Алматы,2020ж. Қабылдаған : Даутова З



бет7/7
Дата07.02.2022
өлшемі145,43 Kb.
#84814
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Алпысбаева Перизат

Cuscuta campectis

«Жатаған у кекіре» Горчак ползучий (розовый)


Acroptilon repens (L.)

«Жусан жапырақты ойраншөп» Амброзия полыннолистная


Ambrosia artemisiifolia L

«Қоңыр мәрмәр қатесі» Коричнево-мраморный клоп (HalyomorphahalysStål.)- 2020 жылы анықталды.


Талғар ауданында жиі кездесетін аса қауіпті зиянды организмдер:
«Итальяндық прус»
«Саяқ шегірткелер»
«Өрмекші кене»
«Колорадо коңызы»

Жоғарыда аталған аса қауіпті және зиянды организмдер мен карантинді объектілерді ауыл шаруашылығы жерлерінде анықтау жұмыстарын ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ-ның филиалындағы мамандар мен маусымдық анықтаушылар жүргізеді. Олар карантиндік нысандарды, аса қауіпті және зиянды организмдердің таралу ошақтарын, көлемін анықтайды. Сондай-ақ, зиянкестерді оқшаулау және жою мақсатында егістіктерді, бақтарды, питомниктерді, көлік және коммуникация жерлерін талдап, зерттейді.Мен карантиндік ауру Жеміс ағаштарының бактериалды күйігінің Талғар ауданында таралуына анықтау жұмыстарын жүргіздім.



Жеміс ағаштарының бактериалды күйігі . Бұл каран­тиндік ауру басқа жеміс ағаштарының ауруынан өзгеше. Өйткені, бұл ауру инфекциялық бактериялармен тара­лады. Ауру ағаштар түбірімен қурап, өртенген ағаштардың кейпін келтіреді және бүкіл бір бақ осы аурудан күйіп, біржолата жоғалады. Аурудың шыққан отаны – Солтүстік Америка. Оның қауіпті сана­латыны, ауру тез таралады және онымен күресу өте қиын.
Жеміс күйігімен көбіне алма, алмұрт, шетен, долана, алхоры мен бұтақты өсімдіктер түрлері зақым­данады. Сонымен қатар, таңқурай, шие, өрік, шабдалы және сәндік өсімдіктер де залалданып, ауру ошақтарының біріне айна­лады. Бактерия – ағаштардың барлық бөлік­терін-өркендерін, жапырақтарын, жемістерін, бұтақ­тарын зақым­дайды. Сөйтіп, ауруға шалдыққан ағаштар қарайып, жапырақтары, жемістері солып, ағаштан түспей ілініп тұрады. Жапырақтар шеті­нен бастап, кейін қызыл-қоңыр түске айналып, вегетацияның соңына дейін ағашта сақталады. Ағаш қабығында қара-қоңыр, қызыл түсті сулы дақтар пайда болып, қабық жұмсарып, кейін бұтақтар мен ағаштар кеуіп, қурап қалады. Залал­данған жеміс бетінде алғашында сулы жасыл, кейін қызыл-қоңыр дақтарда ақшыл және сары түсті экссудат түзіледі. Таралу жолдары – насеком­дармен, құстармен, әсіресе, бактерия экссуда­тымен қоректенетін аралар, соналар, сондай-ақ, көшеттер.
Бактериалды күйіктің қоздырғыштары суыққа төзімді, сол себептен залалданған өсім­дікте қыстап шығады. Ауруға шалдыққан ағаш­тар 1-2 жылда түгел жойылады. Сол себептен аурудың алғашқы белгілері байқалса, тез арада ауру тарап кетпеу үшін алдын-алу шара­ларын жүр­гізу қажет.
Алдын-алу шаралары (күресу шаралары):
1. Ағашты бүршік жар­ғаннан бастап, жеміс пайда болғанға дейін 3 пайыз бор­дос немесе анти­биотиктік сұйықтықтармен дәрі­леуге болады.
2. Ауру бұтақтарды зақым­данған жерінен 20-25 см. төмен кесіп алып тас­тайды және пай­дала­нылған құрал-жабдықтарды міндетті түрде залалсыздандырып отыру (дезинфекция) қажет.
3. Аурумен заладанған ағаш­тарды тамыры­мен қазып алып, жою қажет.


Ожог плодовых деревьев
Erwinia amylovara
Жеміс дақылдарының бактериалы күйігі
Бүгінгі куні Талғар ауданында Жеміс дақылдарының бактериалы күйігімен залалданған аумақ 193,91 гектарды құрайды, биылғы жылы 29,18 аурумен зақымдалған жаңа ошақтары анықталды.

Алатауский а/о
ШҚ «Зеленская А» - 1,2 га
ШҚ«Пушилина Г» - 0,83га
ШҚ«Идрисов К.» - 3 га
ЖК«Курманаева» - 3 га
ШҚ «Есимханов Е» – 6,2 га
ШҚ «Алмабеков С» – 1 га
ШҚ«Радик » – 1 га
ШҚ«Рыскулов Ж» – 1 га
ШҚ«Отырбаев» – 1 га
ШҚ «Тлеукеева» – 0,5 га
ШҚ«Тураманов С» – 0,5 га
ШҚ«Искаков К» – 7,2 га
Белбулакский а/о
ШҚ Таирова Д. – 8 га

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет