Алшынбай Рақышев



бет21/26
Дата11.05.2022
өлшемі57,45 Kb.
#142190
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
казак даригерлер 1
Күмісбек Айжамал 3к5 практика (копия), 1635568298, 8-сынып Т1 3-тоқсан ТЖБ, Әдебиет ТЖБ 3-тоқсан, 35 сабақ Сан логарифмі және оның қасиеттері (1), Бизнес жоба Қымыз
Аққағаз Досжанова 

Аққағаз Досжанова – Мәскеуде бiлiм алған қазақтың алғашқы дәрiгер қыздарының бiрi. Ол 1893 жылы Ақтөбе уезiне қарасты Бөрте болысының 5-шi ауылында ауқатты шаруа отбасында дүниеге келдi. Анасынан ерте айрылып, ағасы Сағындықтың тәрбиесiнде өстi. Аққағаздың бiлiм алуына, дәрiгер деген қастерлi мамандықты таңдауына сол ағасының ықпалы зор. Ағасының ақылымен ол Орынбор гимназиясына оқуға түсiп, оны 1914 жылы үздiк бағамен бiтiрiп шығады. Бiлiмге құштар, оқуға зерек, зерделi қазақ бойжеткенi Мәскеудегi жоғары әйелдер курсына оқуға түстi. Бірақ, өкінішке қарай, ауырып қалуына байланысты 1918 жылдың күзiнде курстың «қайырымды медбике» бөлiмiн жедел аяқтап, атамекенге оралады. Бiр жылдай ауылда тынығып, денсаулығын түзеп алған ол әрекетсiз отыруды жөн көрмедi. Мәскеуде бiрер жыл оқып келгенi бар, бiлiм нәрiне толық сусындап үлгермеген талапты жас қайтсе де бiлiм алуға, өнер үйренуге құлшынды. Сол жылы бiлiмге iңкәр оның арманы орындалып, Томск дәрiгерлiк институтына оқуға түстi. 1920 жылы тәуекелге бел буып, Ташкентке келiп Орта Азия жастарына арнап ашылған Түркiстан мемлекеттiк университетiнiң дәрiгерлер факультетiнде оқуын жалғастырады. Оқи жүрiп, өз мамандығы бойынша қызмет еттi. Сабақтан тыс уақытында қалалық акушерлiк-гинекологиялық клиникада ординатор болып жұмыс iстедi. 1922 жылы Аққағаз Досжанова Түркiстан мемлекеттiк университетiн тәмамдады. Дәрiгер мамандығын алған қазақ қызы өз мамандығы бойынша гинеколог және педиатр болып халқына қалтқысыз қызмет еттi. А.Досжанованың өмір сүрген уақыты дәрігер мамандардың тым тапшы кезі еді. Сондықтан, оның терапевт, акушер-гинеколог, дерматолог секілді медицинаның бірнеше саласын қатар алып жүруіне тура келді. Күн демей, түн демей науқастарға көмек беріп, адам жанының арашашысы болды. Ол бірінші дүниежүзілік соғыстың кезінде жаралы кеңес әскерлерін емдеуге де атсалысты. Осындай қиын-қыстау күндерде дәрігер басқа халықтарға қарағанда қазақтардың өкпе ауруына көбірек шалдығатынын байқайды. Аққағаз қауіпті де жұқпалы сырқаттарға шалдыққан жандарды емдеп жүріп өзі де ауыр дертке шалдығады. 1932 жылы 21 қаңтарда небәрі 39 жасында Шымкент қаласында еңбек етіп жүріп көз жұмған. Өмiрiнiң соңғы сәтiне дейiн өзі таңдаған қастерлi мамандықтың туын түсiрмей өткен асыл тұлға қамшының сабындай қысқа ғұмыр кешсе де артына өшпестей жарық iз қалдырды. Алаш партиясының мүшесі ретінде ұлттық мүддеге қызмет етті. Ел жадынан шығып бара жатқан жақсыларымыздың есімін жаңғырту ретінде Аққағаз Досжановаға Ақтөбе қаласының бір көшесіне аты беріліп, медициналық университет жанына ескерткіш қойылған.
Есте болар бір мәселе, Аққағаз Досжанова көп жылдар бойы қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш дәрігер делініп келді. Шындығында, Түркістан уни­верситетінің медициналық факульте­тін аяқтаған А.Досжанова дәрігер дипломын тек 1922 жылы алған. Бұл маңызды оқиғаға «Тілші» газетінің қызметкерлері 1923 жылы 1 ақпанда «Аймақ ішінде» атты айдарда жұрт­шы­лықтың назарын аударып, үлгі ретінде көрсеткен. Оқуын аяқтаған­нан кейін, Гүлсім Асфен­диярова жетек­шілік еткен Ташкент қаласының пер­­зентханасына жұмыс­қа қабыл­дан­ған А.Досжанова Гүл­сімнің шә­кірті атанып, одан тәлім алған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет