Негізгі бөлім Ағаш қауымдастықтарының құрылымы туралы ұғым



бет1/4
Дата18.10.2023
өлшемі27,94 Kb.
#186507
  1   2   3   4
Байланысты:
биотехнология реф
000468, биотехнология реф

Жоспар:

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

    1. Ағаш қауымдастықтарының құрылымы туралы ұғым.

    2. Ағаштарды жіктеу.

    3. Отырғызу шарттары мен әдістері.

  3. Қорытынды

  4. Пайдаланылған әдебиеттер.


Кіріспе
Орман қандай да болмасын өсiмдiк тәрiздi, қоршаған ортамен тығыз байланыста және динамикалық бiрлiкте бола отырып, орман құрайтын өсiмдiктердiң бiрге өсiп-өнетiндiгi, бiр-бiрiне әсер ететiндiгi орманның өзiне тән сипаты болып табылады.
18486-73 МемСт-ында орманның мынадай анықтамасы енгiзiлген: «Орман - өзiнiң дамуы жолында биологиялық байланысты, бiр-бiрiне және қоршаған ортаға әсер ететiн ағаш, бұта, шөптесiн тәрiздi өсiмдiктердiң, жануарлар мен микроорганизмдердiң қосындысынан тұратын жағрапиялық ландшафтың бөлiгi».
Бұл ұғымның толық ғылыми айқындалуы орыстың көрнектi ғалымы Г.Ф. Морозовтың еңбегiнде баяндалған. Оның анықтауы бойынша, «орман – бiр-бiрiне, топырағына және атмосфераға әсер ету салдарынан өзiнiң сыртқы пішіні мен iшкi құрылымы өзгерген ағаш өсiмдiктерiнiң жиынтығы».
Ол орманның ерекшелiгiнiң бiрi ағаштардың бiр-бiрiне әсерiн, орманның күрделi кешендiгін, оның барлық бөлiктерiнiң бiрiмен бiрiнiң және қоршаған ортамен өзара әсерде, үздiксiз, бiртiндеп және сатылап өзгерiп отыратынын көрсетiп бердi. Орманға мұндай көзқарас дүниежүзiлiк орман өсiрушiлiк жөнiндегi әдебиеттерде қолдау тапты.


2. Негізгі бөлім.
2.1. Ағаш қауымдастықтарының құрылымы туралы ұғым.
Сүректi өсiмдiктердiң өсу барысында олардың бiр-бiрiне және орналасқан кеңiстiкке белсендi әсер ететiн кезеңі туындайды. Жас ұлғаюмен ағаштар мөлшерлерiнiң үлкеюiне қарай бұл әсерлер күшейе түседi және бұл негiзгi өмiр сүру факторлары (жарық, ылғал, қорек) үшiн тым ашық бәсекелестiк сипат алады.
Ағаштардың кейбiр бөлiгi жақсы тектiк қасиеттерi себептерiнен (мысалы, өсу қарқыны жоғары болуынан) немесе орналасу кеңiстiгi қолайлы ортаға сәтті түсуi есебiнен белгiлi бір артықшылықтар алады. Мұндай ағаштардың мөлшері биік болады, өздерiнiң желегімен кеңiстiктiң едәуiр бөлiгiн қамтиды, жарық пен ылғалдың көпшілігіне ие болады. Нәтижесiнде өсуi бәсең ағаштар одан да нашар жағдайларға тап болады. Бұл құбылыстар ағаштардың негiзгi үш санат дифференциациясына әкелiп соғады: басымдылары, қысым көруші (басымдылардың әсерiн сезiнушiлерi) және онан әрi өсу қабiлеттерiн жоғалтқан және жоғалтып келе жатқандар. Ағаштардың осы санаттары бойынша дифференциациялануы ормандағы күтiп-баптау кесулерiн жүргiзу үшiн қолданылатын көптеген жiктеулердiң негiзiнде алынған.
Ағаштардың өсуi бойынша жiктеудiң алғашқысы және ең сәттiсi – 1884 жылы таза бiрыңғай жастағы сүрекдiңдер үшiн орманды күтiп-баптау мақсатында ұсынылған немiс орманшысы – Крафттың жiктеуi болып табылады.
Г.Крафт басымдылық және басыңқылық дәрежелерi деген атау бойынша ағаштардың бес класын (сыныбын) бөлiп шығарды.
I класс – желегі қуатты дамыған және биiктiгi мен дiңдерiнiң диаметрі iрi аса басымдылар немесе өте басымды ағаштар; алқа ағашта олар дiңдердiң жалпы санының 10 пайызға жуығын, бiрақ олар алқа ағаш қорының 20 пайызға дейiнiн құрайды.
II класс – басымдылар, желегі бiршама жақсы дамыған, 1- кластағы ағаштар сияқты, дiңдер саны бойынша 20-40 пайызды және қор бойынша 40-60 пайызға жуығын құрайды.
III класс – биiктiгi бойынша 1 және 2 кластар ағаштарынан төмен, олардың желегі нашарлау дамыған, жiңiшкерген, басыңқылықтың алғашқы белгiлерi байқалады. Ағаштардың саны бойынша олар 20-30 пайызды құрайды және сүрек қорының 15-20 пайызын бередi.
I, II және III кластары ағаштарының желектері орманның негiзгi, шымылдығын құрайды.
IV класс – басыңқы ағаштар, барлық жағынан немесе бiр жағынан желектері бiркелкi қысылған, бiрақ олардың ұшы орманның негiзгi шымылдығының төменгi бөлiгiне орналасады.
Ағаш саны бойынша олар 30 пайызға дейiн болуы мүмкiн, массасы бойынша қордың 10 пайызынан аспайды.
IV кластың ағаштары өз iшiнде 2 қосымша класқа бөлiнедi: IVа – желегі тең жақты, жiңiшке дамыған ағаштар; IVб – жалау тәрiздi, желегі бiр жағына дамыған ағаштар;
V класс – өсу жөнiнен қатты кешеуiлдеген, желек ұшы жалпы орман шымылдығына жете алмаған,қурай бастаған және өлi ағаштар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет