Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет11/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Исламдағы тазалық
жырлағандай  әсер  береді.  Мәселен,  топырақты  үнемі 
түрлі  бактериялар,  құрт-құмырсқалар  мен  жыртқыш 
құстар тазартып отырады. Кез-келген өлексе көп өтпей 
топырақтың құнарын арттыратын тыңайтқышқа айна-
лады. Соққан жел, жауған жаңбыр мен қар жер бетін 
тазалау  міндетін  атқарады.  Сондай-ақ  теңіздерде 
тазалықтың  мінсіз  жүйесі  бар.  Бойдағы  қанды  оттегі 
тазартады.  Адам  жанын  рухани  дүниелер  тазартып 
отыратынын  кім  жоққа  шығара  алады?  Білген  жанға 
мұның  барлығы  жаратушы  иеміздің  «Құддус»  (таза-
лық сүйгіш) есімінен  сыр шертеді.  
Иә, әлемнің өзі тазалықтың мінсіз жүйесі сияқты. 
Тіпті аң-құстар да тазалықсыз өмір сүре алмайды. Бір 
ғана мысықтың тазалығының өзі неге тұрады?! Нөсер 
жаңбырдан кейін жер бетінің шаңы басылып, аспанның 
шайдай  ашылғанын  сан  мәрте  тамашалаған  болар-
сыз. Демек, мұның бәрі – әлемде тазалық заңдылығы-
ның  үйлесіммен  жүзеге  асатындығының  ғажайып 
көріністері.
жалпы жаратылысқа ортақ осы заңдылықтан адам 
да шет қалмақ емес. Аллаһ тағала Құранда өзі жаратқан 
пендесіне  тән  тазалығымен  қоса  жан  тазалығын 
сақтауды  бұйырған.  Құранды  тек  таза  кісілерге  ғана 
ұстау міндеттелген. Тазалықтың маңыздылығы сонда, 
ол иманның жартысы әрі тақуалықтың белгісі болып 
саналған. 
Сүйікті  пайғамбарымыз  тазалыққа  қатты  көңіл 
бөлген.  Мәселен,  тіс  тазалығына  аса  мән  берген. 
Сақалы, шашы мен тырнағы өсіп кеткендерге  сыпайы 
түрде ескерту жасаған. Қол-аяқ, дене тазалығын мұқият 
қадағалаған. Аптасына ең кемі бір рет шомылып тұруды 


11


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   223




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет