Алшынбай Рақышев



бет19/26
Дата11.05.2022
өлшемі57,45 Kb.
#142190
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
Байланысты:
казак даригерлер 1
Күмісбек Айжамал 3к5 практика (копия), 1635568298, 8-сынып Т1 3-тоқсан ТЖБ, Әдебиет ТЖБ 3-тоқсан, 35 сабақ Сан логарифмі және оның қасиеттері (1), Бизнес жоба Қымыз
Бақтығали Бисенов 

Бақтығали Бисенов 1889 жылы Орал облысы Ілбішін уезі Қызылжар болысының 5-ауылында (қазіргі Ақжайық ауданы) туған. 1902-1910 жылдары Орал реалдық әскер училищесінде оқыды. 1910 жылы тамызда Саратов университеті медицина факультетіне оқуға түседі. Алайда соғыстың басталуына байланысты 1917 жылы оқуын мерзімінен бұрын аяқтап, Орал облыстық 13-Қызылкүлгін ауылдық-дәрігерлік учаскесіне дәрігерлік қызметке жіберіледі. Бұл бір халық арасында жұқпалы аурулар таралып, халықтың денсаулығы мүшкіл халге түскен ауыр кезеңдер еді. Бақтығали Бисенов бар күш-жігерін халықтың денсаулық әлеуетін көтеруге, шалдыққан дерттерінен айықтыруға жұмсайды. Базартөбе ауылында 10 орындық емхананың салынуына мұрындық болады. Онымен тынбай оба, шешек, сүзекпен ауырған науқастарға арнап емхана жанынан монша, дәріхана секілді әлеуметтік нысандар салдыртады. Жалпы аумағы бір гектар аумаққа картоп, басқа да көкөніс түрлері егіледі. Науқас балаларға сүт берудің пайдасын дәлелдеп жүріп сауын сиырлар бағу жұмысын қолға алады. Бұл жұмысы әрине нәтижесіз қалмайды. 1924 жылдың басында Орал облысындағы Байғұтты ауруханасына басшылық қызметке жіберіледі. Келесі жылдың қаңтарында Орал қалалық совет-партия мекте­бінің дәрігері, бір жылдан соң Губерниялық денсаулық сақтау бөлімінің емдеу-профилактика ісі жөніндегі инспекторы болып тағайындалады. Алайда, Бақтығали Бейсеновте өзгелер секілді себепсіз қуғын-сүргінге ұшырап, 1937 жылдары сталиндік репрессия тұсында НКВД-ның назарына ілігеді. Жүрген жерінің бәрінде «Алашорда» үкіметінің мүшелерімен тығыз қарым-қатынаста болды деген желеумен 1937 жылдың 16 қыркүйегінде 10 жыл­ға еңбекпен түзеу лагеріне ай­да­­лады. Бірақ, кеңестік озбыр­лар алты ай азаптаудан соң, 1938 жылы 19 ақ­­панда «үштіктің» шешімімен атылып кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет