Сабақ тақырыбы 44. Қышқылдар, олардың құрамы, жіктелуі, аталуы



Дата17.04.2020
өлшемі29,04 Kb.
#62908
түріСабақ
Байланысты:
8с 2сабақ
9с 4 сабақ, 3 ч5кл урок №2, 3 ч5кл урок №2, сор 10 кл, СОЧ-10 ЕМН, 1 четверть (1)

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.4А Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары.

Генетикалық байланыс



Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Искакова Салтанат Саркатовна

Сыныптар:

8 « »

Қатысқандар:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

44. Қышқылдар, олардың құрамы, жіктелуі, аталуы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.4.8-қышқылдардың жіктелуін, қасиеттерін білу және түсіну, олардың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру.

Сабақтың барысы

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Жаңа сабақ

Қышқыл дегеніміз құрамында металл атомдарымен алмаса алатын бір немесе бірнеше сутек атомдарынан және қышқыл қалдықтарынан түратын күрделі заттар.

Қышқылдардың жіктелуі:

А. Қышқылдар құрамындағы сутекке қарай: бірнегізді, екінегізді, үшнегізді болып бөлінеді.


Қышқыл



Бірнегізді

Екінегізді

Үшнегізді

HBr H2S H3PO4

HCl H2SO4

HNO3 H2CO3


Б. Қышқылдар құрамындағы оттекке қарай: оттекті, оттексіз деп бөлінеді.


Қышқылдар




Оттекті

Оттексіз

H2SO4 H2S

HNO3 HBr

H2CO3 HCl


Алынуы:

1. Оттекті қышқылдарды алу.



  1. 4P+O2═2P2O5

P2O5 +3H2O═2H3PO4

2. Оттексіз қышқылдарды алу үшін (S, CI, Br) сияқты бейметалдарды тікелей сутекпен әрекеттестіреді.

H2+CI2═2HCI – хлорсутек. Оларды суда ерітіп қышқылдар алады.
Индикаторлар (анықтағыштар) – кейбір зат қосылыстарының табиғатын анықтау үшін қолданылады.


Орта

метилоранж

фенолфталеин

лакмус

Тұз қышқылы

қызыл

-

қызарады

Қышқылдардың және қышқыл қалдықтарының аталуы:



Қышқылдың формуласы

Қазақша атауы

Қышқыл қалдығының атауы

HCl

Тұз қышқылы

Cl- хлорид

HNO3

Азот қышқылы

NO-3 нитрат

H2S

Күкіртті сутек қышқылы

HS- -гидросульфид

S2- -сульфид

H2SO3

Күкіртті қышқыл

SO2-3 - сульфит

H2SO4

Күкірт қышқылы

SO2-4 сульфат

H2CO3

Көмір қышқылы

CO2-3 карбонат

H3PO4

Орто фосфор қышқылы

PO3-4 Орто фосфат



  • Қышқыл түзуші элемент оттекті қышқылдарында айнымалы валенттік көрсетсе,төменгі валенттілігіне қышқыл түзуші элемент атауына –ты, -ті, -лы,- лі деген жалғау жалғанады:

H2SO3 күкіртті қышқыл; HNO2 - азотты қышқыл.

Жоғары валенттілігіне сәйкестері жалғаусыз аталады:

H2SO4 күкірт қышқылы; HNO3 - азот қышқылы


  • Қышқылдарға сәйкес келетін оксидтерді қышқылдардың ангидридтері (сусыз қышқыл) деп атайды.М-лы:

H2SO4 күкірт қышқылының ангидриді -SO3;

H3PO4 ортофосфор қышқылының ангидриді - P2O5


Қышқылдардың құрылымдық формуласын жазу:

а)Оттексіз қышқылдарда Н қышқыл түзуші элементпен тікелей байланысады: Н – CL , H-S-H



б) Оттекті қышқылдарда Н қышқыл түзуші элементпен О арқылы байланысқан:



bilimland.kz

Оқулық


Тапсырмалар

Тапсырмалар: /Барлық тапсырмаларды жұмыс дәптерлеріңізге орындаңыздар/

А.

1-тапсырма

1.Мына берілген қышқылдарды кестеге орналастырыңдар:

НВr, H2S , Н2CO3, НF, Н2SiO3, Н3BO3, HNO3, H3PO4,



Бірнегізді

Екінегізді

Үшнегізді

Оттекті

Оттексіз

















В.

1-тапсырма

Мына теңдеулерді толықтырып теңестіріңдер:

? + F2→ НF

? + Н2О→ Н2SO3

? + Н2О→ Н2CO3

2-тапсырма

Оқулықтағы 160 бетте №4



С. 1- тапсырма

160 бет №1:Мына оксидтерге сәйкес қышқылдардың формуласын жазыңдар



2-тапсырма :Массасы 10 г P2O5 сумен әрекеттескенде қанша гр H3PO4 фосфор қышқылы түзіледі?

Жауабы:



Оқулық, дәптер


Рефлексия



Мен білемін .......................................................................................





Түсініксіз болғаны ..........................................................................................................................................................................................................


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет