Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті


Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану Тапсырма



бет11/20
Дата11.03.2020
өлшемі2,72 Mb.
#59886
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
Қалып баға 6 сынып




Тапсырма


Мәтінді түсініп оқып, ондағы етістіктерді шақ түрлеріне қарай жіктеп жазыңыз.
Соңғы жылдары қалада мәдени-ағарту мекемелері желісі едәуір көбейді. 3 театр, 23 кітапхана, 5 мұражай, 1 клуб мекемесі, 2 кинотеатр, мемлекеттік филармония,

2 оқушылар сарайы, 3 балалар музыка мектебі, өнер мектебі, көркемөнер мектебі жұмыс істейді.

Халықты спортпен және дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту мақсатында өткен кезеңде жаңа спорт кешендері ашылды және балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне (БЖСМ) күрделі жөндеу жүргізілді. Халыққа қызмет көрсетуге 25 спорт-сауықтыру кешендері іске қосылды.

2001-2005 жылдар кезеңінде бұқаралық ақпарат құралдарының (БАҚ) саны 78-ден 169-ға дейін (77 газет, 82 журнал, 7 телерадиокомпания, 3 ақпараттық агенттік) өсті. Олардың ішінде 25 БАҚ ағылшын, неміс, украин, татар тілдерінде шығады. Сонымен бірге мемлекеттік емес БАҚ-тар үлесін арттыру үдерісі байқалып отыр, бұл қазіргі уақытта 66 %-ды құрайды.





Ауыспалы осы шақ

Жедел өткен шақ

Ауыспалы келер шақ



























Ауыспалы келер шақ формасын қолданып, мәтінді жұбыңызға ауызша мазмұндаңыз.



Дескриптор Білім алушы

-мәтіндегі етістіктерді анықтайды;



  • етістіктерді шағына қарай кестеге жіктеп жазады;

  • мәтін мазмұнын ауыспалы келер шақта баяндайды.

Бөлім «Қазақстан қорықтары»





Оқу мақсаты




6.4.2.1 - эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу

Бағалау критерийі




Білім алушы

  • Тақырыпқа сай құрылымын сақтап, эссе жазады

Ойлау дағдыларының деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма

«Биоалуантүрлілікті сақтауда қорықтардың маңызы қандай?» деген тақырыпта құрылымын сақтап, эссе жазыңыз.




Дескриптор


Білім алушы




  • кіріспе бөлімде кілт сөзге анықтама береді;

  • негізгі бөлімде еліміздегі қорықтар, олардың флорасы мен фаунасын сақтаудағы рөлі туралы жазады;

  • қорытынды бөлімде қорықтардың санын арттыруға қатысты ұсыныс береді.

Оқу мақсаты

6.1.4.1 - әңгіме, хикаялардың және шағын поэзиялық

шығармалардың мазмұнын талдай отырып, кейіпкерлерге сипаттама жасау



Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтін мазмұнына байланысты кейіпкерлердің іс-әрекетін сипаттайды

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.


Қарлығаш қарағанда өзге құсқа, Барынша жұмысына тым-ақ ұста. Балшықтан бөбегіне бесік жасап, Өзгеге өрнегімен болған нұсқа.
Ұясы дөп-дөңгелек тостағандай,

Тап-таза, кіршік қиқым қоспағандай. Бөленіп ақ бесікке алты бала, Ұйқыдан әлі көзін ашпағандай.


Ақ үрпек балапандар аузын ашқан, Өмірге күндей өсіп қадам басқан. Ас беріп ата-анасы асырайды, Мәпелеп балапанын бала жастан.
Тоғайдан, ойдан, қырдан жем іздейді, Жүрекке жем іздеумен ем іздейді.

Шырқырап құс та болса баласы үшін, Шөлдедім, қарным ашты дегізбейді.


Мекендер сол араны шұбар жылан, Қашаннан құс жанына құмар жылан. Иісін балапанның біліп, сезіп, Келеді жемек болып сусап бұған.
Қарлығаш ата-анасы екі жұбай,

Жем іздеп жерді кезген тынбай ұдай. Жем алып ұясына ұшып келсе, Таянып қалған екен жылан сұмырай!


Жыланды қарлығаштың көрді көзі, Мынауың қиянат дер бар ма сөзі?! Аймалап балапанын қанатымен, Айбат қып сұм жыланға көрді өзі.

  1. Мәтіндегі ақпараттардың ретін көрсетіңіз.




Жыланға қарлығаш қарсылық көрсетеді.




Балапандарына тамақ тасып асырайды.




Сұр жылан ұяға жақындап қалған.




Саздан балапандарына ұя жасайды.







  1. Мәтіндегі кейіпкерлердің бірін таңдап, мінездеме беріңіз. Мінездемеге сай мәтіннен дәлел келтіріңіз.




Кейіпкер

Мінездеме

Мәтіннен дәлел

Қарлығаш







Жылан









Дескриптор Білім алушы

  • өлеңдегі оқиғалардың ретін санмен белгілейді;

  • өлең мазмұнындағы екі кейіпкердің біріне таңдау жасайды;

  • таңдаған кейіпкерге 2 мінездеме береді;

  • мінездемеге мәтіннен дәлел тауып жазады.
    1. тоқсанға арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмалары Бөлім «Болашақ мамандықтары»



Оқу мақсаты 6.3.1.1 Мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру
Бағалау критерийі Білім алушы

      • Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтап, өмірмен байланыстырады

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Тапсырма


  1. Мәтінді түсініп оқып, мамандықтар мен олардың қызметін сәйкестендіріңіз.

«Fast Future» британдық агенттіктің футурологтері 2030 жылы сұранысқа ие болып, кең жайылатын мамандықтардың тізімін болжады. Сонымен біраз жылдан кейін заманауи инженерлер мен сату бойынша менеджерлердің орнына мынандай маман иелері қажет болады.

Наномедицина қызметкері – адам денесінің мүшелерін қайта жасайтын маман. Ғылым жетістіктері этикасының маманы. Бұл кісі адамдарды клондау, өлілерді тірілту сынды адам өмірі мен өлімінің этикасына қатысты мәселелерді шешу керек. Ғалымдардың ойлауынша, ол уақытқа дейін өмір мен өлім адам қолында болады екен.

Ғарыш туризм мамандары: ұшқыштар, бортинженерлер мен гидтер. Дамыған технология ғарышқа саяхаттауға мүмкіндік беріп, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. Жер болашақта үлкен құндылыққа айналып, жерді үнемдеу өмірдің кез келген саласында байқалады. Өндіріс пен шаруашылық көп жерді алмас үшін, «тігінен тұратын фермалар мен өндіріс орындары» көбейеді. Осы салада жұмыс істей алатын мамандардың қажеттілігі де артады.

Климат өзгерісі бойынша маман болашақта ең жиі кездесетін мамандықтардың қатарында болады.

Қарт кісілердің денсаулығын күтуші маман тек үлкен кісілерге медициналық көмек көрсететін болады.

Адамның табиғи есін жақсартып, «жадысын» көбейтетін арнайы хирург пайда болады.

Мамандық

Сәйкестендіру бағаны

Қызметі

1.Наномедицина қызметкері




А. Тек кәрі адамдарға ғана

дәрігерлік көмек көрсетеді.



2. Ғарыш туризм мамандары




В. Аспан әлеміне саяхат

жасауды ұйымдастырады.



3.Қарт кісілерді күтуші




С. Адамның ақыл-есін

қалпына келтіретін маман.



4.Хирург




Д. Адам ағзасын жасайды.


  1. Мәтіннен 1 негізгі, 1 қосымша ақпаратты анықтаңыз.




Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат







Дескриптор Білім алушы

  • мәтін мазмұны бойынша мамандық пен олардың қызметін сәйкестендіреді;

  • мәтіннен 1 негізгі ақпаратты анықтайды;

  • мәтіннен 1 қосымша ақпаратты анықтайды.

Оқу мақсаты

6.2.2.1 - тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу

Бағалау критерийі

Білім алушы

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Берілген суреттердің бірін таңдап, таңдалған мамандық туралы жұбыңызбен диалогке түсіңіз.





Дескриптор



Білім алушы




  • суреттегі мамандық бойынша жұбына 3 сұрақ қояды;

  • жұбының сұрағына толық жауап береді;

  • диалог мазмұнында сөйлеу этикеті формаларын қолданады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет