Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі



бет11/32
Дата12.02.2022
өлшемі404,51 Kb.
#131588
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
Байланысты:
2-osh fo aza-tl t1 6-syn.docx
Notes 200418 180720 cef, Баскетбол тарихы, Қазақстан тарихы, Дүниежүзілік тәртіп
Бағалау критерийі Білім алушы

Мәтіннен негізгі, қосымша, детальді


ақпараттарды анықтайды


Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану


Тапсырма

  1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Берілген тапсырмаларды орындаңыз.



Александрия маягі
Фарос аралының шығысындағы Египеттің эллиндік орталығы Александрия қаласының маңында орналасқан . Қала атын әлемге танытқан Фарос маягі біздің заманымыздың III ғасырында салынды. Тұтастай мәрмәр тастан қашалған, асқан шеберлікпен қаланған маяктің биіктігі – 150 метр. Сол заманда бұдан биік құрылыс жоқ еді. Бүкіл грек әлеміндегі мұндай үлкен көлемдегі құрылыстың авторы – Книдтен шыққан Сострат. Мәрмәрдан соғылған құрылыстың бір қабырғасына ол: «Книдтен шыққан Дексифананың ұлы Сострат, бұл құрылысты теңізшілерді құтқарушы құдайларға арнадым», – деп ойып жазған. Оның үстіне саз балшықтың жұқа қабатымен патша Птоломей Состердің жорық жырынан үзінді келтірген. Уақыт өте келе сылағы түсіп қалған соң, ұлы инженердің аты белгілі болады. Маяк құрылысын салу кезінде Александрия ғалымдары ойлап тапқан құрылғылар пайдаланылған. 120 метрлік үш қабатты мұнараның төменгі қабаты төрт қырдан тұрады. Бұл төртеуі төрт бағытқа – батысқа, шығысқа, солтүстікке және оңтүстікке қараған. Екінші қабаттың сегіз қыры сегіз жақтан соққан жел бағытына ыңғайластырылған. Үшінші қабатта биіктігі жеті метр Посейдон мүсіні мен күмбез арасын жалғаған шырақ тұр. Металл айналардың күрделі жүйесі шамның шырағын ұлғайтып, жарқырата түседі. Бұл теңіз кеңістігін бақылауға мүмкіндік берді. Бұл ғажайып құрылыс ХIV ғасырға дейін сақталып келген.



  1. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды ажыратыңыз.




Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

1. 1.

2. 2.

3. 3.



  1. Сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды анықтап, түсіндіріңіз.

    • Фарос қайда орналасқан?______________________

    • Маяк қашан салынды? _____________________

    • Маяктың биіктігі қанша? ________________________

    • Авторы кім? ______________



Дескриптор Білім алушы






  • қосымша ақпараттарды ажыратады;




  • сұрақтарға жауап беріп, детальді ақпараттарды түсіндіреді.

11

2-тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет