Алкиндер!



Дата08.02.2022
өлшемі2,7 Mb.
#123189
түріҚұрамы
Байланысты:
Бастар Бақберген

Алкиндер!

Дайындаған:Бастар Бақберген

Тобы:1507-29

Мазмұны.

  • 1.Алкиндер
  • 2.Алкиндердің құрылысы.
  • 3.Алкиндердің атаулары мен изомерлері.
  • 4. Алкиндердің алынуы.

Қанықпаған көмірсутектердің тағы бір түрімен танысайық. Олар құрамында үш еселі байланысы бар көмірсутектер — алкиндер.

Алкиндер — құрамында, бір үш еселі байланысы бар жалпы формуласы СnН2n-2 болатын қанықпаған көмірсутектер.

Жалпы формуласы арқылы алкиндердің сәйкес алкендерден де қанықпағандығы басым екенін байқауға болады. Бұған көз жеткізу үшін көміртек сандары бірдей көмірсутектердегі сутектерді салыстырайық:

С2Н6 этан, С2Н4 этен, С2Н2 этин.

Құрамында үш байланысы бар ең қарапайым көмірсутек — этин (ацетилен) С2Н2. Бірінші мүшесі ацетиленнен С2Н2 басталатындықтан, алкиндер ацетилен көмірсутектері деп те аталады.

  • Құрамында үш байланысы бар ең қарапайым көмірсутек — этин (ацетилен) С2Н2. Бірінші мүшесі ацетиленнен С2Н2 басталатындықтан, алкиндер ацетилен көмірсутектері деп те аталады.

Алкиндердің құрылысы.

  • Ацетилен молекуласындағы әр көміртек атомы бір сутек атомымен байланысады және өзара үш еселі байланыс арқылы жалғасады.
  • 1.Гибриттенуі sp
  • 2.Воленттілік бұрышы
  • 3.Көміртек арасындағы ұзындық 0,120 нм
  • 4.Молекулалық моделі сызықтық
  •  

Алкиндердің атаулары мен изомерлері.

  • Алкиндердің аталуы алкендердің аталуына ұксас. Халықаралық номенклатура бойынша алкиндерді атағанда, алкандардың -ан жұрнағын -ин жұрнағына алмастырады. Үш байланыс негізгі тізбекке кіруі керек. Көміртектерді еселі байланыс жакын орналасқан шеттен бастап нөмірлейді. Молекулада қос және үш байланыстар болса, немірлегенде қос байланыс шешуші рөл атқарады.
  • Алкиндерге де алкендер тәрізді көміртек қаңқасына, еселі байланыс орнына сәйкес изомерлер тән. Сонымен қатар алкиндердің де көмірсутектердің басқа кластарынан изомері болады. Алкиндер мен жалпы формулалары бірдей (СnН2n-2) алкадиендер арасында класаралық изомерлер бар.

Алкиндердің алынуы.

  • 1. Өнеркәсіпте ацетиленді көп кездесетін химиялық шикізат — табиғи газдан алады. Метанды пиролиздесе (жоғары температурада қыздырса), ол көміртек пен сутекке айырылатынын білесіңдер. Реакцияны жүргізу жағдайына байланысты метанды айырғанда, ацетилен аралық өнім ретінде түзіледі:
  • 2СН4 → С2Н2 + ЗН2

  • Егер түзілген ацетиленді реакция жүретін ортадан тез алып кетіп салқындатпаса, ол әрі қарай көміртек пен сутекке айырылып кетеді.

2. Алкиндерді сәйкес алкандарды дегидрлеп алуға болады. Мысалы, этанды 1200°С-қа дейін қыздырғанда, ацетилен мен сутекке айырылады:

  • 2. Алкиндерді сәйкес алкандарды дегидрлеп алуға болады. Мысалы, этанды 1200°С-қа дейін қыздырғанда, ацетилен мен сутекке айырылады:
  • С2Н6 → С2Н2 + 2Н2

  • 3. Лабораторияда және күнделікті тұрмыста ацетиленді кальций карбидін сумен әрекеттестіріп алады. Ал кальций карбидін электрпеште сөндірілмеген әк пен коксті жоғары температурада (2000°С) әрекеттестіру арқылы алады:
  • СаО + ЗС → СаС2 + CO

    СаС2 + 2Н2О → Са(ОН)2 + С2Н2

Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет