Алтын адам



бет2/4
Дата01.03.2023
өлшемі2,33 Mb.
#170699
1   2   3   4
Байланысты:
Алтын адамдаррр

Шілікті “Алтын адамы”

Бәйгетөбе обасын қазу кезінде, бал­қа­ра­ғайдан қиюластырып салған көлемі 4,8х4,6 метр шаршы қима-таған табылады. Оның ішінде жатқан екі мәйітке сараптама жүргізген антропологтар бі­ре­­уі – 40-50 жастағы еуропа келбетті ер адам, екіншісі – 50-60 жас шамасында аралас нәсіл (еуропеоид-моңғолоид) еке­нін анықтады.

  • Осындағы ер адамның мүрдесі не­гізін­де қазынамызға «Шілікті әміршісі» деген атпен енген алтын киімді адамның жаң­ғыртпасы жасалды. Бұл істі атқару ке­зінде, ерте темір дәуірі мен орта ға­сырларда Еуразияны мекендеген тай­палардың киім үлгісі жайлы мәлі­мет­тер кеңінен пайдаланылып, ер адамға алтын әшекейлі шекпен, шалбар, етік, шошақ төбелі бас киім кигізіліп, оның сыртынан азиялық стильде алтынмен әдіптелген шапан жабылыпты. Белдігіне қанжар мен қыны бар қылыш бекітіліп, алтынды мойын алқа және сырға-жүзік тағы­лады. Әміршілік нышаны ретінде қо­лына – ұштығында таутеке мүсінді асатаяқ ұстатылған екен.

Жалпы саны 17 обадан тұратын үлкен кешеннің бірі – Бәйгетөбе обасы. Бұл нысанды қазу барысында, барлығы 4303 алтын бұйым табылса, солардың ішінде: тұмсықты барыс бейнелі 153, бүркіт пошымдас 36, бұғы мүсіндес 20, бөлтірік-қонжық типтес 39, арқар түстес бір қапсырма, сонымен қатар 23 сылдырмақ әшекей, 63 бұдыр түтікті сәндік бұйым, 17 жіңішке тілік, 7 сым, 141 жартышар пішінді салпыншақ, 2835 дана дәнекерлі бүрме, 223 дана майда моншақ, 743 дана сақина, т.б. Жәдігерлер қазақ қазынасын толықтырыпты.

Тақсай ханшайымы

  • Тәуелсіздік алғаннан кейін еліміз­дің рухани қазынасына қосылған құндылықтың бірі – Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы жерінен табылған Тақсай абызы. Бұл жәдігер 2012 жылы археолог Яна Лұқпанованың жетекшілігімен жүргізілген экспедиция нәтижесінде жарыққа шықты.
  • Осылардың ішінде, кешеннің шығыс жақ шетінде орналасқан – диаметрі 41, биік­тігі бір метр болатын №6 обадан әйел адамның мүрдесі қазылып алы­­нуы жаңа тарих бетін ашты. Бұл мүр­де – аса қымбат әшекейлі киім киген, шо­шақ төбелі сәукелесінің ұшына тау ешкі бей­несі орнатылған.
  • Мойнында тұтаса құ­йылған қос салпыншақты гривна, үс­тіндегі киімінің кеуде тұсына: шар­­шы һәм сопақша пішінді барақ ит пен қой­дың басы бәдізделген алтын әше­кей­­­­лер және дөңгелек формалы алтын мон­­шақтар қапсырылса, жеңіне қас­қыр­­дың азу тістері қапсырылған алтын құй­малы салпыншақ тағылған. Білегінде мысық тектес мүйізді жыртқыштың бұзаумен айқасы суреттелген білезігі бар. Сол қо­лында толқын өрнекті көкшіл түсті шыны ыдыс, оң қолына қоладан құ­йыл­­ған алтын сапты айна ұстаған... Сонымен қатар қабірдің бір шетінен – саз­дан жасалған жіңішке мойынды ыдыс, ағаш тарақ салынған қобдиша та­былса, үңгірдің орта тұсынан – түйе басты қола қазан, тана көзді шыны-аяқ, үң­гір­дің батыс бұрышынан – ат әбзел­де­рі қазылып алынған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет