Алюминий, алыну, қасиеттері, қолданылуы. Алюминийдің физикалық және химиялық қасиеттері. Оксидтері, гидроксидтері, амфотерлі қасиеттері



бет17/69
Дата12.09.2020
өлшемі116,99 Kb.
#78276
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69
Байланысты:
p-элементтер
p-элементтер
Химиялық қасиеттері

Жай жағдайда Sn, Gе, Рb ауамен, сумен әрекеттеспейді, ал қыздырғанда GеО2, SnО2,РbО оксидтері түзіледі. Металдардың кернеу қатарында германий сутегіден соң, қорғасын мен қалайы сутегінің алдында орналасқан, сондықтан германий сұйытылған қышқылдармен әрекеттеспейді, Sn ериді, ал қорғасын HCI, Н24 қышқылдарында ериді, бірақ біраздан соң қорғасынның еруі тоқтайды, себебі металдың беті ерімейтін сульфат, хлорид тұнбаларымен жабылады. Концентрлі HCI ерітіндісінде ериді:

Sn, Рb +4HCIконц→ Н2[ЭСI4] +2Н2

Концентрлі күкірт қышқылымен германий және қалайы тұз түзе әрекеттеседі:

Э + 4Н24 = Э(SО4)2 + 2 SО2 + 2Н2О,

қорғасын гидросульфат түзеді:

Рb +3Н24(<80%) = Pb(НSО4)2 +SО2+2Н2О

Концентрлі азот қышқылында германий мен қалайы германий және қалайы қышқылдарын түзеді:

Э + 4НNO3 = H2ЭО3 + 4NO2 + Н2О. Бұл қышқылдарды хЭО2.уН2О деп жазуға болады. Сұйытылған НNOқалайыны ерітіп, нитратын түзеді:

3Sn + 8НNO=3Sn(NO3)2 +2NO2 +4Н2О.

Концентрлі және сұйытылған НNO3 қорғасынды ерітеді, Pb(NO3)2 түзеді:

3Рb +8НNO3=3Pb(NO3)2 +2NO↑ + 4Н2О



сұйыт

Рb +4НNO3=Pb(NO3)2 +2NO2↑ + 2Н2О



конц

Қыздырса, Sn және Рb сілтілермен әрекеттеседі, бұл жағдай осы металдардың амфoтерлік табиғатын дәлелдейді:

Э +2КОН+2Н2О=К2[Э(OH)4] +Н2,

Германий сілтімен тек тотықтырғыштар қатысында әрекеттеседі:

Gе +2КОН +2Н2О + О2 = К2[Gе(ОН)6]

Германий қышқылдар қоспасында, патша арағында жақсы ериді:

Gе + 4НСI +4HNO3 =GeCI4+4NO2+4H2O

3Ge+4HNO3+18HF=3H2[GeF6]+4NO+8H2O

Бұл үш элемент те галогендермен, халькогендермен әрекеттеседі, сонымен бірге германий мен қалайы фосформен де әрекеттеседі:

Э + Г2→ ЭГ4(Ge, Sn),ЭГ2(Рb)

Э + S→ Э S2(Ge, Sn),Э S(Рb)

Ge, Sn + P → Э3Р4

Бұл элементтердің +2 және +4 тотығу дәрежелеріне сәйкес оксидтері ЭО, ЭО2 белгілі: Э+О2 → ЭО2(Ge, Sn) түзілсе, қорғасын ЭО түзеді: 2Рb+О2 → 2РbО, қыздырғанда, ал тек күшті тотықтырғыштар қатысында қорғасын ЭОбереді:

Рb(СН3СОО)2+СаОСI2+H2O = PbО2+СаСI2+2CH3COOH

ЭО оксидтері негіздік қасит көрсетеді, сондықтан қышқылдармен әрекеттеседі: ЭО+ Н24 =ЭSО4 + H2O, тұздары суда гидролизге ұшырайды.

ЭSО4 + 2H2O ↔ Э(ОН)2 + H24

ЭО2 қышқылдармен әрекеттеспейді, себебі олар қышқылдық оксидтер, сілтілерде ериді, сонда германаттар, станнаттар, плюмбаттар түзіледі; суда ерігенде гидроксокомплекстер береді.

ЭО2 +2NaOH→ Na2ЭО+ H2O

ЭО2 +2NaOH+ 2H2O → Na2[Э(ОН)6].

Э(ОН)2 және Э(ОН)4 амфотерлі қасиет көрсетеді. Э2+ сәйкес тұздары германиттер, станниттер, плюмбиттер – күшті тотықсыздандырғыштар. Н2ЭО3 не Н4ЭО4 былай жазылады: ЭО2 хH2О.

Алғаш алынғанда α-қалайы қышқылы түзіледі, ол тұз қышқылымен әрекеттеседі: Sn(ОН)4 +4НСI→ SnСI4 +4H2O, біраз уақыттан соң β-қалайы қышқылына айналады, ол НСI әрекеттеспейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   69




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет