Қалыптастырушы бағалау «Қазақ әдебиеті»



бет7/7
Дата24.11.2023
өлшемі43,36 Kb.
#193298
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
ҚБ 8-сынып әдебиет
Шығу тарихы
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________


Дескриптор Білім алушы


16


Тақырыбы Б.Момышұлы «Ұшқан ұя»


Оқу мақсаты 8.3.2.1 Шығармадағы материалдық және рухани
құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру


Бағалау критерийі Білім алушы

• Шығармадағы материалдық және рухани


құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады

• Шығарманың жаңашылдығына баға береді




Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі


Тапсырма
Шығарма үзінділеріндегі көріністерді талдаңыз. Заманауи тұрғыда салыстыру жасаңыз.









Шығарма үзіндісі

Салыстырмалы талдау

Біздің апаларымыз алма, алқоры алғаннан




гөрі, сол құрғыр айна, тарақ, ине-жіп алғанды




пайда көреді. Тек әкем Момыш қана бала




құмарлығын түсінетін еді. Әке-шешесі ақша




бермей, бұртиып тұрған балалардың бәрін қаз-




қатар тізіп қояды да бақалшыға:




-

Әй, сарт, өрігіңнен бір қадақ, мейізіңнен




бір қадақ, мәмпәсиіңнен бір қадақ тарт, -




дейді. Соның бәрін тепе-тең бәрімізге бөліп




береді.







Менің кәрі апам Қызтумас маған ертекті




көп айтатын, әлди әнді көп айтатын. Арада




неше заман өтті! Қызтумас апамның сүйегі




әлдеқашан қурап кетті, ал әлди ән айтқан үні




әлі құлағымда.







Әкем маған ата-тегіміздің аты-жөнін




үйретуші еді.







- Кімнің баласысың? – деп сұрайтын ол.




-

Мен Момыштың ұлымын.




-

Момыш кімнің баласы?




- Момыш – Имаштың баласы.




Осылай жеті атаға дейін жетелеп отырып




санататын. Сонан соң менің жеті атаға дейінгі




білімімді тексеретін. Ел танудың басы ең




алдымен осылай басталатынын ол кезде кім




білген.










Дескриптор

Білім алушы




  • шығарма үзінділеріндегі көріністерді талдайды;

  • заманауи тұрғыда салыстыру жасайды;

  • материалдық, рухани құндылықтарға баға береді.

17

Тақырыбы Д.Исабеков « Әпке» драмасы


Оқу мақсаты 8.2.4.1 Шығармадан алған үзінділерді қайта
өңдеп креативті жазу


Бағалау критерийі Білім алушы

• Шығармадан алған үзінділерді өз


шығармашылығы арқылы қайта өңдеп
жазады


Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма
Берілген үзіндіні өңдеп, өзге жанрда (өлең, әңгіме, диалог, т.б.) жазыңыз. Креативтілікті ескеріңіз.


Қамажай: Сен де біледі екенсің ғой оны. Тасбауыр. Қатыгез, қара жүректер! (Оны да шапалақпен тартып жібереді).
Тимур: Кама, жинал. Тезірек жинал!
Қамажай: (селт етіп, есін жиып, көзінің жасын сүртеді): Теміржан... Теміржан-ау, «жинал» дегенің не сөз? Жиналғаны несі?
Тимур: Кетеміз. Бұдан әрі бұл үйде тұра берудің жөні жоқ.
Қамажай: Теміржан, көкешім. Үйден безіп қайда барасыңдар? Құлыным, садағаң кетейін, кешір, кешір менің бір қателігімді. Сендерге көтерген қолым неге сынып қалмайды. Кәмила, сен де кешір жаным. Ашумен байқамай...
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________


Дескриптор Білім алушы



  • үзіндіні қайта өңдейді;

  • шығармашылығын танытады;

  • креативті жазады.

18


Тақырыбы

Д.Исабеков « Әпке» драмасы

Оқу мақсаты

8.3.1.1 Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы




тектес басқа шығармалар мен салыстырып,




тарихи және көркемдік құндылығын бағалау

Бағалау критерийі

Білім алушы




• Шығарманың тақырыбы мен идеясын басқа




шығармалармен салыстырады




• Шығарманың тарихи және көркемдік




құндылығын бағалайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

  1. Д. Исабековтің «Әпке» драмасының тақырыбы, көтерген мәселесі бойынша тарихи және көркемдік құндылығына баға беріңіз.

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________

  1. Берілген екі шығарманың ерекшелігі мен айырмашылығын салыстырыңыз.




Д. Исабековтің «Әпке» драмасы

Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі















Дескриптор Білім алушы



  • шығармалардың өзіндік ерекшелігі мен айырмашылығын анықтайды;

  • екі шығарманы салыстыра талдайды;

  • шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға береді.



19


Тақырыбы М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы


Оқу мақсаты 8.2.3.1Шығармадағы көркемдегіш құралдардың
(психологиялық параллелизм, перифраз,
сатира, ирония, гротеск, эллипсис)
қолданысын талдай отырып, автор стилін
анықтау


Бағалау критерийі Білім алушы

• Шығармадағы көркемдегіш құралдардың


(психологиялық параллелизм, перифраз,
сатира, ирония, гротеск, эллипсис)
қолданысын талдайды
• Автор стилін анықтайды


Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану


Тапсырма

  1. Берілген үзіндіде қандай көркемдегіш құралдар қолданылғанын табыңыз.




Шығармадан үзінді

Көркемдегіш құралдар

«Сүйінші бер дегендей бір толықсып,




Сыбырлайтын Жетімкөл Алатауға»




«Қасқа таң. Бұлбұл үні. Көл бетінде,




Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле»




«Құс аппақ, айдын аппақ, нұр да аппақ»




Аққулар... Аққу мойын, сүмбе қанат,




Алаңсыз тарануда күнге қарап...




Ақ төсек – аппақ айдын, аққу – бала,




Жаралы аққу секілді жаттың ба ана?..







  1. Көркемдегіш құралдардың қолданысын талдап, ақын стилін анықтаңыз.

________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________


Дескриптор Білім алушы



  • көркемдегіш құралдарды ажыратады;

  • көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды;

  • ақын стилін анықтайды.

20


Тақырыбы М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы


Оқу мақсаты 8.2.1.1 Композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен
тұтасқа қарай талдау


Бағалау критерийі Білім алушы

• Композицияны тұтастан бөлшеккке, бөлшектен


тұтасқа қарай талдайды


Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма

  1. Жылқышы қарт пен ананың диалогі бойынша ой қорытындысын жасаңыз.

    • Ей! Кімсің? Тірісің бе? Жаның бар ма?

Аққуды неге атасың, арың бар ма?! – деген жылқышы қарттың сөзінде қандай мән бар?



  1. Ақын шығарма желісіне тәуіп шалды неліктен енгізген? Сіз қалай ойлайсыз?

Дескриптор Білім алушы



  • шығарма бөлшектерін талдайды;

  • ой қорытындысын жасайды;

  • ойын тиімді жеткізеді.

21


4-тоқсан бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Бөлім «Қиял мен шындық»


Тақырыбы Т.Ахтанов «Күй аңызы» әңгімесі


Оқу мақсаты 8.1.2.1 Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық
мүдде тұрғысынан ашу


Бағалау критерийі Білім алушы

• Әдеби шығарманың идеясы мен пафосының ұлттық


ерекшелігін көрсетеді


Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі
Тапсырма

  1. Ойыңызды жеткізіңіз.

«Қарағым Оразымбет, маған ергеніңе жыл болып калды. Құлағың сақ, қолың жүйрік жігітсің. Түбі, жақсы күйші сен боларсың . Бірақ күйімді үлгі етсең де, менің өмірімді үлгі етпе!» деген Естеміс сөзінен нені аңғаруға болады?



  1. Шығарманы ұлттық мүдде тұрғысынан ашуға тырысыңыз.

«Күйшінің саусағы домбыраның сағағына таман келіп, безек қағып , күй аз бұлқынып, жоғары өрледі де, суырылып барып асқақтап жүре берді». Жазушы күй туралы, күйші туралы неге осыншама тебіреніп жазды?


Дескриптор Білім алушы



  • шығарма идеясын анықтайды;

  • ұлттық мүдде тырғысынан ашып жазады;

  • ойын жеткізеді.

22


Тақырыбы Ж.Сахиев «Айдағы жасырынбақ»


Оқу мақсаты 8.2.2.1 Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-
қатынасының тілдік көрінісін талдау


Бағалау критерийі Білім алушы

• Тілдік көріністі автор бейнесі мен


кейіпкерлер қарым-қатынасы тұрғысынан
талдайды


Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма

  1. Үзінді арқылы кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы тілдік көріністі жұбыңызбен бірге талдаңыз.

– Бұл күлкі емес, - деді әкем терезеден тіршіліксіз Ай табиғатына қарап отырып,-көлеңкенің қоюлығы Айдағы атмосфераның жоқтығынан. Айдың атмосферасы мен гидросферасы болған. Мұнда да бір заманда тіршілік қайнап жатқан. Мәдени дамудың жоғары шегіне жеткен Айдың саналы тіршілік иелері атмосфераны ластаған, оның ыдырауына әкеліп соқтырған. Озондық ойықтың ұлғаю нәтижесінде Күн радиациясының электр магниттік ағымы ғаламшар бетіндегі тіршілікті жойып жіберген...
Бір кезде Сартай:
- Енді мұнда жасырынбақ ойнамайықшы, – деді.
- Жарайды, енді ойнамаймыз, – дедім мен де қостап, – онан да ана көрініп тұрған жеріміздегі атмосферамыздың, гидросфера мен биосферамыздың тазалығын ойлайықшы.
- Табиғаттың болашақ тазалығы сендердің қолдарыңда, – деді сол кезде көкем Сартай екеуміздің сөзімізді тыңдап болып, – достарыңа да түсіндіріңдер мұны.



  1. Берілген үзіндіде автор бейнесі қалай көрінді? Шығармада көтерілген мәселе, тілдік қолданыс, кейіпкерлердің ішкі сезімі, оқиға көріністері арқылы анықтап, талдаңыз.

Дескриптор Білім алушы



  • кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы тілдік көріністі ажыратады;

  • автор бейнесін талдайды;

  • өзіндік көзқарасын жеткізеді.

23


Тақырыбы Ж.Сахиев. «Дабыл» фантастикалық әңгіме


Оқу мақсаты 8.2.3.1 Шығармадағы көркемдегіш құралдардың
(психологиялық параллелизм, перифраз,
сатира, ирония, гротеск, эллипсис)
қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау


Бағалау критерийі Білім алушы



  • Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис)

қолданысын талдайды



  • Автор стилін анықтайды



Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Тапсырма

  1. Берілген үзіндіден автор стилін анықтаңыз.

Ғарыштан келіп, Жер атмосферасына іліккен созылыңқы тамшы пішінді үлкен тас таңсәрідегі шырт ұйқыда жатқан ауыл үстінен ысқыра ағып өтіп, тау аңғарын жанай ұшып, жолындағысын күйдіріп-сыдырып барып қара жерге жантая қадалды...


...Түтін сейілгенде, алдындағы таңба жазулардан зым-зия жоғалып, орнына басқасының пайда болғанын көрді. «Қорықпаңыз , бері шығыңыз», - деп жазылыпты онда. Төлен оны оқып болған соң , иекке қарай бұрыла бергенде, үш денелі адамның қарсы алдында қаз-қатар тұрғанын бір-ақ байқады. Сасқанынан сәл кейін шегініп барып, сабыр сақтап, тоқтады да, бет-жүздерін, дене-мүсіндерін көзімен тез шолып өтті.





  1. Үзіндідегі асты сызылған сөздерге перифраз жасап, қайта жазыңыз.

Дескриптор Білім алушы



  • автор стилін анықтайды;

  • шығарма үзіндісіндегі сөздерге перифраз жасайды.

24


Тақырыбы Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне»


Оқу мақсаты 8.3.2.1 Шығармадағы материалдық және рухани
құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру


Бағалау критерийі Білім алушы

• Шығармадағы материалдық және рухани


құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады

  • Шығарма жаңашылдығына баға береді



Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Тапсырма
Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» әңгімесінің жаңашылдығы неде? Әңгіменің өзіндік ерекшелігі туралы талдап, бағалаңыз.
Дескриптор Білім алушы



  • әңгіменің өзіндік ерекшелігін анықтайды;

  • әңгіменің жаңашылдығына баға береді.


25


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет