Сабақтың тақырыбы: Темірхан Медетбек «Тәуелсізбін»



Дата10.04.2020
өлшемі4,57 Mb.
#62124
түріСабақ
Байланысты:
Темірхан Медетбек
А деңгейі үлгі ФМН Қазақстанның Болон үрдісіне қосылуы мемлекеттегі жоғары оқу орындарының студ, Ереже. Ұлы дала тұлғалары, Ұлы даланың ұлы есімдері, Дінмұхамед Қонаев











Қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі: Әмзе Нұрмұхасан Нұрзатұлы

Алматы қаласы.

Бостандық ауданы

М.Базарбаев атындағы

№138 гимназия



Сабақтың тақырыбы: Темірхан Медетбек «Тәуелсізбін»өлеңі



7- сынып

Темірхан Медетбек

(ақын, қоғам қайраткері)

1945 жылы 6 наурызда Түркістан облысыТүркістан ауданы, Аманкелді атындағы колхозда дүниеге келген. Түркістан қаласында орта мектепті тамамдаған соң, туған аулында колхозшы, аудандық газетте корректор болып жұмыс істеген.

Алматыдағы Абай атындағы институттың филология факультетінде оқыған, республикалық телевидениеде қатардағы редактор болған. Жетпісінші жылдардың басында Маңғыстаудағы бірқатар геологиялық-барлау экспедицияларында жұмысшы боп, 1973 жылы Маңғыстау облысы ашылғаннан кейін облыстық газетте әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі міндетін атқарушы болып жұмыс істеген.

Еңбек жолы

Республикамыз тәуелсіздік алар алдындағы тұста, яғни 1990 жылы, сондай-ақ тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы кезеңде республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, сонан кейін Маңғыстау облыстық радио және телевидение комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1996 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы болып сайланды. Ол 2003 жылы Республикалық «Ақиқат» қоғамдық-саяси журналының бас редакторы, ал 2006 жылы республикалық «Жұлдыз» әдеби-көркем журналының бас редакторы болып тағайындалды.

Медетбек Темірхан көптеген кітаптардың авторы. Оның «Жанымның жапырақтары», «Сапар алдында», «Алыс шақырымдар», «Мәртебе», «Әуедегі толқындар», «Дауыс», «Көгершін қауырсындары», «Аңқа кептірген аңызақ», «Сырым бар саған айтатын», «Тағдырлы жылдар жырлары», «Көк түріктер сарыны» жыр жинақтары мен «Менің Абайым», «Баба дәстүрдің мұрагері кім?», «Сегіз қырлы сексен сырлы әлем бұл» атты сан кітаптары жарық көрген. 

Өлеңдері қырғыз, өзбек, украин, орыс, қытай, татар, тілдеріне аударылған. Өзі де Пушкин, Лермонтов, Якоб Колас, Янка Купала, Леся Украинка, Радован Загович, Бодлер, Верхарн, Пабло Неруда, Незвал, Еркін Вахидов сияқты ақындардың өлеңдерін, сондай-ақ Генрих Белдің «Иесіз үй» романы мен Владимир Набоковтың бірнеше шығармаларын аударған. 

Шығармашылығы

Т

“Тәуелсізбін” өлеңі



Тәуелсізбін, Ұлы дала ұлымын, Мұқағали, Абай, Ахмет жырым мың. Рысқұлбеков, Бигелдинов, Ләззаттың, Үміттерін ақтау үшін туылдым. Тәуелсізбін, Келді міне теңдігім, Азаттығым, еркіндігім, елдігім. Қазық қағып, белгілеген жеріме, Басып кіріп, қорқыта алмас енді ешкім.

Ақын «Тәуелсізбін»өлеңінде кең байтақ тәуелсіз елде тыныш,бақытты

тәуелсіз өмірсүріп жатқандығын зор қуанышпен, асқақ мақтанышпен

жырлайды.Қазақ елі тәуелсіздікті сан ғасырлар бойы армандады.Сол

арманға жету жолындай талай сынақтардан өтті. Осындай бейбіт

заманда, еңсесі биік егеменді елде өмір сүріп жатқандығымыз әуелі Алла

одан соң батыр бабаларымыздың арқасы екенін тілге тиек етеді.



Тәуелсізбін, Бақыттымын ризамын, Алғыс үлкен батырларға мың тағзым. Менің бұлай жерді басып жүргенім, Арқасында Аллам менен солардың.

Тәуелсізбін, Ұлы дала ұлымын, Мұқағали, Абай, Ахмет жырым мың. Рысқұлбеков, Бигелдинов, Ләззаттың, Үміттерін ақтау үшін туылдым.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет