Алмалы ауданы, Inter-Lingua лицейі



бет10/11
Дата11.12.2021
өлшемі2,91 Mb.
#99411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Алтын Орда дәуіріндегі қалалық мәдениет (XIII-XVI ғ.)

«Шакафни» немесе Шаған

Археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқан қала туралы жазбаша деректерді табу үшін алдымен XIV-XV ғасырларға тиісті картографиялық материалдарды қарағанымыз абзал. Алтын Орда мемлекті туралы мағлұмат беретін 1367 жылы ағайынды итальяндық көпестер Франциско және Доменико Пицигани жасаған карта біздің ескерткішімізге қатысты бағалы ақпарат береді. Бұл деректе «Лаэтидің» (Еділ мен Жайық ортасында, Каспий жағасында орналасқан қала) шығысында жазумен тағы бір шаhар көрсетілген. Ол жерден солтүстікке қарай екінші мекен орнынының мұнарасында жалауы желбіреген бекініс-қамал белгіленген. Өкінішке орай, оның атауы жазылмаған. Суреттегі мұнара көлемінің үлкендігі мен үстіндегі желбіреген жалау бұл орынның ірі саяси-экономикалық орталық болғанына дәлел болады. Картадағы бірінші карта сөзсіз Сарайшық, ал одан солтүстікке қарай орналасқан екінші атаусыз қаланы Жайық қалашығымен салыстыруға болады. Себебі қазіргі Орал мен Атырау қалаларының арасында Сарайшықтан басқа ірі ескерткіш әлі табылмады, ал біздің Жайық қалашығы дәл осы орталықта жайласқан. Екіншіден, Жайық қалашығы аумағынан бірнеше құрылыс материалдарын өндіретін нысаналар табылды, егер қала құрылысына құрылыс материалдары қажет болмаса, мұндай нысаналар салынбас еді. Бұл – экономика заңы. Сондай-ақ 1562 жылы ағылшын капитаны Антони Дженкинсон Мәскеуден Үргеніш қаласына дейін сауда мақсатында сапарға шықан. Кейін оның өзі жүріп өткен жерлерін түсірген картасында Сарайшықтан жоғарыдан Жайық өзенінің оң жағында кішкене белгімен Шакафни (Shakafni) атымен қала берілген. Бұл деректегі атау біздің ескерткішімізге тиесілі деген болжам жасауға болады. Ал Дженкинсон жер аттарын жергілікті тұрғындардан жазып алған. Бұл жерде аудармашының қателігі немесе транскрипциясында қала тауы бұрмаланып берілген болуы ықтимал. Бұл мәселені болашақта тарихшылар мен лингвистер шешеді деген сенімдеміз. «Шакафни» жергілікті халық арасында сол кезде Шаған деп аталуы мүмкін. Тағы бір назар аударарлық жайт: Жайық өзенінің бір тармағы әлі күнге дейін Шаған (Чаган) деп аталады. [6]

Архелогиялық зерттеулер барысында қалада ХІІІ ғасырдағы моншаның орны, талай сырды ішіне бүккен құмыралар, металл бұйымдары мен көгілдір керамика, әшекейленген тақтатас қалдықтары, әр түрлі әйнек моншақтар мен екі мыс ақша табылды. Бұл ақшаның бірінде жазу іздері сақталған. Онда «Сарайда соғылған. 737» деген жазу бар. Яғни 737 хижра жылы (біздіңше 1336-1337жылдар) [6].

Осы қазба, зерттеу жұмыстарының басында болған Батыс Қазақстан облыстық архелогия орталығының директоры, тарих ғылымының докторы М.Сыдықов өз зерттеулерінде бұл табылған заттардың көбінің Жайық бойына Ұлы Жібек жолы арқылы жеткізілу мүмкіндігіне тоқталып, Жайық қалашығындағыдай кірпіш күйдіру пеші Еділ мен Жайық бойындағы Алтын Орда қалаларына Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстаннан әкелінсе керек деген қорытындыға келіп отыр. Өйткені Алтын Орда дәуірінде мұндай пештер Хорезмде, ежелгі Отырар және Күйріктөбе қалашығында белгілі болған.

Еділ бойы қалалары мен Жайық қалашығы үйлерінің жоспарын техникалық әдістерін салыстыра келгенде, Жайық өзені бойындағы құрылыс мәдениетіне Хорезм мен Сырдария дәстүрі көбірек әсер еткенін байқау қиын емес. Жайық қалашығындағы тұрғын үйлер пішіні ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы Үргеніш,Отырар, Түркістан үйлерімен сәйкес келеді. Міне, мұның өзіЖайық қалашығының орнында бұрын да өркениетті қалашық болғанын дәлелдейтін нақты деректер.

Музей қорындағы ежелгі қала орнынан табылған заттар: тас кірпіштер, шығыр құмыралар сияқты құнды жәдігерлер де мұның айғағы десе де болғандай. Бұл заттарды зерделей келе, ғалымдар шартты түрде «Жайық қалашығы» деп аталатын көне қорымда орта ғасырларда шамаман 2,5-3 мың адам өмір сүргенін айтып отыр. Қала Алтын Орда мемлекетінің тұсында әкімшілік және сауда орталығы болған. Қалада монша, базар және некрополь салынған. Әсіресе, керемет кесене болғаны анықталып отыр. Ол өзінің сәулеті жөнінен Ұлытау аймағындағы аты әйгілі Жошы ханның кесенесіне ұқсас болса керек.

Алтын Орда құлағаннан кейін Жайық қалашығының да қуаты кеми бастаған. Күшті мемлекет жоғалған соң, қала үстінен өтетін керуендер де сиреген.

Ғалымдардың пікірінше ортағасырлық қаланың құрып кетуінің дәл себебін тап басып айту қиын. Оған тұтқиылдан жасалған шабуыл да, су тасқыны да, елді кеңінен жайлаған індеттің де кесірінің тиюі әбден мүмкін.

Жайық жағасына салынып, Мәскеу мемлекеті мен Орта Азия хандықтары арасындағы аса маңызды керуен жолының бойында орналасқан бұл қала халық арасында Теке деген атаумен де белгілі болған. Академик Т.З. Рысбеков «Орал қаласының пайда болу жөніндегі пікірі» деген еңбегінде қаланың тарихи атауы Жайық екендігіне тоқтала келе былай деп жазған: «Жайық жағасындағы қаланың шығу тарихын қозғай отырып, қазақтар оны Теке (шын мәнінде Текке) деп атағанын еске сала кетуге болады…Текке түрік тілінде мешіт, діни орын деген мағынаны білдіреді. Текке қаласы қазақтардың (жалпы, түркі тілдес тайпалардың) үлкен діни орнына айналған орталығы болды деген тұжырым айтуға болады»[7].

Қазақтың кең байтақ даласында жергілікті тұрғындар бұрын-соңды көшпелі өмір сүрген, қалалық отырықшылық өмір салты болмаған деп айтылып келген болатын. Уақыт өте келе бұл тұжырым негізсіз болып қалды. Қазба жұмыстары, көптеген көрнекті ғалымдар еңбектері нәтижесінде ортағасырлар кезіңде Қазақстан көлемінде керемет архитектуралық құрылыс нышандары сарайлары, мешіттері, кесенелері бар көптеген гүлденген қалалардың болғандығы дәлелденіп, қазіргі таңда егемендігімізді алғалы бері бұл жұмыстар өз жалғасын табуда.

Уақыт өте көне шаһарлар жөнідегі мәліметтер сақталмаған. Кейбір қалалардың атауы ел аузындағы ауыз әңгімелерде ғана кездеседі. Көбінің атауы тіптен белгісіз. Қазіргі уақытта тек олардың бағзы заманнан сыр шертер орындары қалған. Осындай ата-бабамыздан қалған тарихымыздың сан құпияларын бауырына басып жатқан көне шаһарларды зерттеу жұмыстары бабалар тарихы мен мәдениетінің терең қойнауын ақтарып, өткенімізді танып білуге мүмкіндік береді. Қазақстан аумағындағы көне қалаларды зерттеу нәтижесінде дархан даламызда көшпелі өмірмен қатар отырықшы өмір салты үйлесім тапқаны анықталды.

Жайық қалашығының аумағы шамамен 7-9 га жерді алып жатыр. Қазба жұмыстары кезінде қалашықта тұрғын үйлер табылды. Ғалымдар зерттеу барысында Еділ бойындағы қалалар мен Жайық қалашығының үй құрылыстарының жобасы мен салу тәсілдерін салыстыра келіп, Жайық бойындағы құрылыс мәдениетіне, Хорезм мен Сырдария үй салу дәстүрлерінің әсері басым болғанын анықтады.

Үй-жайларды былайша суреттеуге болады. Үйлердің адамдар тұруға арналған бөлігі өз алдына бөлек құрылыс түрінде, жобасына қарай екі бірдей бөлмеден тұрады, бөлмелер бір-бірінен қабырғалармен бөлінген. Шығу есігі-солтүстік қабырғада орналасқан. Орталық қабырғаны бойлай орналасқан есіктер арқылы тұрғын бөлмелерге өтуге болады. Тұрғын бөлмелердің айналасында қосымша шағын бөлмелер орналасқан, олар заттар қоятын бөлмелер, қоймалар болғаны айқын. Мекен-жайдың ауқымды ауласы және аула ішінде шаруашылыққа арналған жайлар орналасқан [7].

Қалашықта жүргізілген жұмыстар нәтежиесінде ХІҮ ғасырдың алғашқы жартысында соғылған теңгелер, керамикалық бұйымдар мен басқа да заттарға алдын-ала жасалған сараптама негізінде осы жерде ХІІІ-ХІҮ ғасырлардың аяғында Алтын Орда кезеңіндегі ірі қала болғаны анықталды.

Қалашық жан-жағынан табиғи қорғаныстар сай-жыралар, өзен жағалауы, Меловая тауының маңындағы Жайық өзенінен өтуге болатын Төменгі Меловая және Жоғарғы Меловая қайраңдары бар. Осындай жерде қалашықтың болуы орынды , себебі осы жермен Ұлы Жібек жолының бір тармағы өтетін [7]

Жайық қалашығына жүргізілген қазба жұмыстары негізінде табылыған шығырлы құмырлар сынықтары, цилиндр пішінді су құбырларының сынықтары, қыш құмыралар сынықтары, геометриялық өрнектермен өрнектелген төртбұрышты ақшыл-көк түсті Үлкен кесене орнынан табылған тақташалар, өсімдік тектес өрнектермен өрнектелген ақшыл-көк түсті Үлкен кесене орнынан табылған тақташалар, кірпіштер сынды асыл жәдігерлер сақталудаЖайық қалашығының табылуы, біздің өлкемізде Х ғасырдан бастап қала мәдениетінің пайда болғандығын дәлелдейді. Сондықтан да, аталған тарихи ескерткіштің құндылығы сонда, біздің аймақта Яицк қалашығынан да көне қала болғандығының тікелей дәлелі

Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының мамандары бірнеше жылдан бері қазба жұмыстарын жүргізіп келе жатқан. Жайық қалашығы құпиясын бірте-бірте ашып келеді. Көне қала аумағы оңтүстік және оңтүстік-шығыстан Жайық өзенінің терраса бауырайымен шектессе, ал басқа жағынан табиғи жыралар қоршап тұр. Аумақтан қандай да бір антропогендік қоршау іздері табылмады. Археологиялық нысан іздері байқалатын аумақ көлемі қазіргі таңда 7-8 гектарды құрайды. Археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде қалашық аумағында бірнеше тұрғынжай, қоғамдық және шаруашылық нысандары анықталды. Қазір бізге белгілі нысандар : кірпіш және әктас күйдіретін пештер, қала моншасы, тұрғын үй-жайы және қалашық бетіндегі кесенелер [7]

2013 жылы дала маусымында қалашық қорымы орналасқан Желтаудың үстінде №1 қазба орны жасалды. Бұл орын негізгі ескерткіштер шоғырланған қалашықтан 2 км қашықтықта орналасқан. Алдыңғы жылдары осы жерде бірнеше жерлеу орны қалдықтары зерттелген еді. Жаңа қазба орны “Үлкен кесене” ескерткішінен солтүстік – шығыс бағытта, 300 м қашықтықта орналасқан 2013 жылға дейін бұл жер егіс алқабы ретінде пайдаланылған. Қазба жұмысы басталар алдында алқапқа биіктігі 0,5 – 0,7м болатын, сырт көзге білінер-білінбес екі төбешік болды. Бұл жерде алқап оңтүстікке қарай еңісті болып келеді. Аумақта күйген кірпіштің, қождың (шлак) қалдығы көптеп кездеседі. Әр жерде қыш құмыра сынықтары шашылған.

Қазба жұмыстарынан бұрын нысанның диамерті – 15 м, биіктігі – 0,5м топырақ үйіндісі болды. Жердің жоғарғы қабаты алынған соң, дөңгелек пішіндегі құрылыстың сұлбасы (контур) көріне бастады. Ескерткіш ортасында камерасы (қабір орны) бар дөңгелек пішінді жерлеу құрылысы екендігі белгілі болды.Ескерткіштің сақталған қабырғасының қалыңдығы 2,20 – 2,25 м болды. Архитектуралық тұрғыдан кесене қабырғасы күйдірілген және қам кірпіштердің ортасына қож және кесек тастарды салып, аралас тәсілмен тіктеген [7]

Қазба жұмысы кезінде ескерткіш қабырғасы кірпіш қалауының ең төменгі қатары сақталғандығы белгілі болды, ал бүтін кірпіш мүлдем сақталмаған, олардың тек сынықтары кездеседі. Күйдірілген кірпіштен соң, қам кірпіштен қаланған қатар кетеді. Қам кірпіштің пішіні тік бұрышты болып, көлемі 15х30х6, 17х32х6, 18х33х7 см ал қам кірпіштің аралығы қож сынықтарымен толықтырылған. Жер тегістігінің жоғарғы қабатын алғаннан кейін құрылыстың ортасында жерлеу камерасының сұлбасы анық көріне бастады. Құрылыстың оңтүстік – батыс бөлігінде сыртқы қабырғаның бұзылған орнының іздері байқалады. Қабырғаның осы жерінде тонаушылық кіру орны болғаны ықтимал. Сыртқы қабырғадан солтүстікке 40 см аралықта, — 132 см нүктесінде адамның бас сүйегі табылды. Айналасында басқа сүйек кездеспейді, сірә, кесенені тонау кезінде сүйек орнынан алынып, басқа жерге лақтырып тасталған болуы мүмкін. Бас сүйек бүйірленіп жатыр, желке жағында кірпіштің екі сынығы табылды. Сүйек тігістерінің өсуіне байланысты, жерленген ересек адам болғандығын болжамдаймыз. Құрылыс қабырғаларынан батысқа қарай 3,20 метр балшық аралас күйдірілген кірпіштер үйіндісі орналасқан. Балшық ақшыл сары түсті болып, материктен шұғыл айырылып тұр. Үйіндінің көлемі 2,80х2,20 м. Бұл орынды тазалау кезінде үйіндінің төменгі жағында жасанды шұқыр болғандығы белгілі болды. Бұндай терең емес шұқыр алдын ала қандай да бір құрылыс тіктеу үшін жасалған болуы мүмкін деген болжамға итермелейді. Дәл осындай үйінді құрылыстың шығыс бөлігінде, қабырғадан 3,60 метр аралықта табылды. Бұл үйіндінің көлемі 3,40х2,80 метр. Өкінішке орай,қазіргі танда бұл үйінділер ненің қалдығы екендігін нақты айту мүмкін емес. Бәлкім, ескерткіш бұзылмас бұрын ортасында дөнгелек пішінді кесене болып, шығыс пен батыс сызығында екі мұнаралы құрылыс болған болуы мүмкін [7].

Ескерткіштің оңтүстік бөлімінде қам кірпіштен қаланған, кесенеге жапсыра салынған құрылыс қалдығы жайласқан. Құрылыстың көлемі 15х30,17х35 см.Жапсырма құрылыс кесененің алдына ішке кіруге ынғайлы болу үшін салынған пандус болуы мүмкін Бұндай болжамға бір деңгейде құлаған қабырға үйінділері де дәлел болып тұр. Кесененің жерлеу камерасы оңтүстік шығыс секторындағы тонаушылық шұқыры кесірінен бұзылған. Жерлеу камерасын тазалау кезінде ішінен күйдірілген және қам кірпіш сынықтары шықты. Камера жоспарда дөңгелек болып келген,диаметрі 5,10 метр. Қазба кезінде камера ортасында 70 см тереңдікте адам сүйектері табылды. Сүйектер шашыраңқы күйде, анатомиялық емес жағдайда жатты. Жерлеу шұңқырының түбі қазіргі тегістіктен 125 см тереңдікте орналасқан. Жерлеу камерасын тазалау кезінде екі адамның бас сүйегі,басқа да сүйектері табылды.Сүйектер қабір ішінде бей-берекет шашылған. Кесенеден оңтүстік бағытқа қарай 3,50 см аралықта терең емес 5 таяз шұңқыр табылды.Шұңқырлардың тереңдігі 40-52 см,ал диаметрі 45-75 см,тазалау кезінде ішінен еш нәрсе табылмады.

Бүгінге дейін Батыс Қазақстан өлкесі көшпелі шаруашылық аумағы болып есептелгендіктен,аталмыш ашылымның мәнін бағалау қиын.Бұл ашылым осы аумақтағы қалалардың қазіргі Орал қаласы құрылғанға дейін біраз уақыт бұрын болғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Енді Оралдың пайда болған кезін 1613 жыл емес, XIV ғасыр деп есептеген жөн.Бұл маңызды ашылымның өңір аумағындағы бірқатар тарихи үрдістерді түсіну үшін тарихымызға жаңаша үңілуге жетелейді [7]

Ежелгі қалашықтың бірі 2001 жылы Батыс Қазақстан облысының Орал қаласынан 12 шақырым жерде табылған «Жайық қалшығы». Батыс өлкенің отырықшы қалалық мәдениеті осы уақытқа дейін жеткілікті зерттелген емес. Сол себепті көпшілік бұл өлкеде тек қана мал өсіруді кәсіп қылған көшпелі тайпалармен байланыстырып келген болатын [7].

Жайық қаласын зерттеу барысында ғалымдар осы арада көне қаланың болғандығы жөнінде тарихи деректер іздестірді. Осы мақсатта ХІҮ-ХҮ ғасырлардың картографиялық материалдары қарастырылды.

Алтын Орданының мейлінше толық картасы-1367 жылы итальядық ағайынды көпестер Франциско және Доменико Пициганилер құрастырған карта. Онда «Лайетиден шығысқа қарай» (Лайети-Еділ мен Жайық аралығындағы Каспий жағалауында орналасқан қала) деген жазумен бір қала белгіленген. Одан солтүстікке қарай тағы бір атауы көрсетілмеген қала салынған. Картада белгіленген қаланың қала мұнарасы суретінің үлкендігіне және оның үстінде желбіреп тұрған туға қарап, оның ірі орталық болғанын білуге болады

Жайық өзенінің бойындағы бірінші белгіленген қалашықтың Сарайшық екенін нық сеніммен айта аламыз. Осы Сарайшық солтүстігіне қарай, Жайық өзенінің оң жағалауындағы атаусыз қала Жайық қаласы болуы мүмкін.

Бұл қаланың атауы басқа 1562 жылы, ағайынды Пициганилерден екі жүз жылдан кейін, Антоний Дженкинсоның картасында көрсетілген деп болжауға болды.

Қазіргі кезде Жайық қалашығы Батыс Қазақстан облыс аумағындағы ірі мәдениет ескерткіші болып есептеледі. Бір кездері Жайық ирегіндегі үлкен қаланың болғанын итальяндық көпестер ағайынды Пициганнидің 1367 жылғы картасы, 1562 жылы — 200 жыл дерлік кейін жасалған ағылшын капитаны Антоний Дженкинсонның картасы растайды

Тарихи деректерде Жайық қалашығы деп аталған қаланың ХІІІ-ХІҮ ғасырларға жататындығы көрсетілді, ортағасырлық авторлардың деректері, сондай-ақ Жайықтағы қалалар туралы жазған ХҮІІІ-ХІХ ғғ. ғалымдардың қорытындылары шындық болып шықты. Ал археолог Ғ.Қушаевтың Оралдың орнында ежелден өркениетті қала болғандығы туралы пікірі нақты дәлелденді [7].

Жайық қалашығының Алтын Орда дәуірінде жоғарғы өркениетті, өз өндірісі мен қолөнері дамыған орталық болғанын археологиялық зерттеу нәтижелері нақты дәлелдеп отыр. Ол – бүгінгі Оралдың іргетасы.

Археологиялық зерттеулер дәлелдегендей, біздің өңірімізде қалалық мәдениет XII ғасырда-ақ қалыптасқан. Бұл жаңалық өткен жылдың қыркүйегінде облыстық тарих және археология орталығы ұйымдастырған халықаралық-ғылыми конференцияда ғалымдар тарапынан мақұлданды. Сондықтан бұл тарих және мәдениет ескерткішін жоғарғы ғылыми тұрғыда терең зерттеп, нәтижесін насихаттау – өзекті ғылыми және мәдени маңызға ие. Бұл тарих ғылымында анағұрлым дұрыс зерттелмеген ортағасырлардағы тарихымыз туралы білімімізді кеңейтуге, қазақ жұрты мен Жайық өңірінің басқа да халықтарының этногенездік процестерін тереңірек түсінуге, бұрмаланған тарихи фактілер мен шешімдерден ашық түрде бас тартуға мүмкіндік береді.
2.3 Белджамен қалашығы
Дубовка қаласының орнында "емен қаласы"деп аударылатын алтынордалық Бельжамен қаласы болған. Бұл атау Еділдің айналасындағы жағалаудағы аудандар Дубовка аймағында қалдықтары осы уақытқа дейін сақталған қалың емен ағаштарымен жабылғандығына байланысты пайда болды.

Қалашық Еділдің оң жағалауында, Волгоград облысы Дубовка қаласынан солтүстікке қарай 2 км жерде орналасқан; жалпы ауданы 500 мың шаршы метрден асады. Археологияда бұл нысан Водянское қалашығы деген атпен белгілі. 1889 жылы Н. А. Толмачев оны Шығыс көздері бойынша әйгілі Бельджамен қаласымен сәйкестендіруді ұсынды. Мұның пайдасына негізгі дәлел араб географы Абульфеданың 1321 жылға қатысты хабарламасы болды, онда: "Булгарға жақын ағып жатқан Итиль өзені одан әрі жағасында жатқан шағын Укек қаласын жуады, содан кейін оңтүстікке қарай Бельжамен ауылының маңында ағып, содан кейін оңтүстік-шығысқа бұрылып, сарайдың оңтүстік-батыс жағынан ағып кетеді". Мұнда да Қаланың атауына байланысты орыс шежірелерінің мәліметтері ерекше қызығушылық тудырады. [8]

Алтын Орданың Бельджамен қаласының құрылысы өте ыңғайлы географиялық орналасумен байланысты болды. Дон мұнда Еділге ең жақын келеді және олардың арасындағы қашықтық небары 60 км. Бұл қара және Азов теңіздерінен Донға көтерілген көпес өзен керуендеріне ең аз күш жұмсап, тауарларды Еділге өткізуге, сондай-ақ кемелерді айналдыруға мүмкіндік берді, сол жерден олар Алтын орданың екі астанасына, содан кейін Хорезмге, Монғолияға және Қытайға бара алады. Осылайша, Бельджамен қаласы ірі тораптық ауыстырып тиеу пункті болды және Алтын Орданың ішкі ғана емес, сыртқы саудасында да маңызды рөл атқарды. [9]

Водянск қалашығының ұзақ археологиялық зерттеулері Алтын Орданың дамыған және абаттандырылған қалаларының бірі ретінде Бельджаменті сипаттауға мүмкіндік береді. Водянск қалашығындағы әртүрлі тұрғын үйлерден басқа, 900 шаршы метрлік мешіттің тас ғимараты, үш кесене, су құбыры бар монша және түрлі қолөнер кешендері зерттелді. Мұнда табылған, тұтқындар қоныстанған, құлға айналған орыс Кварталы ерекше қызығушылық тудырады. Археологиялық қабаттың стратиграфиясы жердің түбінде өмір сүрген орыс тұтқындары қаланың негізін қалағанын көрсетеді. Олар Бельжамен қаласының құрылысында жұмыс күші ретінде пайдаланылды. Болашақта, ол өсіп келе жатқанда, орыс Кварталы жойылып, бұл алаң тұрғын және әлеуметтік сипаттағы монументалды ғимараттармен алынды. Белжаменнің ерекшелігі-оның оңтүстігінен оның кварталдары шұңқырмен аяқталмаған жер білігімен шектелген.

Жақында Еділ-Ахтуба археологиялық экспедициясының қызметкерлері бір күмбезді ғибадатхана түрінде жасалған 14 ғасырдың басындағы православиелік белгішені тапты. Белгішеде "Мәсіх"сөзі жақсы оқылады. Археологтар Белжамен ауылында православие шіркеуі болған деп болжайды.

Сонымен қатар, Водянск қалашығында собор мешіті табылды. Мешіттің солтүстік-шығыс бұрышында мұнара орналасқан. Мұнараның негізі жоспарда тікбұрышты (5,0 х 4,2 м), мешіттің шығыс қабырғасына жақын орналасқан. Ол өрілген және жыртылған тастан жасалған. Мұнараның магистралінен оның құрылымын көрсетуге мүмкіндік беретін кірпіш үйіндісі қалды. [10]

Тұрғын үйлердің бірінде және оның айналасында темір балқыту қолөнерінің қалдықтары табылды.

III. ҚОСЫМША МАТЕРИАЛДАР



Суретте: сол жақтағы қайта қалпына келтірілген сарайшық қалашығы




Суретте: Жайық өзенінің бойындағы сарайшық қалашығы



Суретте: Сарайшық қаласынан табылған терракота



Суретте: Сарайшық қалашығындағы бөлменің ішкі көрінісі

Суретте: Жайық қалашығы




Суретте: Жайық қалашығынан табылған қыш құмыралар



Суретте: Жайық қалашығынан табылған қыш құмыралар



Суретте: Жайық қалашығынан табылған қыш құмыралар

Суретте: Белджамен қалашығына арналған ескерткіш


Суретте:Белджамен қалашығының сыртқы көрінісі


ҚОРЫТЫНДЫ


Алтын Орда билеушісі Берке хан қолға алған жаңа қалалар құрылысын жүргізу саясатын әрі қарай жалғастырды. Қалалар тез бой көтерді: Олар Днестр бойындағы Ақкерман (Белгород - Днестровский), Орданың батыс жақ шетінде орналасқан, Дунай сағасындағы – Килия, Днепрдің сол жағалауындағы Тавань; Қырым; Бақшасарай маңындағы – Қырық – Ер; қазіргі Феодосия – кафа; қазіргі Судак – Солдай; қазіргі Азов аумағындағы Азак; Жайықтың оң жағасындағы – Сарайшық; Ертіс бойындағы, қазіргі Тобыл маңындағы – Искер және т.б. қалалар еді. Алтын Орданың астанасы – Сарайға ұдайы көңіл бөлініп отырды. Ол алғашқыда Бату сарайы, кейінірек Берке сарайы деп аталды. Мөңке Темір билігінің соңғы ширегі кезінде Сарай тек Алтын Ордадағы ғана емес, сондай – ақ, ортағасырлық Еуропадағы ірі қалалардың бірі саналды. Мәселен, XIII ғасырда Римде – 35 мың, XIV ғасырда – Парижде 58 мың, ал Сарайда XIV ғасырдың басында 100 мың тұрғын қоныстанып, тіршілік етті. [1] Сондықтан өз кезінде аты жаһанға мәлім болған бұл тарихи ескерткіштердің зерттеу жас ұрпақтың міндеті.

Алтын Орданың қалалық орталықтарының бірі болған Сарайшық өз кезінде керемет қалашық, сауда – саттықтың қайнар орталығы болды. Қолөнер мен сауда қаласы өте қарқынды дамыған қалалардың бірі. Қаланың Еуропа мен Азияның түйісіндегі керуен жолында, тиімді географиялық орынға орналасуы оның жедел өркендеуіне және көп ұзамай бүкіл қағанаттың ең басты саяси, сауда экономикалық, мәдени орталықтарының біріне айналуына септігін тигізеді. 1996 -1999 жылдардағы Сарайшықтағы археологиялық қазба жұмысы кезінде жинақталған қазба жұмысы кезінде жинақталған материал қаланың XIII – XVI ғ.ғ. саяси, экономикалық өмірі туралы нақты суретін елестетеді. Ақша – тиындар Шығыс пен Батыстың сауда – экономикалық байланасында Сарайшықтың атқарған рөлін дәл бейнелеп, еуроазиялық саяси және экономикалық кеңістікте ол ең түйінді орталықтың бірі болғандығына куәлік етеді. Бұған Сарайшықтан табылған Қырымның, Хорезмнің, Самарқанның, Еділ жағалауы және Солтүстік Иранның ақшалары айғақ болып отыр.

Қазіргі уақытта қалашық жер бетінен тым тез жоғалып барады. Бұл процесс Жайық өзенінің арнасының ауытқуына байланысты болып отыр. Судың асау ағысының мәдени қабаттарын күн сайын және жылдам шайып жатыр. Сарайшықтың қазіргі мәдени қабаттары сол бір дәуірдің дерегін сыйлайды.

Қалалардың өркендеп дамуы – отырықшы өмір салтының бірден-бір дәлелі, тіршіліктің кепілі. Адамдардың өмір сүру салты жалпы қоғамның әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалын айқындайды. Сондықтан қазіргі кезде құм басып, ертеде тіршілігі қайнаған қаланың дамуын анықтау – жалпы қоғамның тіршілігін анықтаумен тең. Қазақ тарихында ортағасырлық қалалар жайлы ашылмаған құпиялар көп. Ал бұл дегеніміз өз кезегінде Қазақстан тарихында ақтаңдақ күйінде қалып қойған беттер жетерлік деген сөз. Қалалардың көпшілігі ашық аспан астында қалып қойып, ескерткіш ретінде құндылығын жоғалта бастайды. Қолда бар рухани байлығымызды қадірлей отырып, зерттелмеген қалаларды әлі де болса тану, зерттеу нысанасына айналатынына кәміл сенеміз.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Ұлы Дала мемлекеттері. – Алматы: «Адамдар» баспасы, 2006. – 216 бет.

  2. Бегалин Қайрат. Алтын Орда хандары. – Алматы: «Адамдар» ЖШС, 2007. – 272 бет

  3. http://visitkazakhstan.kz/kk/guide/places/view/230/

  4. http://www.madenimura.kz/kk/culture-

  5. Самашев З., Әділгереев Б. Сарайшықтағы тың зерттеулер./Қазақ тарихы. – 2000 жыл. - №5 – 80 бет.

  6. Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінен деректер

  7. «Жайық үні» газеті №13/2013 жыл

  8. Егоров В. Л., Полубояринова М. Д. Археологические исследования Водянского городища в 1967—1971 гг.— В кн.: Города Поволжья в средние века. Москва. 1974.

  9. Толмачёв Н. А. О Водянском городище в Саратовской губернии.— Труды VI археологического съезда. Одесса, 1889, т. 4.

  10. Пачкалов А. В. К вопросу о монетном дворе Базджин (Барджин) // Труды международных нумизматических конференций. Монеты и денежное обращение в монгольских государствах XIII-XV вв. I Международная нумизматическая конференция – Саратов 2001, II Международная нумизматическая конференция – Муром 2003. М., 2005.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет