Алматы,2020ж. Қабылдаған : Даутова З


Талғар ауданы және тәжірибе өтетін мекеме туралы жалпы мәліметтер



бет5/7
Дата07.02.2022
өлшемі145,43 Kb.
#84814
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Алпысбаева Перизат

3.2 Талғар ауданы және тәжірибе өтетін мекеме туралы жалпы мәліметтер
Талғар ауданы Алматы облысының үлкен аудандарының бірі, Республиканың оңтүстік шығысында орналасқан. Алматы қаласының шығысында. Ауданның оңтүстік шығысын Іле Алатауының таулы қыраты көмкеріп жатыр. Топырақ құрамымен климатына алуан-түрлі ерекшеліктер береді.
Ауданда барлық ландшафтарды , табиғи және климаттық белдеулерді кездестіруге болады, ауданда құрғақ – ыстық шөлейт аймақтан бастап альпілік және субальпілік көгал мен мәңгілік мұздықтары бар биік таулы климатымен ерекшеленеді.
Топырақ жабындысы қаратопырақтан бастап біртіндеп сұр топыраққа дейін алуан-түрлі , топырақтың алуан-түрлілігі ауданға барлық ауылшаруашылығы дақылдарын егуге үлкен мүмкіндік береді.
Талғар ауданы аумағы - 371853 га жерді алып жатыр. Талғар ауданында 30 ірі ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер бар. Ауылшаруашылығы дақылдары 177825 га егістік, оның 28735 га суармалы.
Егістік жерлер мен жайылымның меншік салмағы жоғары болуы аудандағы егіншілік пен малшаруашылығының жақсы дамығандығын көрсетеді.
Талғар ауданы аумағы вегетация кезеңінде ылғал мен жылу қамтамасыз ету жағдайы алты агроклиматтық бөлікке бөлінеді: өте құрғақ, орташа –ыстық, өте құрғақ-ыстық, өте құрғақ таулы жазықтар, құрғақ тау етегі, таулы.
Алматы қаласына жақын орналасқандықтан Талғар ауданы астық дақылдарын, майбұршақ, сафлор, жүгері, көкіністер, картоп, жеміс-жидек дақылдарын егуге маманданған. Мал шаруашылығы да бар.
Ауыл шаруашылығы ауданның халқын азық-түлікпен қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады. Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемінің 53% егің шаруашылық құрайды.
Ауыл шарушылық өндірісіне ғылыми-техникалық жетістіктерді қолдана отырып өндірістік ресурстарды тиімді қолданып келешекте жоғары өнім алу мақсаты алға қойылған.
Талғар ауданы- құрамына 10 ауылдық округ және 1 қала Талғар қаласы кіреді 2019 жылғы санақ бойынша 157000 адам . Жалпы жер көлемі – 371853 га.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет