Аллаһтың айы – мухаррам



Дата21.12.2023
өлшемі21,02 Kb.
#198228
Байланысты:
Аллаһтың айы Мухаррам
Сату стратегиясы, Бизнес план каз (копия) 3, Бизнес план каз (копия) 2, срсп ұлттық руханият 12, синтаксис срсп 9 Сагинтаева, SIWT 3c6s Мамандандырылған ағылш тілі 2

Аллаһтың айы – мухаррам
Аллаһтың айы – мухаррам, ол һижра күнтізбесі бойынша жылдың ең алғашқы айы.
Әрі ол Аллаһ Тағала өз Кітабында:
إِنَّ عِدَّةَ الشُّهُورِ عِنْدَ اللَّهِ اثْنَا عَشَرَ شَهْرًا فِي كِتَابِ اللَّهِ يَوْمَ خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالأرْضَ مِنْهَا أَرْبَعَةٌ حُرُمٌ
«Расында, Аллаһтың алдында Ол көктер мен жерді жаратқалы бері Аллаһтың Кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардан төртеуі құрметті айлар», - деп атап айтқан төрт қасиетті айлардың бірі болып табылады.
Әрі Пайғамбарымыз (с.а.с.) баяндағандай, олар: зул-қағда, зул-хижжә, мухаррам және рожәб айлары.
Әрі осы айдың ұлы мәртебесіне Пайғамбарымыздың (с.а.с.) оны құрметтеп және ұлықтап Аллаһтың атына қосып, «Аллаһтың айы мухаррам» деп атағаны да нұсқайды.
Абу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісінің (с.а.с.): «Рамазаннан кейінгі ең жақсы ораза – бұл мухаррам айындағы ораза, ал парыз намаздарынан кейінгі ең жақсы намаз – бұл түнгі намаз», - дегені жеткізіледі.
Әрі бұл айда, басқа да құрметті айлардағыдай, зұлымдық жасауға қатаң тыйым салынғандығы бекітілген. Өйткені Аллаһ Тағала былай деді:
فَلا تَظْلِمُوا فِيهِنَّ أَنْفُسَكُمْ
«Ендеше бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер».
Тіпті зұлымдық басқа айларда да тыйым салынған болса да. Өйткені Ибн Аббас (Аллаһ оған разы болсын) «Ендеше бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер» деген сөздердің тәпсірінде: «Яғни айлардың барлығында; содан соң Аллаһ осылардың арасынан төртеуін ерекшелеп, оларды құрметті етті әрі олардың құрметтілігін ұлықтады, және оларда жасалатын күнәларды басқа кезге қарағанда ауырлау әрі игі істерді де ұлырақ етті», - деген.
Мухаррам айында ораза ұстау - қосымша сауапты амалдардың ең жақсыларынан.
Әрі ол рамазаннан кейін ұсталатын оразалардың ең жақсысы.
Хадисте Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Парыз намаздарынан кейін қай намаздар ең абзал, әрі Рамазан айынан кейін қай ораза ең абзал?» - деп сұрақ қойылғанда, ол (с.а.с.): «Парыз намаздарынан кейінгі ең абзал намаз ол түннің ең қараңғы бөлігінде орындалатын намаз, ал Рамазаннан кейінгі ең жақсы ораза – ол Аллаһтың айы мухаррамдағы ораза», - деп жауап бергені айтылады.
Дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы
«Сунна» институты

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет