Амангелдин Нурдаулет 21-11 Финансы



Дата22.10.2022
өлшемі11,98 Kb.
#154613
Байланысты:
Кукык 9 Нурдаулет
2076ПРИЛОЖЕНИЕ 2 БАКАЛАВР -

Амангелдин Нурдаулет 21-11 Финансы
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің элементі ретінде құқықтық және адамгершілік сана
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана - бұл адамдардың сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушылық ретінде қабылдауды білдіретін ұғымдар, теориялар, түсініктер мен көзқарастар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана - адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықты көрсетіп береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың функциялары бар олар, - танымдық, реттеуші, бағалаушылық, болжамдық .
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың танымдық функциясы- сыбайлас жемқорлықты құқық бұзушылық ретінде танып,ол туралы білімді жинақтап, оның негізінде адами өзара қарым-қатынастарды орнатудан тұрады.
Реттеуші функциясы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана - қоғамда өте маңызды, қажетті бағыттар беру арқылы реттеуші болады.
Реттеу нәтижесіндеадамдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы болады.
Бағалау функциясы өмірлік тәжірибе мен практика негізінде, өмірдің әртүрлі жағы мен құбылыстарына жеке адамның қатынасын және көзқарасын білдіреді. Әдеп нормасы мен заңдар бағалау объектісіне айналады. Нақты айтқанда, бағалау функциясы адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қатынасын анықтап береді. Бағалау функциясының көмегімен адамдар этикалық кодекске, құқық пен заңнамаға, құқық қорғау органдарына, азаматтық қоғамға, атқарылатын міндеттерге, айналасындағылар мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет құқық пен адамгершілікті қамтиды,оның ерекшелігі осында.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет - бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін қалыптастыру болып табылады. Қоғамда адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұра білу қабілетін қалыптастыру өте маңызды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет - ол тек қана сана емес. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру барысында, адамдар сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды қолдау керек.
өздерінің де сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын бағалайды.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қоғамдық бақылау
Сыбайлас жемқорлықтың етек алуы елде жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік - экономикалық түрленулердің табыстылығына күмән туғызады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша нығайту шараларын ойдағыдай жүргізу қызметі одан әрі жетілдіруді талап ететін сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылықтың азаматтық қоғам институттарының қолдауынсыз мүмкін емес. Барлық қолжетімді құралдарды қолдана отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз етуде мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін одан әрі үйлестіру ерекше маңызға ие. Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізін қалаушы құжат – БҰҰ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясының (2003 жылғы 31 қазан) 13-бабы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғамның анағұрлым тиімді құралы ретінде қоғамдық бақылауды кеңейтуді айқындайды.
Азаматтық қатысу деп азаматтар мен азаматтық қоғам құрылымдарының олар тұратын мемлекет пен жергілікті қоғамды басқаруға қатысуы түсініледі. Азаматтық қатысу нысандары азаматтар мен азаматтық қоғам құрылымдарының мемлекеттік органдар шешімдерінің дайындалуына, қабылдануына және бақылауына қатысуы болуы мүмкін. Мемлекеттік басқару жүйесінің сыбайлас жемқорлықты кәсіпкерлік құрылым ретінде таратуы жағдайында олар өздерінің қызметін бақылай алмайды, шешім қабылдай алмайды. Тек қана азаматтардың, азаматтық қоғамның мемлекеттік органдар қызметіне белсенді және тұрақты қатысуы өз қызметінде сыбайлас жемқорлық тәжірибесін қолданудан біртіндеп бас тартуға мүмкіндік береді. «Қоғамдық бақылау» ұғымы ғылыми әдебиетте белсенді пайдаланылады, нормативтік құқықтық актілерде пайдаланылады. Ғылыми және тәжірибелік қызметте «бақылау» термині өте жиі қолданылады.
3. Жастардың ж-қа қарсы мәдениетін қалыптастырудың ерекшеліктері
Сыбайластық жемқорлықпен күресу бұл қоғамның және кез келген азаматтың ортақ ісі және әр адамның міндеті болып табылады. Бұны әрбір қазақстан азаматы терең ұғынып түсінуі қажет. «Сыбайлас жемқорлық» бұл тек құқық бұзушылық болып қана табылып қоймайды, бұл бүгінгі күннің өзекті,маңызды мәселесі болып отыр, ауқымды әлеуметтік індет болып табылады. Тарихқа зер салатын болсақ, сыбайлас жемқорлық – көне заманнан адамзаттың дамуымен қоса келе жатқан санаттарға жатады, алайда бір де бір қоғамда бұл құбылысты түбірімен жойып жіберетін идеологияның қалыптастырылмағандығы да өкінішті. Бүкіл әлем елдерін бұл жағдай қатты алаңдатып отырғаны баршамызға аян. Мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарға өзінің кесірін тигізіп, мемлекеттің дамуына, болашағының өркендеуіне орасан зор қауіп туындататын мәселе. Қазіргі коррупция яғни «сыбайлас жемқорлық» деген түсінік антикалық дәуірде рәсімделгені бізге Рим құқығынан белгілі, демек бұл мыңдаған жылдардан нәтижесіз екеніне көз жеткіземіз тағыда. Рим құқығында «соччитріче» деген термин ұғым болған, латынша – «соччuрtio» деген сөз. Бұл сөз «зиян келтіру», бұзу, талқандау, параға жол беру» деген анықтама береді. Қорыта айтқанда, бұл күрес ұдайы және тоқтаусыз жүзеге асырылып келе жатқанын білеміз. Бұл жерде мемлекеттің күші қоғамның қолдауына ие болмай оң нәтижеге жете алмайтыныда түсінікті. Сондықтан бұл келеңсіз құбылыспен күрес жүргізуде азаматтық қоғам нақты айқындаушы шешуші мәнге ие екендігі сөзсіз дегіміз келеді. Ең бірінші жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруымыз қажет, яғни оларға жемқорлықтың келеңсіз салдарының негіздерін түсіндіріп, ұғындыруға тиіспіз. Қазіргі таңда білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып атқарылуда. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықтар төңірегінде мұндай келеңсіздіктерге бөгет болып тосқауыл жасау, жол бермеу туралы мәселелер аясында заңдар нормаларын терең түсініп зерделеу жұмыстары атқарылады, түрлі тақырыптық ашық сабақтар, тренингтер, кездесулер, дөңгелек үстелдер, сауалнамалар, семинарлар өткізіліп отыратындығын айта кету керек.
4. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың этникалық ерекшеліктері
Сыбайлас жемқорлық – қауіпті әлеуметтік құбылыс. Осы құбылыспен күрестің тарихы тереңде жатыр. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттік құрылымдар қалыптасқан уақыттар қойнауына жетелейді. Қазақ елінде XVI ғасырдың басында «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын Қасым ханның заңы жүргізілді. Оның негізіне әдет-ғұрып құқығы енгізілді. Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы XVIІ ғасырдың соңында Тәуке ханның тұсында біртұтас жинақ түрінде «Жеті жарғы» деген атаумен түпкілікті кодификацияланды және толықтырылды.1918-жылы 8 мамырдың «Парақорлық туралы» декреті осы әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырған Кеңес үкіметінің бірінші құқықтық актісі болды. Кеңес үкіметінің сыбайлас жемқорлықпен күресу тарихы, оның билігімен бірге аяқталды. Бұл күрес бірнеше маңызды және қызғылықты белгілерімен сипатталады: Біріншіден, билік «сыбайлас жемқорлық» сөзін мойындамады, тек 80 жылдардың аяғында қолданды. Оның орнына «парақорлық», «қызмет бабын теріс пайдалану», «бетімен кетушілік» және тағы басқа терминдер қолданылды. Екіншіден, кеңестің «құқықтық санасы» әрдайым сыбайлас жемқорлықтың себептерін қате түсіндірді. Революцияға дейінгі Ресейдің қылмыстық құқықтық нормаларын жетілдіру нәтижесінде сыбайлас жемқорлықтың келесі нысандары анықталды: парақорлық; сұғанақтық; қорқытып алу; мемлекеттік мүлікті ұрлау. Ресей елінің сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес туралы тәжірибесінің осындай көріністерін атай кетіп, бүгінгі қазақ елі ТМД елдерінің арасында алдыңғы қатарда келе жатқанын айтуға болады. 1997-жылы 21 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының жоғарғы тәртіптік кеңесі туралы» Жарлық шығарды. Жоғарғы тәртіптік кеңестің басты мақсаты — мемлекеттік тәртіпті бекіту, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін көтеру, олардың қызмет бабын теріс пайдалануына және өкімет билігін асыра пайдалануына жол бермеу болды. 1998-жылы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының № 267-I “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу туралы” Заңы қабылданды. (2000-жылы 28 сәуір, 2001-жылы 8 маусым, 2001-жылы 12 шілде, 2002-жылы 9 тамыз, 2003-жылы 27 қыркүйек, 2007-жылы 21 шілдедегі өзгерістер және толықтырулар енгізілді). Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1998-жылғы 30 қыркүйектегі Жолдауында былай деген: «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу — жалпы ұлттық міндет». 2005-жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу туралы мемлекеттік Бағдарламаны бекітті. Ал 2006-жылы ақпанда осы стратегиялық құжатты жүзеге асыру жоспары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы шығып, қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Қорыта айтқанда, Сыбайлас жемқорлықтың тамыры тереңде жатқан қауіпті әлеуметтік құбылыс. Ресей тарихындағы I Петрдің кезінде пара алғанды да, пара бергенді де жазалап, өлім жазасын тағайындағанын көреміз. Одан кейін II Екатеринаның кезінде заңға сұғанақтық жасаған адамды қатаң жазалап отырған. Тарихқа үңілсек, осындай мәліметтер арқылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес бұрын да болғанын, бұл мәселенің әлі күнге өзекті мәселелердің бірі болып отырғанын көреміз.
2 тапсырма
Коррупция - (лат. corruptio - сатып алу) — мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері.
Агенство - (лат. agens/agentіs — әрекет етуші). өкілетті мекеме, бөлімше. Бір аймақта (басқа елдерде, қалаларда) ірі мекеменің, кәсіпорынның ісін жүйелі жүргізіп, тапсырмаларын орындайды, олардың өнімдерін тарату және сатумен айналысады.
Делдал - қор және тауар биржаларында, валюта рыноктарында тауар, валюта, құнды қағаздар, т.б. құндылықтарды сатушылар мен алушылар арасында мәміле жасасу кезінде арада жүретін ресми делдал (жеке адам немесе фирма).
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық - мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады.
Белсенді сыбайлас жемқорлық - ұсыныс жасаған, уәде берген немесе басқа адамға оның қоғамдық немесе бизнес функциясына қатысты заңсыз немесе заңсыз әрекет ету үшін ынталандыру ретінде басқа адамға аздап заңсыз артықшылық беретін адам жүзеге асырады.
Тұрмыстағы сыбайлас жемқорлық - түрлі әлеуметтік жеңілдіктер мен қызмет үшін тұрғындардан пара алу, заңның бұзылуын жасыру, түрлі рұқсатнамалар алу.
Пара - белгілі бір мәселе тиімді шешілу үшін лауазымды адамға берілген ақша, бағалы қағаз, басқа да мүлік немесе мүліктік құқық.
Парақорлық - Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның, өзі немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлікке құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алуы, егер, мұндай іс-әрекет (әрекетсіздік) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттігіне кіретін болса не ол қызметтік жағдайына байланысты осындай іс-әрекетке (әрекетсіздікке) мүмкіндік жасаса, сол сияқты жалпы қамқоршылығы немесе қызметі бойынша жол беруі.
Активтерді қайтару - тиімді қайта пайдалану немесе иеліктен шығару арқылы пайдаланылмаған немесе аяқталған активтердің құнын арттыру процесі.
Бопсалау - қылмыстық әрекет. Зорлық көрсету, мүлікті жойып жіберу не бүлдіріп тастау, сондай-ақ жәбірленушіні, оның туыстарын масқаралайтын, олардың мүдделеріне елеулі нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату, жариялау қаупін төндіре отырып, бөгде біреудің мүлкін немесе мүлікті иелену құқын беруін, сондай-ақ, мүліктік сипаттағы басқалай іс-әрекеттер жасауын талап ету.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет