Алматы қаласы білім басқармасы


Бринель әдісі бойынша қаттылықты анықтаушы стандарт шарттары



бет23/156
Дата16.05.2022
өлшемі1,3 Mb.
#143472
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   156
Байланысты:
металдар-технологиясы-Дауенова-Г.О-УМКД
Документ (1), курсовой, кжфиз (1), Ауыл олимпиадасы, қатысушыға нұсқаулық
3.2 Бринель әдісі бойынша қаттылықты анықтаушы стандарт шарттары
Дұрыс шариктің ізін алу үшін келесі шарттарды сақтау керек: үлгінің қалыңдығы таңбаның тереңдігінен он реттік аз болмау керек, ізінің ортасы үлгінің шетінен арақашықтығы 4d аз болмауы керек.
Көптеген металдар үшін НВ қаттылығы беріктік шегімен байланысты σв осылайша сұр шойында σв = НВ-40/6; соғылған және қақталған болаттар σв =0,36 НВ, болат құймасы σв =0,3-0,4 НВ.
3.3 Қаттылықты Роквелл әдісімен анықтау
Бұл басып батыру әдісі ізді өлшеуге мүмкіндік береді және ісамалды жеңілдетеді және де жылдамдатады. Роквелл аспабында да жадығаттың қаттылығына байланысты ұштықтың екі түрі қолданылады:
2.1-кесте. Бринель әдісі бойынша қаттылықты анықтаудың стандартты шарттары

Жадығат

Аралығы

Үлгінің қалыңдығы, мм

Р/Д

Шариктің диаметрі, мм

Күшсалу,
Р, МПа

Жүктеме астында ұстау

Қара металдар

140-150

6-дан 3-ке дейін
4-тен 2-ге дейін
2-ден төмен

30

10,0
5,0
2,5

30000
7500
1875

10сек

Қара металдар

140

6-дан көп
6-дан 3-ке дейін
3-тен төмен

10

10,0
5,0
2,5

10000
2500
1625

10сек

Түсті металдар

130

6-дан 3-ке дейін
4-тен 3-ке дейін
3-тен төмен

30

10,0
5,0
2,5

30000
7500
1875

30сек

Түсті металдар




6-дан 3-ке дейін
3-тен төмен
6-дан көп
6-дан 3-ке дейін
3-тен төмен




5,0
2,5
10,0
5,0
2,5

2500
1625
2000
626
136

60сек

а) алмазды конус, С межесі бойынша 150 кг жүктемемен және В межесі бойынша 100 кг жүктемемен (болат шары), А межесі бойынша 60 кг жүктемемен (алмазды конус) жадығаттың қаттылығын анықтау.
ә) болаттан жасалған диаметрі 1,16 мм болатын шарик В межесі бойынша 100 кг жүктемемен болатын жұмсақ металдардың қаттылығын анықтау үшін.
МЕСТ 2999-75 бойынша жүктемені тиеу екі сатыдан қарастырылады: алдымен 100Н-қа тең болатын үлгіде алғашқы жүктеу, одан кейін негізгі алғашқы жүктемені тиеп, ізді өлшенетін тереңдігін өлешейтін индикаторды 0 – көрсеткенше орналастырады. Роквелл әдісі бойынша аспаптың межесіндегі шартты бірліктермен қаттылық туралы пікір айтуға болады.
Айналу межесі бойынша индикатор тілінің 1-бөліміне орын ауыстыруы басып батудың тереңдігінің екі микронына сәйкес келеді.
Ізді алғаннан кейін жүктемені алып тастап, ал алғашқы жүктемені қалдырып, ұштықтың қалдық тереңдігін өлшейді.
Құралдың циферблатының бөліну көрсеткіштері индикатор тілінің қозғалу бағытына кері таңбаланады, сондықтан іздің тереңдігі азайған сайын қаттылық саны өседі, яғни неғұрлым катты металл болады.
Құралдың циферблатында екі түрлі межелік бар: біреуі қызыл, екіншісі қара. Қызыл межелік қара межелікке қарағанда 30 бөлімге ығысқан.

2.2-сурет. Алғашқы жүктемесі бар қаттылықты анықтау негізіндегі ұштықтың орналасуы
Болат шарикті пайдаланып зерттегенде қызыл меже бойынша есептейді, ал алмазды конуспен зерттегенде қара меже бойынша есептейді. Роквелл бойынша қаттылық бірлігінде өлшеу шегі келесіге тең: НВ =25-100, HRC=27-67, HRA=70-85.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   156




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет