Аманиязова Айгүл Өтеуліқызы Бастауыш сынып мұғалімі №4 облыстық мектеп-интернаты



Дата11.01.2017
өлшемі58.2 Kb.
Аманиязова Айгүл Өтеуліқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

4 облыстық мектеп-интернаты



Атырау қаласы

Пәні: Дүниетану

Тақырыбы: Суды қорғау.
Мақсаты:

а) білімділігі: Табиғаттағы судың тіршіліктегі маңызын, пайдасын, судың табиғаттағы айналасын, айналыстың бір жер асты суы, оның пайдасын, Қазақстандағы ірі өзендер , олардың географиялық орны, шаруашылық мәні, адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Суды қорғау туралы әңгімелеу.


ә) дамытушылығы: Экологиялық оқушының сөз қорын молайту, жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру.
б) тәрбиелігі: Экологиялық тәрбие беру және қорғау мүддеміз екенін білу. Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат ананы қорғап, аялауға үйрету.
Сабақтың түрі: Экологиялық сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, топтастыру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Карта, тыйым сөздер, мақал-мәтелдер, сөзжұмбақ, суды

ластаушы заттар.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық

Табиғат-біздің анамыз, Жер байлығы көп екен,

Табиғатқа баламыз. Меңгеруді қалайды.

Табиғатты қорғайтын, Осының бәрін меңгерткен,

Біз әдепті баламыз. Дүниетану сабағы.

Қандай бөлімді өтіп жатқанын сұрау
ІІ. «Бәйге» ойыны

Сұрақтарға жауап алу.


  1. Судың тіршілік үшін қандай маңызы бар?

  2. Шипалы сулар деп қандай суларды атаймыз?

  3. Минералды сулар қалай пайда болды?

  4. Өзен қандай бөліктерден тұрады?

  5. Табиғатта қоспасы жоқ, тап-таза су бола ма?

  6. Картадан Қазақстанда кездесетін ірі көлдерді көрсет


ІІІ. Топпен жұмыс

І топ: Судың пайдасы: тазалық, ыдыс жуу, беті қолды жуу, ас пісіру,

терезе жуу, егін, бақша суару



ІІ топ: судың зияны: лас су ауру туғызады, тасқын пайда болады, тау

жыныстарын бұзады, жер бетін өзгертеді.


Су тасқыны, тасқын сулар туралы мәліметтер беру.
Мұғалімнің сөзі:

  • Балалар, сендер бұлақ, өзен жайлы айтып шықтыңдар. Енді мына бір сөзжұмбақты шешейік.


Сөзжұмбақ шешу.

  1. Өлі табиғатқа жататын зат, өзен ішінде, тауда көп болады. (тас)

  2. Өзен, бұлақ бастауы қайдан? ( тау)

  3. Адамдардың айыз су алатын орны. (құдық)

  4. Үлкен мұхит атауы ( тынық)

  5. Қазақстанның ірі көл атауы. ( Балқаш)

  6. Теңіздің тартылуына байланысты зардаптармен күресу үшін халықаралық не құрылды? (қор)

  7. Ауданымыздың шипалы су жерінің атауы. ( арасан)

  8. Су несіз болмайды? (саға)

  9. Қазақстан өзен атауы. (Нұра)

  10. Су өсімдігі. (суқияқ)




  • Үйге тапсырма ретінде сендерге шығармашылық тапсырма берген болтынмын. Сол тапсырмаларды сабақ барысында сұрамын


ІҮ. Жаңа сабақ. Суды қорғау. Түйіндеу немесе бекіту сабағы

«Суды қорғау» дегенді қалай түсінесіңдер (ой тастау)

Оқулықпен жұмыс


  • Сусыз тіршілік жоқ. Адам денесінің басым бөлігі судан тұрады. Егер адамның салмағы 70 кг болса, оның 50 кг су. Сусыз жануарлар тіршілік ете алмайды. Мысалы:

1 кг картоп өсіруге 300л

1 кг бидай өсіруге 1200л

1 т шойын қорытуға 130т

1 т алюминий алуға 1000л

Піл тәулігіне 90 л су ішеді.
Арал теңізі туралы айтып кету.

Ү. Жаңа сабақты түсіндіру.

- Сусыз жер бетіндегі ешбір ағза тіршілік ете алмайды. Ол барлық жануарлар мен өсімдіктердің құрамына кіреді. Адам тамақ ішпей бір айдан астам уақыт өмір сүре алады, ал сусыз үш күн де тұра алмайды. Су егін егуге, өндіріске, күнделікті тұрмысқа барған сайын көбірек керек болады. Алайда ішуге жарамды таза су жер бетінде барған сайын азайып бара жатыр. Адамдар суды өнеркәсіп қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда.

ҮІІ. «Ой толғаныс» баспалдағы.

1. Су туралы мақал-мәтелдер жазу.

2. Судың маңызы туралы әңгіме жазу.

3. Ұйқас бойынша өлең құрастыру.

4. Суға байланысты тыйым сөздер.

5. Сурет салу.


ҮІІІ. Топтастыр, түсіндір, дәлелде
Суды қорғау. Лас су қайдан пайда болады? Ластанған судың зияны.
ІХ. Бекіту сабағы

Су жүргізер тіршіліктің тамырын,

Су жоқ болса, тірлік тәмам, бауырым.

Судың біздер біле тұра маңызын,

Көп болған соң, ұмытамыз қадірін,-дей отырып сабағымызды бекітейік
Х. Сауалнама


  1. Су қандай зат?

а) қатты; ә) сұйық; б) жұмсақ.

2. Жер бетінің су алып жатқан бөлігі..

а) екіден бір; ә) үштен бір; б) төрттен бір.

3. Судың пішіні бар ма?

а) дөңгелек; ә) төртбұрыш; б) жоқ.

4. Халық арасында ... қайнар көз, бастау деп аталады?

а) көл; ә) бұлақ; б) теңіз.

5. Өзеннің көлге, теңізге барып қосылатын жері қалай аталады?

а) саласы; ә) арнасы; б) сағасы.

6. Жер шарында ең көп тараған сұйық зат.



а) тұз; ә) су; б) мұз.
ХІ. Сабақты қорыту.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:

  • Мінекей, балалар, бізді қоршаған орта-табиғатты қорғау әрқайсымыздың міндетіміз. Су біздің байлығымыз, оған қамқорлықпен қарау әр уақытта естеріңде болсын! Біздің елімізде су қоймаларын қорғау туралы арнаулы заң қабылданды. Ол заң бойынша барлық сарқынды су, өзендер мен көлдерге ағызылар алдында міндетті түрде зиянды қоспалардан тазартылуы керек.

ХІІ. Бағалау.

ХІІІ. Үйге тапсырма: Оқу, мазмұнын айту.

«Суды қорғау» тақырыбына әңгіме құрап келу.
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет