Алмалы ауданы, Inter-Lingua лицейі


КІРІСПЕ Тақырыптың өзектілігі



бет6/11
Дата11.12.2021
өлшемі2,91 Mb.
#99411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Алтын Орда дәуіріндегі қалалық мәдениет (XIII-XVI ғ.)

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Алтын Орданың алғашқы хандары ел басқарған кезде (Бату мен Берке хан тұсында) оларға берілген құқықтар шектеулі болды. Яғни, басқа да көптеген моңғол ұлыстары секілді Жошы ұлысы да империя орталығы Қарақорымнан басқарылды. Бұл кезеңде Алтын Орда хандарының басқа елдермен келіссөз жүргізуге, елшілер қабылдауға құқығы болмады. Ұлыс ханын сайлау құқығы да тек Ұлы ханның құзырына жататын. Беркеден кейін Ал басқаруы кезінде (1266 - 1282) Алтын Орда іс жүзінде тәуелсіз болды, ол заңды түрде бекітілді, Оған Мөңке Темірдің атымен өрнектелген теңгелердің шығуы дәлел.

Мөңке Темір өкіметі Берке хан қолға алған жаңа қалалар құрылысын жүргізу саясатын әрі қарай жалғастырды. Қалалар тез бой көтерді: Олар Днестр бойындағы Ақкерман (Белгород - Днестровский), Орданың батыс жақ шетінде орналасқан, Дунай сағасындағы – Килия, Днепрдің сол жағалауындағы Тавань; Қырым; Бақшасарай маңындағы – Қырық – Ер; қазіргі Феодосия – кафа; қазіргі Судак – Солдай; қазіргі Азов аумағындағы Азак; Жайықтың оң жағасындағы – Сарайшық; Ертіс бойындағы, қазіргі Тобыл маңындағы – Искер және т.б. қалалар еді. Алтын Орданың астанасы – Сарайға ұдайы көңіл бөлініп отырды. Ол алғашқыда Бату сарайы, кейінірек Берке сарайы деп аталды. Мөңке Темір билігінің соңғы ширегі кезінде Сарай тек Алтын Ордадағы ғана емес, сондай – ақ, ортағасырлық Еуропадағы ірі қалалардың бірі саналды. Мәселен, XIII ғасырда Римде – 35 мың, XIV ғасырда – Парижде 58 мың, ал Сарайда XIV ғасырдың басында 100 мың тұрғын қоныстанып, тіршілік етті. [1] Сондықтан өз кезінде аты жаһанға мәлім болған бұл тарихи ескерткіштердің зерттеу жас ұрпақтың міндеті. Осы тұрғыда біз қарастырып отырған тақырыптың өзектілігі еш күмән тудырмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет