Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет13/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Исламдағы тазалық
бір шылбыр етіп қатар ұстай алмағандықтан, оқыған, 
зиялы жандардың өзі тәкаппарлық, өркөкіректік секілді 
адамгершілікке жат қылықтарға бой алдырып жатады. 
Мәдениетті  деген  адамдардың  өзі  күншілдік  пен 
қызғаныштан, өтірік пен өсектен, ғайбат пен жаладан 
құлан  таза  айыға  алмауы  мүмкін.  Демек,  тазалықты 
сыртқы әдемілік деп түсіну қате. Ең маңыздысы – жан 
мен  тән  тазалығын  бір  арнада  тоғыстыра  білу.  ішкен 
асың мен тапқан табысыңның ақ адал маңдай термен 
келуін  қамтамасыз  ету  –  Исламдағы  тазалықтың 
артықшылығы болып табылады.    
Қолдарыңыздағы  кітап  –  осы  мақсатта  ислами 
тазалықтың әр қырына тереңірек үңілуге шақыратын 
дүние. Еңбек үлкен бес тараудан құралған. 
Бірінші  тарау  тән  тазалығы  мен  құлшылыққа 
қажетті тазалық түрлерін қамтиды. онда: тырнақ, беті-
қол, аяқ, тіс, көз, құлақ, мұрын тазалығы, шаш пен сақал 
күтімі, әурет тазалығына қатысты мәселелер (дәрет алу, 
истибра, истинжа), мәсі кию, ғұсыл алу, тәйәммум соғу, 
әйел  кісілердің  жеке  тазалығы,  сұрақ-жауап  күйінде 
т.б. мәселелердің жай-жапсары, шариғаттағы үкімдері 
сөз болады. 
Екінші  тарау  қоршаған  орта,  үй-жай  мен  аула, 
жол, қоғамдық орындар мен мешіттердің тазалығына 
арналған. Ауа мен судың тазалығы діни тұрғыдан лас 
немесе  таза  болып  саналатын  заттар,  нәжіс  саналған 
затты  тазартудың  жолдары,  бұған  қоса  үйге  сурет 
ілу, ит асырау, шашты бояу, денеге сурет салу секілді 
күнделікті  өміршең  мәселелердің  де  діни  үкімдері 
білдірілген. 


13


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   223




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет