Үшінші тобы – халықтық (жалған) этимологиялар. Этимологияның бұл түрі- не – ғылымдық негізі жоқ, тек сөздің сыртқы тұлғасының ұқсастығына ғана сү- йеніп, жобалап, жорамалдап айтыла салған, тегі жалған этимологиялар жатады. Бұл топтарға жататын этимологияларды талдап-таратып, дұрыс-бұ- рыстығын айқындап отыру – этимологиялық сөздік жасауда атқарылатын да- йындық жұмыстардың бірі. Тіл-тілдің лексикалық байлығы оның сөздік қорын- дағы сөз санымен ғана емес, сонымен қатар олардың сапасымен де, мағыналық ауқымымен де өлшенеді. Əдетте, тіліміздегі көптеген сөздер өзінің бір мағына- сымен ғана шектеліп қалмай, даму барысында екі, үш, тіпті одан да көп мағы- нада қолданылатындығы белгілі. Демек, əрбір тілдің сандық дамуынан сапалық