Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет159/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Исламдағы тазалық
тауық  конвейерлі  таспада  жеткізілсе,  тауыққа  бүр-
кілген су тауықтың астындағы таспада бірікпей ағып 
кететін болуы шарт.
Қазіргі  таңда  сауда  саласындағы  бәсекелестік 
өндірушілерді  тұтынушының  пікірімен  санасуға 
мәжбүрлейді.  Демек,  қоғам  өмірінде  бұрыс  немесе 
тиімсіз  деп  тапқан  мән-жайларды  өзгертуге  күш-
қайрат жұмсасақ әрі қойылып отырған талабымызда 
табанды екенімізді дәлелдесек, «Көп қорқытады, терең 
батырады»  дегендей,  біздің  талабымыз  да  ескеріле-
тін болады. 
Малды бауыздағанда не нәрсеге 
мұқият болған жөн?
Еті  жеуге  жарайтын  құрлық  хайуандары  қолға 
үйретілген  үй  жануарлары  және  оңай  қолға  түс-
пейтін  жабайы  аңдар  болып  екіге  бөлінеді.  Бірінші 
топтағыларды бауыздауда діни тұрғыдан бірқатар та-
лаптар сақталуы шарт:
1.  Бауыздау  малдың  тамақ  тұсын  кесіп  қанын 
ағызатын өткір құралмен жүзеге асырылуға тиіс. Бұған 
темір, ағаш немесе тастан жасалған құралдар жарам-
ды.  Пайғамбарымыздың  Адий  ибн  Хатимге:  «Қанды 
қалаған нәрсеңмен ағыз және Аллаһтың атын ата!»
111

– дегені осыған дәлел.
2.  Бауыздалған  малдың  алқымы,  яғни  өңеші, 
кеңірдегі  және  мұның  екі  жағындағы  күре  тамырлар 
кесілуі  керек.  Ханафилерде  аталғандардың  үшеуінің 
кесілгені жеткілікті саналады.
111
 Әбу Дәууд, Әдахи, 15; Ибн Мәжә, Зәбаих, 5; Ахмәд ибн Ханбәл, 
Мүснәд, 4/256


153


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   223




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет