Алматы 2010 Құдайберді бағАшАр Исламдағы тазалық



Pdf көрінісі
бет30/223
Дата26.08.2020
өлшемі1,35 Mb.
#76877
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   223
Байланысты:
Islamda 1171 y tazaly 1179

Исламдағы тазалық
жала жауып, балағаттамауға көңіл бөлгені жөн. Қайта 
көбірек  зікір  айтып,  тәсбих  тартып  ауызды  рухани 
кірлерден де таза ұстаған абзал. 
Тіс күтімінде мисуәктің орны
Мисуәк  –  хош  иісті,  жеміс  бермейтін  «Арак 
ағашының»  жіңішке  шыбықтарынан  кесіп  алына-
тын  табиғи  шөтке.  Мисуәк  құрамында  фтордың  бо-
луымен  ерекшеленеді.  Зерттеулерде  мисуакта  оның 
шырынының  тісті  бірқатар  микробтардан  сақтайтын, 
қызыл  иекті  қоректендіретін,  ауызға  жағымды  иіс 
беріп,  асқазанға  да  пайдалы  қасиеттер  бар  екендігі, 
тістің кіреукесін (эмалін) бұзбайтындығы айтылған. 
Тісті  күнделікті  бірнеше  мәрте  тазалау  –  түрлі 
аурудың  алдын  алады.  Мутауатир  хадисте  Аллаһ 
елшісі:  «Тісті  мисуәкпен  тазалаңдар.  Мисуәк  –  ауыз 
тазалығының кепілі әрі Аллаһтың разылығына бөлейді. 
Жәбірейіл  періште  әр  келгенде  мисуәк  қолдануды 
мұқият  тапсыратыны  соншалық,  бұл  маған  және 
үмбетіме  парыз  болар  деп  қорқушы  едім.  Үмбетіме 
қиындық тудырмайтынын білсем, мұны парыз қылар 
едім. Мисуәкті өз басым жиі қолданатыным соншалық 
алдыңғы  күрек  тістерімнің  түбі  босап  кете  ме  деп 
қауіптенемін»
16
,  –  деген  екен.  Бұл  хадисті  қырықтан 
астам  сахаба  жеткізген.  Сірә,  профилактикалық  ме-
дицина тұрғысынан тіс күтімінің маңызы туралы дөп 
басып  айтылған  бұдан  басқа  сөз  табу  қиын  шығар. 
16
  Ибн Мәжә, Таһарат, 7; Бухари, жума, 8; Тәмәнни 9; Мүслим, 
Таһарат, 42


29
Тән тазалығы
Тағы  бір  хадисте:  «Құран  оқитын  ағзаларың  ауызды 
таза ұстаңдар! Мисуәк қолданыңдар!»
17
, – делінген. 
Иә, «Аллаһ – кіршіксіз пәк, пәктікті жақсы көреді»
18

Аллаһ  –  көркем,  көркемдікті  ұнатады.  Егер,  мүмин 
аузын таза ұстаса, Аллаһтың ұнатқан әрекетін істегені. 
Мисуәк  қолдануды  ханафилер  дәреттің,  шафиғилер 
намаздың  сүннетіне  жатқызады.  осының  бәрі  тісті 
жүйелі түрде тазалап жүру қажеттігін меңзейді. Мұны 
дәрет аларда яки намаз оқудың алдында орындауға да 
жол ашық.
Сондай-ақ,  хадистегі  «сиуәк»  сөзі  тура  мағынада 
мисуәк деген мағынаға келсе де, мұндағы мақсат – тісті 
ысқылау болып табылады. Тісті саусақпен, шөткемен, 
жіппен немесе басқа құралдармен де ысқылауға болады. 
Бастысы ол Аллаһтың разылығы үшін жасалса, діннің 
тазалық жөніндегі талабын орындаған болар едік. 
Иә,  мисуәк  қолдану  –  Аллаһ  елшісінің  сүннеті. 
Сүннетке көңіл бөлетіндер мисуәкті қолдануды әркез 
әдетке айналдырғаны жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   223




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет