда табылған олжа болды. 1899 жылы Чиң патшалығының соңғы дәуірінде жасаған император академиясының көне жазбаларды зерттеуші ғалымы Уаң Ироң дизентарияға шалдығып дәрігерге көрінеді. Дәрігердің берген рецепіндегі «айдаһар сүйегі» деген дәрі оның назарына ерекше ілігеді. Ол дәуірде «айдаһар сүйегі» деп аталатыын бұл дәрі өте арзан дәрі түріне жататын, көне дәуірден қалған тасбақа сауыттары мен малдың жаурын сүйектерінің бұлайша дәрі-дәрмектер қатарында дәріханадан орын алғанын ешкім де елеп-ескермейтін. Уаң Ироң рецептегі дәрілерді дәріханадан сатып алып үйіне келгеннен кейін ондағы «айдаһар сүйегі» деп аталатын дәрінің сыртына беймәлім көне жазу жазылғанын байқап, бұл тосын жағдай оның қызығушылығын оятадыы. Ол дәріханаға барып жазуы бар сүйектердің барлығын сатып алады. Көп өтпей ол 1500 тал сүйек жинайды. Уаң Ироң зерттей келе «айдаһар сүйектерінің» бетіне жазылған жазудың Шаң дәуіріндегі жазу екенін алғашқы қадамда анықтайды (Niè Guìlán., 2007,54). Шаң династиясы дәуіріндегі «сауыт-сүек» мәдениетінің табылуы мен зерттелу тарихы осылай басталады. Міне осы уақиғаға байланысты Уаң Ироң кейін келе «Сауыт-сүйек жазуының атасы» аталып кетеді. «Сауыт-сүйек жазуының» табылуына байланысты Шаң мәдениеті атты жоғалған көне мәдениет өзінің нағыз келбетін қайта көрсете бастады.

Бұған дейін Шаң династиясының 500 жылдық тарихы туралы бұрын «Тарихи жазбалар» атты кітаптың «Ин шежіресі» деп аталатын тарауы басты дерек көзі ретінде пайдаланатын(Sīmǎ Qiān). «Ин шежіресі» атты бұл дәптердің жалпы көлемі 2800 иероглиф шамасында ғана болатын. Сондықтан,тарих ғылымы саласының өзінде оған дүдамал көзқараспен қарайтын болған. Кейбір адамдар ол кітапті тек ғана Шаң дәуірінің соңғы мезгіліндегі тарихы ретінде қарастыратын. Сондықтан, бұл өзі өте бір қызық тақырып болатын. Тарих дегеніміз ойдан ойлап шығаратын нәрсе емес, ол нақтылы құжаттарды негіз етеді. «Сауыт-сүйек жазбалары» табылғаннан кейін ғалымдар Шаң дәуірі сірә қандай қоғам болғанына зерттеу жасай бастады (Wáng Guówéi.,178).

Сүйек жазуының табылуы қытай мәдениет тарихындағы аса үлкен олжаболды, бірақ, барлық іс бірден сәтті болған жоқ. 1900 жылы «Сегіз мемлекеттің бірлескен армиясы» Бейжіңді басып алды, бұл қорлыққа шыдай алмаған Уаң Ироң өзіне қол жұмсап, өз жанын отанының құрбаны етіп шалды. Сөйтіп, оның сауыт-сүйек жазуына қатысты зерттеулері тоқтап қалды. Мың жылдықтар қойнауында қалған таңғажайып патшалық қайтадан сырбаздық таныта бастады. Бақытқа жарай Уаң Ироңның жан досы Лю Э деген адам да сауыт-сүйек жазбаларының маңызын жете танитын еді. Сол кісі Уаң Ироңнан қалған сауыт-сүйек жазбаларын өз қамқорлығына алады әрі жазбаларды жалғасты жинастырады. Ол үш жылдан кейін «Те юн саң гүй» атты еңбегін баспадан шығарады (Liú È., 1903,266).

Лю Э еңбегінде 1058 тасбақа сауыты мен малдың жаурын сүйегінежазылған жазу туралы арнаулы мәлімет берген, сөйтіп, ол сүйек жазбалары туралы алғашқы еңбек болды. Шығарманың жарық көруі сүйек жазбалары мен Шаң патшалығы өркениетін зерттеуге түрткі болып, әлем ғалымдарының қызығушылығын тудырыып, сүйек жазбаларын жинаудышетелдік ғалымдар да қолға ала бастайды. Алғашқылардың қатарында Еуропа мен Америкалық миссионерлер ат салысты. Олар өздері жинаған сауыт-сүйек жазбаларын АҚШ-дағы Принстон университетіне, Питтсбург қаласының Карнеги мұражайына, Лондондағы Ұлы Британ мұражайына сатып отырды. Артынша Жапония, АҚШ, Ұлы Британиялықтар арасында сүйек жазбаларды жинау мен зерттеу науқаны басталады. Айтулы науқан кезінде жазу жазылған «айдаһар сүйектері» базарлардағы ең керемет затқа айналып, бағасы аспандап тұрды. Саудагерлер қауымы өз пайдалары үшін сауыт-сүйек жазбаларынң алатын «кенішті» барынша құпия сақтап отырды. Нәтижеде көпшілік адамдар сүйек жазбаларын қайдан алатынын біле алмады.

1908 жылы әйгілі сауыт-сүйек жазбаларын зерттеуші Ло Жынюй зерттеу жүргізу арқылы «айдаһар сүйегінің» кенішінің орны – Ин күйрендісінде екенін тұрақтандырған. Бұл жер Шаң патшалығының ең соңғы астанасы болған. Орны қазіргі Хынан өлкесі Аняң қаласынан батыс солтүстікке қарай бес шақырым жердегі Шяудунсун қыстағында болатын. Сол кездегі базарларда сатылатын «айдаһар сүйектерінің» барлығы дерлік осы ауылдан алынып отырған. Ин қирандысын анықтаудың өзі өте маңызды информация болды. Бастабында Ло Жынюй өз адамдарын жіберіп сатып алып отырады. Арада бірнеше жыл өткенде оның сауыт-сүйек жазбаларының саны неше он мыңға жетеді. Ло Жынюй бұл кезде Ин қирандсындағы сауыт-сүйек жазбалары таусылған болар деп жүрген-ді. Бірақ,ол өзі Аняңға келген кезде ауыл тұрғындарының бәрі жазуы бар сүйектерді сақтап отырғанын өз көзімен көреді әрі сүйек жазбалары «кеншіне» барады. Шаң дәуірі туралы нағыз археология міне сол күннен басталады (Luō Zhènyù., 2006,321).

1928 жылдың қазан айында Орталық ғылыми зерттеу академиясының тіл білімі институты тарапынан келген сүйек жазбаларын зерттеуші ғалым Доң Зобиң бастаған экспедициялық топ Хынан өлкесі Аняң қаласындағы шағын ауылға келіп, археологиялық зерттеу жұмысын қолға алады(Dǒng Zuòbīn., 1996,154).

Доң Зобиң археологиялық экспедицияға басшылық етіп бірінші реткі қазба жұмыстарын атқару кезінде 854 тал сүйек пен және басқа да көптеген заттарды табады. Бұл олжа бүкіл әлемдік тарих ғылымын дүр сілкіндірген уақиға болады. Осыдан кейін онда аса ауқымды археологиялық зерттеулер жасала бастайды. 1928-1937 жылдары аралығында Ин күйрендісінде 15 үлкен экспедициялық зерттеу жұмыстары атқарылған. Аталған зерттеулер нәтижесінде жалпы жиыны 24918 тал жазу жазылған сауыт-сүйек және қола, керамика, қас тасы, тас бұйымдар табылады әрі Шаң патшалығының соңғы дәуіріне жататын патша сарайы мен патшалық қабырстан табылды. Аталған жұмысқа аса көп ғалымдар ат салысады, олардың қатарында Сун Июан, Ло Жыңюй, Уаң Гоуей, Е Юйсың, Уаң Шяң, Го Моро, Шаң Чыңзо, Роң Гың қатарлы беделді ғалымдар болады. Жоңгоның сауыт-сүйек жазбалары мен Шаң патшалығы өркениетін зерттеуші алғашқы ғалымдар зерттеуі нәтижесінде таң ғажайыптарға толы Шаң өркениеті адамдарға мәлім бола бастайды.

Ин күйрендісінің табылуы жазбалардың тасбақа сауыты мен сүйектерге ғана емес экспоненттердің барлығына, соның ішінде қола бұйымдар, керамикалар, құрлыс заттары сияқтыларға да жазылғанын көрсетіп берді. Бұл дүниелердің көбі көне молалардан табылды.

ХІХ ғасырдың соңында алғашқы сүйек жазбалары табылғаннан қазірге дейін жалпы саны 150 мың тал жазу жазылған сүйектер мен сауыттар табылды. Олардың қатарындағы әріптердің саны 4500 иероглиф, сол иероглифтердің қазірге дейін оқылғандары 1200 иероглиф. Одан басқа тағы бірнеше жүз иероглифті формасына қарап мәнісін түсінуге болады.

Белгілі болғанындай аталған сүйек жазубаларының барлығына ортақ ерекшелігі олардың мазмұны дерліктей «тәңірге» қатысты діни наным-сенімдерден туған діни ғұрыптармен қатысты болған. Себебі ол кезде мемлекеттің келелі істерінің барлығы бақсы бәлгерлікпен қатысты іске асатын болған. Шаң патшасы діни ғұрыптарды мемлекеттің ең келелі ісі ретінде қараған, сонымен бірге патшаның өзі елдегі нөмірі бірінші «бақсы» немесе «абыз» болған. Шаң дәуірі тұтастай алғанда діни дүниелер үстемдік еткен қоғам болған әрі онда барлық іске бақсылық бәлгерлік жолмен болжам жасалып отырған.

Сауыт-сүйек жазбалары дегеніміздәл осы мақсатта тасбақа сауыттары мен мал жаурындарына жазылған жазбалар болды. Онда Шаң бақсы-бәлгерлері мен абыздары немесе патшаның өзі болжаған түрлі балгерлік болжамдардың мазмұндары жазылған. Соған байланысты жазбалар «сауыт-сүйек жазуба болжамдары» деп те аталады. Мұндай бақсылық болжамдар жасауға негізінен сиырдың жаурын сүйегі мен тасбақа сауыттары пайдаланылған. Бәлгерлікті бастаудан бұрын бәлгер жаурын мен тасбақа сауыттарын мәнерлеп, онан кейін арнаулы саймандарды пайдалана отырып, оның бір жерінен тесік тесетін болған, бал ашқан кезде әлгі тесіктің тұсын отқа қақтап күйдірген. Осы тұста жаурынның немесе тасбақа сауытының екінші беті шытынап, алуан түрлі сызаттар түскен. Бақсы немесепатша әне сол сызықтарға қарай отырып алдағы жерде қандай бір жақсылық немесе жамандық болатынын болжаған. Осының барлығы аяқталғаннан кейін аталған бәлгерлік шараның уақытын, қандай іске қатысты бал ашылғанын, бәлгерліктің қорытынды жауабын, тағы басқа мазмұндарды жауырынның немесе сауыттың сыртқы бетіне жазып қойған(Chén Mèngjiā., 1988,146).

Ғалымдардың сүйек жазуларын оқу жолындағы ізденістері мен жетістіктері сауыт-сүйек жазуларындағы бал ашуға қатысты жазбалар мазмұны Шаң патшалығының қоғамы мен өркениет тарихын зерттеуге жол ашып отыр. Себебі, ол жазбаларының қатысты мазмұндары діни мазмұндарға толы боғанмен, бірақ оған ішкерілей зерттеу кезінде ондағы мазмұндар құдайға арнап ас беру, аң аулау, егін егу, астрономия, жорыққа аттану, патшалықтың саяси істері сияқты Шаң елі тарихының көптеген мазмұны жазылғанына куә болған. Бұдан тыс онда кісі есімдері, туыстық атаулар, жер аты, көрші елдердің атын білдіретін иероглифтер болған. Осы тұрғыдан айтқанда ол Шаң патшалығы энциклопедиясы спетті болған. Сүйек жазбаларының табылуы Шаң өркениетін анықтаумен бірге көне жазудың қайнар көзін ашып, көптеген ақтаңдақтардың орнын толтыра алды.


Жазу – өркениеттің бірден бір символы болып табылады. Жазудың жарыққа шығуы адамзатты надандықтан құтқарды. Шаң патшалығының бізге жеткен«сүйек жазуы»қазірге дейін белгілі болған ең байырғы жазудың бірі болып отыр. Сонымен бірге ол әлемлегі төрт байырғы жазудың ішінде тасбақа сауыты мен сүйекке жазылған бірден бір жазу жүйесі саналады. Сауыт-сүйек жазуы қазіргі қытай иероглифінің арғы тегі саналады. Ғалымдар қытай иероглифі қазірге дейінгі даму тарихын: сауыт-сүек жазуы, жинуын, жуануын, лишу, кайшу қатарлы даму басқыштарын басып өткен деп қарайды. Соған қарамастан қытайдың төрт бұрышты иероглифтері өзінің бастапқы грамматикалық ерекшеліктерін күні бүгінге дейін толық сақтап келген жазу екені дәлелденуде.

Сауыт-сүйек жазуы табылғаннан қазірге дейін осы жазудың сырын ашу ғалымдар үшін басты міндетке айналып келеді.Аталған жазудың пайда болуы үлкен бір барысты бастан кешкені байқалады.Қазіргі кезде белгілі болған сауыт-сүйек жазуы Шаң патшалығының соңғы дәуірінің туындысы ретінде қаралады. Себебі аталған жазу жүйелі жазу ретінде айтылған сөздің мән-мағнасын толық жазып қалдыра алған. Міне бұл дамып белгілі бір жүйеге түскен жазудың қасиеті болып саналады.





Каталог: edu.history -> media -> upload -> 2186 -> 2019
2019 -> Әож 94 (574) жаһанша досмұхамедов – алаш қОЗҒалысының Өршіл қайраткері түйін Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры»
2019 -> Әож 94 (574) ахмет бірімжанов – алаш интеллигенциясының КӨрнекті өкілі түйін Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
2019 -> Уалтаева А. С., т.ғ. к. Отар Ә. Н., 2-курс магистранты Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ӘӨЖ: 94(574)(092)
2019 -> Садықов Тілеген Садықұлы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Тарих факультетінің профессоры, т.ғ. д
2019 -> Б. С. Боранбаева
2019 -> Қали айнұр1, СӘкенұлы қайрат2, айдаралиева әсел
2019 -> Маулит. Б. 1, Шәріпқазы Н. 2 1
2019 -> Омарова Г.Ә., ғылыми қызметкер, Алматы қ., Қазақстан. ӘОж 4(574). 084. Алжир қасіреті: азап шеккен аналар естелігінде
2019 -> Г. Р. Мухтарова1 1Орталық мемлекеттік кино-фото құжаттар және дыбысжазба архиві Алматы, Қазақстан
2019 -> Берекет Бақытжанұлы Кәрібаев ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет