Амангелді айнұр амангелдіқызы І. Есенберлиннің “Көшпенділер” романындағы жылқы атауларының этнолингвистикалық мәні


І.Есенберлиннің “Көшпенділер” романындағы жылқы атауларының жіктелімі мен лексика-семантикалық топтары



бет10/35
Дата06.02.2022
өлшемі324 Kb.
#43743
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
1.2 І.Есенберлиннің “Көшпенділер” романындағы жылқы атауларының жіктелімі мен лексика-семантикалық топтары. Сөздік қордағы тілдік деректер бір-бірімен қандай да бір байланыста болып, өзара белгілі бір сөз топтарын (тақырыптық, мағыналық) құрайды. Демек, сөз мағынасын зерттеуде тілдік бірліктерді лексика-семантикалық топқа бөліп қарастыру ыңғайлы, тиімді де қажетті әдіс. Сөздерді лексика-семантикалық, тақырыптық топтарға бөлу жөнінде ғалымдардың пікірі әрқилы. Кейбір ғалымдар бұларды мағыналас терминдер деп есептесе, басқа бір топ ғалымдар оларды бірі бірінен тәуелсіз екі термин ретінде қолданады. Сөздерді тақырыптық топтарға бөлу тілдік емес, ой-танымдық критерийлерге негізделетіндігі белгілі. Сондай-ақ, кез келген лексика-семантикалық топ қандай да бір тематикалық топқа енеді. Бірақ бұған қарап, бұл екі терминнің арасында айырмашылық жоқ деп айтуға болмайды.
Тақырыптық топ сөздердің тек парадигмалық қатынасына негізделмейді, ол әрі парадигмалық, әрі денотаттардың арасындағы байланыстарға сүйенеді. Демек, тематикалық топтың көлемі парадигмалық қатардан да, лексика-семантикалық топтың көлемінен де кең болады. Тематикалық топ ұғымы лексика-семантикалық топ ұғымынан кеңірек. Әдетте тематикалық топқа зерттеушілер түрлі сөз табынан құралған сөздерді енгізсе, лексика-семантикалық топқа бір сөз табына жататын сөздерді кіргізеді. Тематикалық топқа енген сөздердің мағыналары бір-бірінен тәуелсіз болып келеді, бұл топқа жаңа сөздер қосылса немесе, керісінше, кейбір сөздер түсіп қалса, бұл осы топ мүшелерінің мағынасына ешқандай залалын тигізбейді, яғни тақырыптық топқа өзара семантикалық байланысы жоқ сөздер енеді. Мысалы: жылқы, жүйрік, ат, бие, сәйгүлік, бесті, құлагер т.б. Лексика-семантикалық топтың құрамындағы сөздер бір-бірімен лексикалық мағынасы жағынан байланысады. Мәселен, құлын, жабағы, тай т.б. Ұқсастық: екі топқа енетін сөздер де ақиқат шындықты бейнелейді. Айырмашылығы – лексика-семантикалық топтың мүшелері арасында белгілі бір оппозициялық байланыс болады. Құрамына қандай да бір сөз енсе немесе шығатын болса, оппозициялық байланыс өзгереді. Демек, лексика-семантикалық топқа енген сөздердің бірінің мағынасы өзгеріске ұшырайды, тарылады немесе кеңейеді.
Жылқы атауларын бірнеше лексика-семантикалық топтарға жіктеуге болады. Сөздерді мұндай топтарға бөлу жылқы атауларының мән-мағынасын ашуға, олардың қолданылу аясын, қолданылу жиілігін т.б. анықтауға мүмкіндік жасайды. Ғалым М.Оразов сөздерді лексика-семантикалық топтарға бөлу барысында кейбір шарттардың ескерілуі тиіс екенін атап көрсетеді. Шығармадағы жылқы атауларын жіктегенде біз осы шарттарды негізге алдық [2,124-125 б.].
Лексика-семантикалық топтар туралы сөз қозғағанда сема және оның түрлері мәселелеріне де тоқталған жөн. Семалардың табиғатын ашу, түрлерін айқындауда В.Б.Гак, Н.И.Толстой, Д.Н.Шмелев, И.Кучқартаев, Ю.А.Найда, О.И.Селиверстова, сонымен қатар М.Ержанов, М.Оразов, Б.Қалиев, А.Жылқыбаева т.б. ғалымдардың зерттеулері басшылыққа алынып жүр.
Шындық болмыстағы заттардың жаратылысына тән ортақ белгілері мен айырмашылықтары болатындығы белгілі. Демек, сөздердің семантикалық құрылымын анықтауда жалпылаушы сема мен даралаушы семалардың болуы заңды құбылыс. Романдағы құлын, тай, жабағы семалары – даралаушы семалар болса, жалпылаушы сема – жылқы малының жасы болады. Сол сияқты ілбу, аяңдау, желу, шабу сөздерінің семасы – даралаушы сема болса, қозғалыс – оның жалпылаушы семасы. Жалпылаушы сема сөздердің белгілі бір лексика-семантикалық топтарға бөлінуіне негіз болса, айырушы сема сөздердің жеке-жеке өмір сүруіне негіз болады. Сонымен қатар, сөздердің семантикалық құрылымын анықтауда қосымша семалардың алар орны ерекше. Өйткені кез келген тілде ауыспалы мағынада қолданылатын сөздер бар. Олар – сол этностың тіл байлығының көрсеткіші. Мысалы, құлыным лексемасының да қосымша мағынасы бар. Аяулы анаға, тіпті күнәсі болған күнде де, сол баланы өмірге әкелген, “құлыным” деп түн ұйқысын төрт бөліп аялай сүйген сорлы анаға, дәл мұндай сұмдық жазаны Ақсақ Темір қалай шығарған? [3,87 б.]. Бұл сөздің этнографиялық мәні зор. Ол – қазаққа ғана тән жақсы көргендікті, сүйіспеншілікті білдіру. Қандай да бір жануар атауы ұқсату арқылы адамға қатысты қолданылғанда, халықтың дүниетанымы мен ұлттық менталитетіне тікелей байланысты болады. Шығармада жазушы бұл лексеманы романның эмоционалды-экспрессивтік реңкін арттыру үшін пайдаланады.

Каталог: userdata -> uploads -> u21
u21 -> Абайтанушы Қайым Мұхаметханұлы
u21 -> Әлия Молдағұлова
u21 -> Ән жанрлары мен мектептері
u21 -> Әуенімен әйгілі әбілқайыр әулеті
u21 -> КӨкбай жанатайұлы (1861-1925)
u21 -> Өтен айгүл жақсылықҚызы кенен Әзірбаевтың әдеби шығармашылығы
u21 -> Балалардың сүйікті жыршысы (М.Әлімбаевтың шығармашылығына арналған әдістемелік құрал)
u21 -> Ахмет Жұбанов Ахмет Қуанұлы Жұбанов
u21 -> 1. Eр Төстік жер бетіне шыққан соң күресетін жауыздың иесін белгілеңіз
u21 -> Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы (1845-1904) Абай Құнанбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет