Алматы энергетика және байланыс институты Физика кафедрасы


 Эйнштейн постулаттары. Салыстырмалылықтың арнайы теориясы



бет12/49
Дата07.02.2022
өлшемі427,65 Kb.
#87686
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49
Байланысты:
Алматы энергетика және байланыс институты

4.2 Эйнштейн постулаттары. Салыстырмалылықтың арнайы теориясы
Салыстырмалылықтың арнайы теориясы - кеңістіктің біртекті және изотроптылығын, уақыттың біртектілігін бейнелейтін кеңістік пен уақыт жөнінде физикалық теория.
Эйнштейн құрған салыстырмалылықтың арнайы теориясы негізін екі постулат құрайды: салыстырмалылықтың жалпылама принципі және вакуумдегі жарық жылдамдығының тұрақтылық принципі:
-барлық физикалық құбылыстар инерциалдық санақ жүйелерінде бірдей өтеді;
- вакуумдегі жарық жылдамдығы барлық инерциалдық санақ жүйелерінде бірдей және ол жарық көздері мен қабылдағыштардың қозғалыстарына тәуелсіз, яғни универсал тұрақты болады. Оның шамасы
м/с.
Эйнштейннің негізгі постулаттарының салдарлары:
- уақыт әртүрлі санақ жүйелерінде әртүрлі өтеді. Оқиғаның қай санақ жүйесіне қатысты екені көрсетілгенде ғана екі оқиғаның арасындағы белгілі уақыт аралығы болады деп айтуға болады. Қандай да бір санақ жүйесінде бір мезгілде өтетін оқиғалар басқа санақ жүйелерінде басқаша өтеді.;
- К және К` санақ жүйелеріндегі бір оқиғаның уақыт аралықтарының салыстырмалылығы

. (4.6) 
Объектімен бірге қозғалған сағат бойынша есептелген уақыт осы объектінің  меншікті уақыты деп аталады

. (4.7) 
Қозғалыстағы сағат қозғалмайтын сағатқа қарағанда баяу жүреді. Сағаты тоқтап тұрған жүйеде уақыт жүрісі баяулайды, сағат қозғалысының әсері оның жұмыс істеуіне байланысты емес, ол тек уақыттың салыстырмалылығын көрсетеді. Сонымен, бірегей әлемдік уақыт болмайды. Уақыт, оның жүрісі, бірмезгілділік ұғымдары салыстырмалы. 
Кеңістік интервалдарының салыстырмалылығы
(4.8)
Стержень қозғалмайтын жүйедегі санақ жүйесінде өлшенген стерженьнің ұзындығы  меншікті ұзындық деп аталады. (4.8)-ден көретініміздей меншікті ұзындықтың шамасы ең үлкен, яғни барлық санақ жүйесінде денелердің ұзындығы меншікті ұзындықпен салыстырғанда қысқарады. Осы құбылыс қозғалыс бағытында дене өлшемдерінің лоренцтік қысқаруы деп аталады. Денелердің геометриялық өлшемдерінің лоренцтік қысқаруы дене өлшемдеріне қозғалыстың физикалық әсеріне байланысты емес. Ол кеңістік аралықтарының абсолют еместігін, оның санақ жүйесіне байланысты екендігін көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   49




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет