Алматы қаласы Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының директоры


Байқау кезеңдеріндегі ұйымдастыру жұмыстарың сипаты



бет6/8
Дата25.12.2021
өлшемі34,23 Kb.
#105511
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ереже. Ұлы дала тұлғалары, Ұлы даланың ұлы есімдері
Темірхан Медетбек, А деңгейі үлгі ФМН Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы мемлекеттегі жоғары оқу орындарының студ, Дінмұхамед Қонаев
7. Байқау кезеңдеріндегі ұйымдастыру жұмыстарың сипаты:

1. Байқаудың I кезеңінде Байқауға қатысу туралы ұсынымдар мен жобаларды қабылдау жүргізіледі.

Бұл кезеңде Байқаудың әрбір бағытының хатшылығы жоба мазмұнының толықтығын, сауатты рәсімделуін келесі көрсеткіштер арқылы бағалайды:

– келіп түскен жұмыстардың техникалық талаптарына сәйкестігі – көлемі (20-30 бет аралығы), терілуі (WORD, 14 шрифт, 1,5 интервал, сол жағынан 2 см шегініс), қосымшаларының сапасы (суреттерінің сапасы, бейне материалдарының сапасы, дұрыс ашылуы т.б.);

– жобаның титул парағындағы (жұмысты орындаған білім беру ұйымының толық атауы, ауданы, жұмыстың тақырыбы, Байқаудың бағыты, орындаушы туралы ақпарат: аты, әкесінің аты, тегі, лауазымы) және кіріспе бөліміндегі (жоба тақырыбының өзектілігі, жобаның мақсаты мен міндеттері, жоба бағытталған сыныптар, жобаның жүзеге асырылған мерзімі, жобаның жаңашылдығы, жобаның тәжірибелік маңызы) ақпараттардың толықтығы.

Осы мәліметтер толық болған жұмыстар Байқаудың II кезеңіне ұсынылады. Ол туралы жоба авторына хабарланады.


2. Байқаудың II (сырттай сараптамалық бағалау) кезеңінде Байқаудың қазылар алқасы жобаны келесі көрсеткіштер негізінде бағалайды:

жобаның «Рухани жаңғыру» және оның жалғасы ретінде «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының бағыттарына сәйкес нақты міндеттерді шешуі;

конкурстық жобада жеке авторлық көзқарас пен тартымды (оригинальный) идеялардың болуы;

жоба мазмұнды және болашаққа бағытталған (перспективті);

жобаның ерекшелігі (оригинально);

жобаның дәлелдемелік құжаттары бар: жоба идеясының сынақтан өткізілгені туралы анықтамалар, жобаның тиімділігін дәлелдейтін пікірлер.

Осы Ереженің талаптарына сай келмейтін жобалар қарастырылмайды және келесі кезеңге жіберілмейді.

3. Байқаудың III (жобаны қорғау) кезеңіндегі таныстырылымды бағалау көрсеткіштері:

жоба авторының таныстырылымдық баяндауының логикалық бірізділігі;

таныстырылымның көркемдік, техникалық орындалу сапасы;

таныстырылымның ерекшелігі (оригинальность);

автордың жоба мазмұнын игеру деңгейі (қойылған сұрақтарға берген жауаптары).

4. Жобаның алғашқы слайдында жобаның атауы, автордың аты-жөні жазылады.

5. Жобаны қорғауға 5 минутқа дейін уақыт беріледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет