АҚмола облысы архивтер мен қҰжаттамалар басқармасының «КӨкшетау қаласының мемлекеттік архиві» коммуналдык мемлекеттік мекемесі



Дата31.12.2019
өлшемі200,5 Kb.


АҚМОЛА ОБЛЫСЫ АРХИВТЕР МЕН ҚҰЖАТТАМАЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ «КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІ» КОММУНАЛДЫК МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ




Мақұлданды

Көкшетау қаласының

мемлекеттік архив директоры

Т. Какпенов

2017


2018 ЖЫЛҒА

КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ МӘНДІ ЖӘНЕ ЕСТЕН КЕТПЕС УАҚИҒАЛАР КҮНТІЗБЕСІ

Көкшетау қаласы

2017 жыл


М А З М Ұ Н Д А М А

Алғысөз___________________________________________________________3


2018 жылдың ерекше мәнді және естен кетпес уақиғалары____________________4-9
Күні анықталмаған

ерекше мәнді және естен кетпес уақиғалар _________________________________ 10


Күні мен айы анықталмаған

ерекше мәнді және естен кетпес уақиғалар _________________________________11


2018 жылдың ерекше мәнді және естен кетпес

уақиғаларына анықтама-аннотациялар___________________________________12-20


Қосымша 1

2018 жылы мерейтойлары және басқа естен кетпес

уақиғалары тойланатын жеке қорлар иелерінің тізімі_________________________21
Қосымша 2

Пайдаланған көздер мен әдебиеттер тізімі _______________________________ 22-27



А Л Ғ Ы С Ө З
2018 жылға Көкшетау қаласының ерекше мәнді және естен кетпес уақиғалар күнтізбесі Көкшетау қаласының мемлекеттік архивімен дайындалған.

Күнтізбеге Көкшетау қаласының тарихынан, саяси, шаруашылық, мәдени өмірінен аса маңызды оқиғаларының даталары, сондай-ақ мекемелердің, кәсіпорындардың құрылуы, әйгілі жерлестеріміздің, солардың ішінде құжаттары Көкшетау қаласының мемлекеттік архивта мемлекеттік сақтауында орналасқан жеке қорлар қорқұрастырушыларының мерейтойлары даталары енді.

Мерейлі даталар мен уақиғаларын анықтауында архивтік картотекалар, мекемелер, ұйымдар мен кәсіпорындардың қорлары, жеке қорлар, сонымен бірге мерзімді баспасөз, алдағы жылдардың ерекше мәнді және естен кетпес уақиғалар күнтізбесі негізгі көздер ретінде болды.

Күнтізбе архивтік құжаттардың насихаттауына және популяризациясына, олардың ғылыми-зерттеу жұмысында қолданылуына, мәдени-ағарту мекемелердің, оқу орындардың, қоғамдық бірлестіктердің қызметін ақпараттық қамтамасыздандыруына арналған.

Күнтізбе төрт тараудан тұрады. Біріншіде хронологиялық тәртіпте орналасқан, күні мен айы көрсетілген ерекше мәнді және естен кетпес уақиғалар тізімі орналасқан. Екінші тарауға күні анықталмаған уақиғалар, ал үшіншіге күні мен айы анықталмаған уақиғалар енгізілген. Анықтама-аннотациялар мемлекеттік архивтің құжаттары, жарияланған көздер мен мерзімді баспасөз арқылы мәліметтері анықталған 2018 жылдың ерекше мәнді уақиғаларына құрастырылған. Олар мен оларға әдебиеттер тізімі төртінші тарауда ұсынылған. Әрбір дата қорға не басқа көзге сілтеуімен жабдықталуда. Осы күнтізбеде анықтама-аннотациясы берілген даталар * белгісімен, алғашқысында берілгендері ** белгісімен белгіленген.

Күнтізбеге келесі қосымшалар берілген:

1. 2018 жылы мерейтойлары және басқа естен кетпес уақиғалары тойланатын жеке қорлар иелерінің тізімі;

2. Пайдаланған көздер мен әдебиеттер тізімі.



Ақпарат және құжаттарды пайдалану

бөлімінің басшысының м. а. А. Тлеубергенова

22.08.2017


2018 жылдың ерекше мәнді және естен кетпес уақиғалары
02 қаңтар Ғалым-педагог, жазушы Мәлік Ғабдуллиннің қайтыс болғанына 40 (1915-1973) жыл және Кеңес Одағының Батыры атағы берілгеніне 75 жыл (1943).

____________________________________________

Мәлік Ғабдуллиннің қазанамасы. // Степной маяк. - 1973. - 5 қаңтар. - б. 3.

Сұлтаняев О. Ғалым, батыр, азамат. // Степной маяк.- 1995. - 10 қазан. - б. 2.


22 қаңтар Көкшетау қаласының құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы – Владимир Артемович Плюшконың туғанына 85 жыл (1933).

_______________________________________________

КҚМА. Қ. 98. Т. 1. Іс. 353. Б. 44-48.

Раимбеков А. Мои года-мое богатство. // Степной маяк. - 2013. - 24 қаңтар. - б. 2.


08 ақпан** Көкшетау қаласы әкімшілігі мұрағатының құрылғанына 25 (1993) жыл (қазір Ақмола облысы мұрағаттар мен құжаттама басқармасының «Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағаты» КММ).

Көкшетау қаласы әкімінің 08 ақпан 1993 жылғы № 60а шешімі.

___________________________________________

КҚММ. Қ. 98. Т. 1. І. 1. Б. 1.

КҚММ. Қ. 9. Т. 1. І. 57. Б. 119.
14 ақпан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері – Куклинский Яков Ароновичке мемориалдық тақтаның орнатылуына 15 (2003) жыл. 2003 жылдың 14 ақпандағы № а-1/103 Көкшетау қаласы әкімдігінің қаулысы.

Я. А. Куклинскийдің құжаттары Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағатында жеке тектік қор құрған.

___________________________________________

КҚММ. Қ. 449. Оп. 1.

КҚММ. Қ. 430. Т. 1. І. 742. Б. 177-181.
14 ақпан Көкшетау облыстық сотының төрағасы – Хурманғалиев Қазкен Хурманғалиұлына мемориалдық тақтаның орнатылуына 15 (2003) жыл.

2003 жылдың 14 ақпандағы № а-1/104 Көкшетау қаласы әкімдігінің қаулысы.

___________________________________________

КҚММ. Қ. 449. Т. 1. І. 742. Б. 182-186.


23 ақпан** Ұлы Отан соғысына қатысушы, еңбек ардагері Камали Мұрзахметовтың туғанына 100 (1918) жыл.

К. Мұрзахметов құжаттары Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағатында жеке тектік қор құрған.

___________________________________________

КҚММ. Қ. 431. Т. 1. І. 1. Б. 7.


25 ақпан** Партия ардагері Ташқымбай Қаңтарбаевтың қайтыс болғанына 35 (1906-1983) жыл.

1939 жылдан 1944 жыл бойынша Көкшетау аудандық партия комитетін басқарған.

_______________________________________________

Т. Қаңтарбаевтың қазанамасы. // Степной маяк. - 1983. - 26 ақпан. - б. 3.


27 ақпан Мемлекет және саяси қайраткер, публицист, жерлесіміз – Зарап Мұсаұлы Темірбековтің қайтыс болғанына 80 (1906-1938) жыл.

З. М. Темірбеков құжаттары Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағатында жеке тектік қор құрған.

_____________________________________

КҚММ. Қ. 455. Т. 1. І. 2.


01 наурыз Қаладағы бірінші кең экранды «Дружба» кинотеатрының (қазіргі «Cinema Alem») ашылғанына 55 (1963) жыл.

1963 жылғы 16 қаңтардағы Көкшетау қалалық атқару комитетінің шешімі. __________________________________

КҚММ. Қ. 9. Т. 1. І. 625. Б. 12.

Покачалов К., Савенков Я. Есть широко-экранный. // Степной маяк. - 1963. - 3 наурыз. - б. 4.


20 наурыз 10 (2008) жыл бұрын көшелердің атаулары өзгертілді: Чапаев – Қанай би, Пугачев – Рақымбек Сабатаевқа.

_____________________________________

О переименовании улиц в г. Кокшетау. // Степной маяк. – 2008. – 3 сәуір. – б. 1.
20 сәуір 80 (1938) жыл бұрын көшелердің атаулары өзгертілді: Прямая – Воровскийге, Воинская – Калининаға, Базарная – Горькийге, Новая – 8 мартқа, 1-я кладбищенская – Островскийге.

Қалалық Кеңес Президиумының 20 сәуір 1938 жылғы қаулысы.

_____________________________________

КҚММ. Қ. 9. Т. 1.І. 29. Б. 38.

15 мамыр Көкшетау қаласы Ақмола облысының прокуратурасы ғимаратының алдында Қазақ КСР бірінші прокуроры Ғалым Елемесовтың мұражайы мен мүсінінің ашылғанына 5 жыл (2013).

_____________________________________

Кусаинова С. Памяти Галыма. // Степной маяк. – 2013. – 16 мамыр. – б. 3.

17 мамыр Қазақ КСР-ының еңбек сіңірген ұстазы – Баржақсы Ғабдоллаұлы Қасеновтың туғанына 90 (1928) жыл.

Б. Ғ. Қасеновтың құжаттары Қазақ КСР еңбек сіңірген ұстаздардың жеке тектік топтамасының құрамына енгізілді

_____________________________________

КҚММ. Қ. 37. Т. 8. І. 2. Б. 1.


01 маусым Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ұстазы Сүлейменова Шанзалина Нақыпқызының туғанына 85 (1933) жыл.

Ш. Н. Сүлейменованың құжаттары Қазақ КСР еңбек сіңірген ұстаздардың жеке тектік топтамасының құрамына енгізілді.

_____________________________________

КҚММ. Қ. 37. Т. 7. І. 1.


06 маусым* Революционер, көрнекті мемлекет қайраткері – Валериан Владимирович Куйбышевтің туғанына 130 (1888-1935) жыл.

___________________________________

КҚММ. Қ. 163. Т. 1. І. 6. Б. 9, 26.

КҚММ. Қ. 163. Т. 1. І. 22. Б. 1-31.


19 маусым Кеңес Одағының Батыры, ұшқыш-ғарышкер Валерий Федорович

Быковскийдің Көкшетау жеріне қонғанына 55 (1963) жыл.

_____________________________________

ТАСС хабарламасы. // Степной маяк. - 1963. - 21 маусым. - б. 1.

Ғарышкер – бес көкшетаулықтарда қонақта. // Степной маяк. - 1966. – 16 тамыз. - б. 1, 3.

28 маусым Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі Ольга Ивановна Комлеваның қайтыс болғанына 30 (1911-1988) жыл.

О. И. Комлева құжаттары Қазақ КСР еңбек сіңірген ұстаздарының жеке тектік құжаттар топтамасының құрамына енді.

____________________________________

КҚММ. Қ. 275. Т. 10.

Степной маяк. - 1988. - 29 маусым. - б. 8.
30 маусым Қазақстан Республикасының экология және табиғи ресурстар министрі – Даукеев Серікбек Жүсіпбекұлына «Көкшетау қаласының құрметті азаматы» атағын бергеніне 15 (2003) жыл.

2003 жылдың 30 маусымдағы № С-40/10 Көкшетау қалалық мәслихаты 2-ші шақырылымының қырықыншы сесиясының шешімі

_____________________________________

КҚММ. Қ.450. Т. 1. І. 200. Б. 84.


07 шілде Жазушы, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы Ибрагим Низамович Салаховтың қайтыс болғанына 20 (1911-1998) жыл.

И. Н. Салахов құжаттары Көкшетау қаласының мұрағатында жеке қор құрады.

_____________________________________

КҚММ. Қ. 292. Т. 1. І. 84. Б. 1-2.


09 шілде** Ақын Александр Яковлевич Бретманның туғанына 100 (1918) жыл.

А. Я. Бретман құжаттары Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағатында жеке қор құрады.

_____________________________________

КҚММ. Қ. 301. Т. 1. І. 22. Б. 1.


30 шілде* Саяси және мемлекет қайраткері – Әшімов Байкен Әшімұлына «Көкшетау қаласының құрметті азаматы» атағын бергеніне 20 (1998) жыл.

1998 жылдың 30 шілдесіндегі № с-21/15 Көкшетау қалалық мәслихаты 1-ші шақырылымының жиырма бірінші сессиясының шешімі.

_____________________________________

КҚММ. Қ. 450. Т. 1. І. 50. Б. 42.


01 тамыз* 20 (1998) жыл бұрын Көкшетау мемлекеттік университеті ғимаратының алдында Шоқан Уәлихановқа мүсін орнатылды.

_____________________________________

Установлен бюст Шокана. // Степной маяк. - 1998. - 5 тамыз. - б. 1.
05 тамыз Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі Клавдия Константиновна Солонскаяның туғанына 95 (1923) жыл.

К. К. Солонская құжаттары Қазақ КСР еңбек сіңірген ұстаздарының жеке тектік құжаттар топтамасының құрамына енді.

_____________________________________

КҚММ. Қ. 275. Т. 6. І. 1. Б. 1.



15 тамыз Соғыс, партия мен еңбек ардагері Федор Савельевич Ипаткиннің туғанына 95 (1923) жыл.

Ф. С. Ипаткин құжаттары Көкшетау қаласының мұрағатында жеке қор құрады.

_____________________________________

КҚММ. Қ 454. . Т. 1. І. 1. Б. 1, 9.


26 тамыз Көкшетау облыстық «Степной маяк» газетінің редакторы Аркадий Ильич Кацтың туғанына 90 (1928) жыл.

А. И. Каца құжаттары Көкшетау қаласының тарихы бойынша жеке тектік кұжаттар топтамасының құрамына енді.

_____________________________________

КҚММ. Қ. 95. Т.1(жалғ.). І. 11. Б.1.


30 тамыз* Профессор, геологиялыминералды ғылымының кандидаты, Қазақстан Республикасының Құрметті жер қойнауын барлаушы Қазбеков Айтқажы Қазбекұлының туғанына 85 (1933) жыл.

А. Қ. Қазбеков құжаттары Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағатында жеке қор құрады.

_____________________________________

КҚММ. Қ. 440. Т. 1. І. 1. Б. 1.


03 қыркүйек* Профессор, медицина Ғылымының докторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері Қоңыратбек Құрманбайұлы Құрманбаевтың қайтыс болғанына 25 (1936-1993) жыл.

___________________________________

Некролог К. К. Курманбаеву. // Степной маяк. - 1993. - 9 қыркүйек. б. 3.

Перерва И. Сотвори имя свое. // Акмолинская правда. - 2003. - 2 тамыз. – б. 3.


04 қыркүйек Ауыр атлетика бойынша спортшы – Грабовецкая Мария Александровнаға және Қазақстан Республикасы әйелдер жарты финалды ұлттық құрама команданың аға тренері – Оздоев Батырбек Магомедовичке «Көкшетау қаласының құрметті азаматы» атағын бергеніне 10 (2008) жыл.

___________________________________

Сделано немало, предстоит больше.// Степной маяк. - 2008. - 11 қыркүйек. – б. 2.
06 қыркүйек Саяси және қоғам қайраткері, Көкшетау қаласының Құрметті азаматы Василий Никифорович Зубтың туғанына 90 (1928) жыл.

В. Н. Зуб құжаттары Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағатында жеке қор құрады.

_________________________________________

КҚММ. Қ. 448. Т. 1.


07 қазан 25 (1993) жыл бұрын Кокчетав қаласын орыс тілінде Көкшетау қаласы деп атау шешілді.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Президиум Кеңесінің 7 қазан 1993 жылғы № 2410-XII қаулысы.

___________________________________________

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ведомостері. - 1993. - 7 қазан. – б. 78-79.


21 қазан 55 (1963) жыл бұрын теміржолшылардың мәдениет сарайы пайдалануға берілді (қазір бұл ғимаратта Ақмола облысының филармониясы орналасқан).

Көкшетау қалалық атқару комитетінің 21 қазан 1963 жылғы № 22-469 шешімі.

_____________________________________

КҚММ. Қ. 9. Т. 1. І. 650. Б. 55, 58.

КҚММ. Қ. 9. Т. 1. І. 652. Б. 8.
28 қазан Көкшетау облысының Ленин орденімен марапатталғанына 60 (1958) жыл.

____________________________________

Клещев А. Новый успех на целинных землях Кокчетавщины. // Кокчетавская правда. - 1958. - 29 қазан. - б. 1.
15 қараша 25 (1993) жыл бұрын Қазақстан аумағында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңге айналымға енгізілді.

Қазақстан Республикасы Презиидентінің 2 қараша 1993 жылғы жарлығы.

_____________________________________

Степной маяк. - 1993. - 13 қараша. - б. 1.


25 қараша 25 (1993) жыл бұрын Көкшетауда валюта айырбастау пунктері жұмыс істей бастады.

___________________________________

Юрьева А. Будут открыты обменные пункты. // Степной маяк. – 1993 - 23 қараша. - б. 1.
05 желтоқсан Саяси және мемлекет қайраткері – Әуелбеков Еркін Нұржанұлына «Көкшетау қаласының құрметті азаматы» атағын бергеніне 20 (1998) жыл.

1998 жылдың 5 желтоқсандағы № С-22/5 Көкшетау қалалық мәслихаты 1-ші шақырылымының жиырма екінші сессиясының шешімі.

___________________________________

КҚММ. Қ. 450. Т. 1. І. 52. Б. 6.


05 желтоқсан «Истоки» славяндық мәдени-ағарту қоғамының төрағасы – Санчило Зинаида Алексеевнаға «Көкшетау қаласының құрметті азаматы» атағын бергеніне 20 (1998) жыл.

1998 жылдың 5 желтоқсандағы № С-22/6 Көкшетау қалалық мәслихаты 1-ші шақырылымының жиырма екінші сессиясының шешімі.

З. А. Санчилоның құжаттары Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағатында жеке қор құрады.

___________________________________

КҚММ. Қ. 450. Т. 1. І. 52. Б. 7.

КҚММ. Қ. 193. Т. 1.


05 желтоқсан «Элеватормельмонтаж» ӨСФ ЖШС директоры – Плюшко Владимир Артемовичті «Құрмет» орденімен марапатталғанына 10 (2008) жыл.

2008 жылдың 5 желтоқсандағы № 708 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.

__________________________________

О награждении государственными наградами Республики Казахстан. // Степной маяк. 2008. - 18 желтоқсан. – б. 1.


10 желтоқсан** Саяси және мемлекет қайраткері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы – Әуелбеков Еркін Нұржанұлына Социалистік Еңбек Батыры атағын бергеніне 45 (1973) жыл.

Е. Н. Әуелбековтің құжаттары Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағатында жеке қор құрады.

___________________________________

КҚММ. Қ. 447. Т. 1. І. 6. Б. 6.


12 желтоқсан Ауғанстанда мерт болған жауынгерлерге арналған ескерткіштің ашылғанына 15 (2003) жыл.

_____________________________________

КҚММ. Қ. 178. Т. 2. І. 1452.

КҚММ. Қ. 460. Т. 1. І. 4.



15 желтоқсан «Достық» қонақ үйінің ашылғанына 35 (1983) жыл (қазір «Достық» ЖШС жеке қонақ үйі кешені).

Көкшетау қалалық атқару комитетінің 15 желтоқсан 1983 жылғы шешімі.

_____________________________________

КҚММ. Қ. 9. Т. 3. І. 2810. Б.44.



22 желтоқсан «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қабылдауына 20 жыл (1998) .

_____________________________________

Закон Республики Казахстан «О Национальном архивном фонде и архивах». // Кокчетавская правда. 1998. - 29 желтоқсан. – б. 4.
28 желтоқсан Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі Муршида Хасановна Яхинаның туғанына 100 (1918) жыл.

М. Х. Яхина құжаттары Қазақ КСР еңбек сіңірген ұстаздарының жеке тектік топтамасының құрамына енді.

_____________________________________

КҚММ. Қ. . 275 Т. 1. І. 1. Б. 1.


2018 жылдың күндері анықталмаған

ерекше мәнді және естен кетпес уақиғалары
мамыр Көкшететау қаласының құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген құрылысшысы Владимир Артемович Плюшконың қайтыс болғанына 05 жыл (2013)

_____________________________________

Некролог Плюшко В. А. // Степной маяк. - 2013. - 30 мамыр. - б. 26.

шілде 55 (1963) жыл бұрын қаланың орталығында В. И. Ленинге ескерткіш орнатылды. 1998 жылдың 21 қазанында ол қалалық саябаққа ауыстырылды.

__________________________________

Авторы памятника В.И.Ленину в Кокчетаве. // Степной маяк. - 1963. - 28 шілде. - б. 2.

Лукьященко В. Памятник Ленину перевезен в городской парк. // Степной маяк. - 1998. - 23 қазан. - б. 1


қыркүйек «Аялау» мүмкіндіктері шектеулі балалардың қысқа мерзімді болу орталығының ашылуына 10 (2008) жыл.

_____________________________________

Ахметжанов Д. Счастье пришло в день города. //Степной маяк. - 2008. - 25 қыркүйек. - б. 3.
қазан «Жібек жолы» көп атқарымды нарықтың ашылуына 10 (2008) жыл.

____________________________________

Кимов Е. Базар по-новому. /Степной маяк. – 2008. -30 қазан. – б. 1.
қазан Көкшетау қаласындағы әуежайдың ашылғанына 05 жыл (2013). _____________________________________

Тегжанова И. Полетаем... // Степной маяк. - 2013. – 24 қазан. - б. 1.



желтоқсан Көкшетау қаласындағы тутұғырдың ашылғанына 05 жыл (2013).

_____________________________________

Кимов Е. По пути с Лидером. // Степной маяк. - 2013. – 5 желтоқсан. - б. 1-2.
желтоқсан Көкшетау қаласындағы теннис орталығының ашылғанына 05 жыл (2013).

_____________________________________

Раимбеков А. Большой теннис в Кокшетау. // Степной маяк. - 2013. – 19 желтоқсан. - б. 1.

2018 жылдың айы мен күні анықталмаған

ерекше мәнді және естен кетпес уақиғалары
40 жыл (1978) лента тоқу фабрикасы пайдалануға берілді (қазір оның аумағында «Новопэк» ЖШС қызмет жүргізеді).

____________________________________

Николаев А. Они строили фабрику. // Степной маяк. - 1979. - 4 қаңтар. - б. 1.
60 жыл (1958) «Комсомолдың 40 жылдығы» атындағы Көкшетау тігін фабрикасы құрылды (қазір ол «Көкшетау тігін фабрикасы»ЖШС).

_____________________________________

Королев И. Богатые перспективы у нашего города. // Кокчетавская правда. - 1958. - 28 қараша. - б. 2.

Қазақ КСР. 4 томды қысқа энциклопедиясы. – Алматы: Қазақ кеңестік энциклопедиясының бас редакциясы, 1988. Т. 2. б. 271.


65 жыл (1953) Көкшетау қалалық партия комитеті ғимараты пайдалануға берілді (қазір Ақмола облысының шығармашылық орталығы орналасқан). Сәулет ескерткіші болып табылады.

Көкшетау қалалық кеңесінің 4-ші шақырылымының оныншы сессиясы отырысының 25 ақпан 1954 жылғы хаттамасы.

_____________________________________

КҚММ. Қ. 9. Т. 1. І. 215. Б. 9.

Ковалев И. Решительно ускорить строительные работы в городе. // Сталинское знамя.- 1954. - 10 қазан.- б.2.
75 жыл (1943) жыл бұрын Кеңес Одағының Батыры Алексей Сергеевич Куница қайтыс болды.

_____________________________________

Герои Советского Союза - Кокчетавцы.- Кокчетав: облтип., 1977. б. 20.
80 жыл* (1899-1938) бұрын саяси және мемлекет қайраткері Әбілқайыр Ысқақұлы Досов қайтыс болды.

Ә. Ы. Досов құжаттары Көкшетау қаласының мұрағатында жеке қор құрады.

_____________________________________

КҚММ. Қ. 456.Т. 1. І. 10-11.

Кожин Г. Воспитан революцией. // Степной маяк. - 1989. - 16 мамыр. - б. 2.
100 жыл 100 (1918) жыл бұрын Кеңес Одағының Батыры – Менщиков Петр Михайлович дүниеге келді.

_____________________________________

Герои Советского Союза – Кокчетавцы. – Кокчетав: облтип., 1977. Б. 11.
175 жыл (1843) бұрын ақын, әнші, композитор, шебер орындаушы Ақан сері Қорамсаұлы дүниеге келді.

___________________________________

Султаньяев О. Феномен Акана-серэ. // Степной маяк. - 1993. - 4 мамыр. - б. 3.

Жұмабаев М. Жизнь Акана. // Степной маяк. - 1993. - 29 шілде. - б. 1.



06 маусым Революционер, көрнекті мемлекет

қайраткері – Валериан Владимирович

Куйбышевтің туғанына 130 жыл.
2018 жылдың 6 маусымда ірі әскери қайраткер, саясаткер, ақын – Валериан Владимирович Куйбышевтің туғанына 130 жыл.

Омбы қаласында әскери офицердің және мұғалімнің жан-ұясында 1888 жылы дүниеге келді. Бала үш жасқа жетпеген еді, оның жан-ұясы Көкшетау қаласына көшті. Олар Қопа көлінің жанында бірқабатты ағаштан салынған үйде тұра бастады. Валерианның әкесі – Владимир Яковлевич жергілікті әскери әміріне басшы болып тағайындалды. Шешесі Юлия Николаевна Валериан оқыған бастапқы казак мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді. Ол он жасқа жеткенде, оны Омбы қаласында орналасқан Сібір кадет корпусына жіберген. 6-шы сыныпта оқығанда, ол жасырын әлеуметтік-демократиялық үйірмелерімен байланыс жасасқан. Сонымен Көкшетауға демалысқа келгенде партияның тапсырмаларын орындаған: қалада, әскери казармаларда листовкалар таратқан.

Омбы, Петропавл, Томск, Самара, Петербург – барлық осы қалалар большевик-подпольшиктің жарқыраған іскерлікпен белгіленген. Сегіз тұтқынға алынуы, төрт жер аударуы, жеті жыл абақтыда өткізгені, олардан қашуы. Азаматықта – ірі әскери қызметкер Фрунзе, Тухачевский сияқты әйгілі қолбасшыларының қатарында – Қызыл Армиясының рухтандырушысы, жеңістерінің ұйымдастырушысы.

Куйбышев жан-жақты дарын адам болған, бәрінде ең жақсысына ұмтылып, міндетті түрде, оған жеткен. Әлеуметтік құрылыстың жылдарында Главэлектроны басқарып, оның басшылығымен бәріне мәлім ГОЭЛРО жоспарының бірінші электрстанциялары салына басталған. 1926 жылы, Ф. Э. Дзержинскийдің қайтыс болуынан соң, Халық Шаруашылықтың Жоғары Кеңесін (ХШЖК) басқарады, кейін КСРО Мемлекеттік жоспардың төрағасы болып тағайындылады.

Өмірбаянның ең маңызды жағы – 1934 жылы ол басқарған челюскиншілерді құтқаруы! Құтқару операцияларының жетістіктерінде ірі беделілердің көбі күмәнданғанын қазір білетіндері аз. Осы салада маман болмаған Куйбышев кейін дұрыс болып қалған челюскиншілерді самолеттермен құтқару шешімін қабылдаған. О. Ю. Шмидтің экспедициясының мүшелері мен «Челюскин» пароходтың экипажын құтқаруы бойынша Куйбышев басқарған комиссияның анық, іскер, батыл жұмыстары өз нәтижелеріне жетті – көп кешікпей барлық ел челюскиншілер-қаһармандарды, батыл ұшқыштарды зор құрметпен қарсы алған.

Өзінің 47 жасы ішінде Валериан Владимирович бірнеше адамға жетерліктей өте көп еңбек атқарған. Ол туралы оның баласы Владимир өз мақаласында осылай жазған: «...Ол жұмыс істей білді. Біріншіден, белгілі бір мәселесімен айналыса отырып, ол осы саланың бар кітабын алып оқыған. Ал ол осылай оқыған: барлық жолды оқуға онда уақыт болмаған. Ол бетті түгелдей бір сәтте қабылдап, одан керектігін белгіледі».

Куйбышевке жақын адам, Орталық еңбек институттың директоры А. К. Гастев есіне түсірген: ол оны ықыласырақ кешке сағат 11-де қарсы алды, «әдетте өз пәтерінде. Үстел үстінде ол мұқиат түрде оқуға тиіс болған бірнеше киле папкалар-істер. Және бұны осы түн ішінде істеу керек, ал ертеңге тағы да жаңа істер...».

Өзінің толық жұмыс бастығына қарамастан ол жұмыс істегендей өнімді дем ала алды. Шахматты, городки, волейболды жақсы көрді, жеңілгенде шын ренжіді, жеңіске шулап қуанатын, өлеңдер және лирикалық әңгімелер жазған. Фотосуреттермен қызыққан, өзі шоланда фотолабораторияны құрастырған, және де, егер Валериан Владимирович көбірек уақыт пленкаларды шығарса, суреттерді бастырса, оның жұмыс күні қиындай түсетінін үйдегілер білетін.

Көкшетау В. В. Куйбышевті ұмытпайды, есте сақтайды. 1989 жылдан 1905 жылға дейін оның жан-ұясы тұрған Чапаев (Қанай би) көшесіндегі үйде көп уақыт бойы В. В. Куйбышев атындағы Республикалық мемориалды мұражайы орналасқан, қазір қала тарихының Мұражайы. Осы үй Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылдың 21 наурыздағы Қаулысына сай республикалық мәнді ескерткіштер Тізіміне кіргізілген.

Сондай-ақ, Валериан оқыған және оның шешесі Ю. Н. Куйбышева оқытқан мектептің ғимараты да тарихи ескерткіш болып саналады, қазір ол С. Сейфуллин көшесіндегі арнайы балалар мен жастарға арналған спорттық мектеп. Қаланың батыс жағында, Абай көшесінің бастауында 1974 жылы, Көкшетаудың 150 жылдығын тойлау күндерінде ашылған В. В. Куйбышевке арналған ескерткіш орналасқан. Сонымен бірге қалада оның атындағы көше де бар.

_____________________________________________________________________

КҚММ. Қ. 163. Т. 1. І. 6. Б. 9, 26.

КҚММ. Қ. 163. Т. 1. І. 22. Б. 1-31.

30 шілде Саяси және мемлекет қайраткері –

Әшімов Байкен Әшімұлына

«Көкшетау қаласының құрметті азаматы» атағын беру күніне 20 жыл
Тағдырларында дәуір оқылатын, адамдар бар. Сондай адам Байкен Әшімов болған. Оның өмірбаяны – дара оқиға емес, бұл адам халқына, еліне түскен барлық сынаулардың әрқашан алдыңғы мәрелерде болған. Оның кетуімен кеңес мемлекеттілік заманы аяқталды, оның жасаушысы Байкен Әшімов болды. Майдангер, Социалистік Еңбек Ері Байкен Әшімұлы 14 жылдан аса Қазақ КСР Министрлер Кеңесін басқарған, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңес Төралқасының Төрағасы болған – Қазақстанның кеңес экономикасын құрған, онымен бірге қызу өрлеу кезеңін, ал кейін – тоқыру мен құлдырауын кешкен.

Бұл аңызға айналған адам әрқашан өз елінің шынайы азаматы, сирек қасиеттері бар адам болып қалған, олар оны көтермеледі. Жауапты, адал, ар-намысты, адамгершілік және мейірімді Байкен Әшімов өз елі мен халқына қызмет етті, республика жетістіктеріне қуанды, қиналған, туған жер дағдарысты сәттерді бастан кешкенде. 93 жасында қайтыс болған, бірнеше күн ғана сүйікті әйелі Бақыт Әсетқызынан ұзақ өмір сүрді.

…Ол 1917 жылдың 10 тамызында Көкшетау облысы, Рузаевка ауданы, Фрунзе селосында туған. Он бес жасар жасөспірім болып, Петропавл теміржол фабрика-зауыт училищесінде темір ұстасына оқып, қиын жұмыс еңбектің барлық ауыртпалықтарын кешірген. Кейінгі жылдары ол Солтүстік-Қазақстан облысының Ленин агроном-зоотехникалық ауылшаруашылық техникумын, Ленинград зоология мен өсімдік ауруы институтын, сонымен бірге ЦК КПСС жанындағы Жоғарғы партиялық мектебін бітірді.

1938 жылы Б. Ә. Әшімовты Киев айрықша әскери округіне Қызыл әскерге қызметке шақырылған, ал 1942 жылы майданған кетті. Ол Солтүстік-Шығыс және 1-ші Белорусс майдандардан, Варшава аймағындағы ұрыстардан өтті. Байкен Әшімұлы екі рет қатты жараланған болатын, ұзақ уақыт госпитальдарда жатты, алайда әрқашан қатарға қайтқан. Өмірінің аяғына дейін аяғында снарядтың жарқыншағы болған- жарақаты ота жасауына жатпайды….. Батылдығы мен ерлігі үшін Ұлы Отан соғысы жылдарында Қызыл Жұлдыз орденімен, І дәрежелі Отан соғысының екі ордендерімен, «За боевые заслуги» медалімен марапатталған. Польшаны фашист басқыншыларынан босатуында қатысқаны үшін «Вертути Милитари» ордені – осы елдің жоғары марапатына лайық болған.

Соғыстан кейінгі жылдары Байкен Әшімов шаруашылық, партиялық кеңес жұмыста қызмет еткен, Айыртау аудандық атқару комитетінің хатшысынан Көкшетау облыстық партия комитетінің екінші хатшысына дейін әр түрлі қызметтерде болып. Кейін Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағасы, Талдықорған облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып жұмыс істеген. 1970 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы лауазымына көтермелеген болатын, онда ол он төрт жыл бойы жұмыс істеген. Кейін 1984-1985 жылдарда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Төрағасы болған.

Б. Ә. Әшімов ЦК КПСС мүшесі, 8-11-ші шақырылымдар КСРО Жоғарғы кеңесінің, 6-11-ші шақырылымдар Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы лауазымында Байкен Әшімұлы жұмыс істеген жылдары республикада кәсіпорындардың техникалық қайта қаруландыруы, электрлендіру, өндірістің механикаландыруы мен автоматтандыруы белсенді өткізілген, жаңа технологиялар енгізілген. Шапшаң қарқынмен көлік, энергетика, химия және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау дамыған, Қазақстанның экономикалық әлеуеті өскен. Әшімовтар отбасына Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың хатынан: «Әйгілі мемлекет және қоғам қайраткері Байкен Әшімов еліміздің дамуы мен өркендеуіне ерекше зор үлесін қосқан … Ол көптеген мамандарды, өнеркәсіп иелерін, кәсіпқойлар мен көшбасшыларды тәрбиелеген. Үздік адамгершілік қаисеттерге ие болып, білімді, дана адам бола тұрып, ол еліктеу үшін өнеге болған және болып қалады…» (09.02.2010 «Казахстанская правда» газеті).

Шексіз құрметпен онымен жақын жұмыс істегендер мен араласқан адамдар сөз айтқан: «Сәті түсіп, 12 жыл Әшімов басқаруымен қызмет еттім, - Николай Колинко жазады. Оның жақындағы көмекшілердің бірі ретінде маған оны әр түрлі жағдайларда байқауға тура келді… Әрқашан талқыға салынған, мәселелердің күмәнсіз білімі, бірбеткейлігі мен талап етушілігі, абырой мен жауапкершіліктің асқар сезімі таңдардырған, шетел сұхбаттастармен келіссөз жүргізген, мемлекет, соның ішінде туған республиканың мүдделерін қорғаған,» (06.02.2010 «Казахстанская правда» газеті).

Туған ел алдыңдағы қызметі, жанкешті еңбегі, республикамыздың экономикасының қалыптасуы мен дамуына үлес қосқаны үшін Байкен Әшімұлы Социалистік Еңбек Ері атағына лайық болған, «Отан» орденімен, Ленин төрт орденімен марапатталған және басқа.

_____________________________________

КҚМА. Қ. 450. Т. 1. Іс. 50. Б. 42.


01 тамыз 20 жыл (1998) бұрын Шоқан Уәлиханов атындағы Мемлекеттік университетінің ғимараты алдындағы алаңда мүсінінің ашылуы болып өтті.
01 тамызда Шоқан Уәлиханов мүсінің ашылуы болып өтті. Осы оқиғаны қала тұрғындары көптен күткен. Худграф студенттері мен ұстаздары қолдарымен қара мәрмәр тұғырында қазақ халқының аса көрнекті ұлының мүсіні орнатылған. Ашылу рәсімінде қала әкімі В. Набитовский, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау универсиетінің ректоры, физика-математикалық ғылымдар докторы А. Айтмұхамбетов, Қазақстан Республикасының парламенті Мәжілісінің депутаты К. Ликер, білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау мен ақпарат және қоғамдық келісім министрлердің вице-министрлері Р. Токсеитов және Н. Бектурганов.

Шоқан Уәлиханов – қазақ халқының мақтанышы. Тарихшы, шығыстанушы, социолог, этнограф, фольклорист, публицист, географ және саяхатшы Уәлиханов өз еңбектерімен отандық ғылымды байытты, ал басқа облыстарда білімнің алғашқы негізін салды. Ал Уәлиханов 30 жылға дейін жарты жыл жетпей, қайтыс болғанын ескерсек, ілгерілеуге қызмет ету және туған халқының ағарту майданындағы оның өмірлік және ғылыми батырлығы түсінікті болады. Оның жан-жақты қызметі шын масаттану мен шексіз сыйынуды оятпай алмайды.

Жүз жылдан астам зерттеушілерді Ш. Уәлихановтың өмірі мен қызметі уайымдатады. Олар таңғаларлық қызықты! Сегіз жасына толмай, ол туған елдің пейзаждарын салған, он жасында шығыс классиктердің өлеңдерін жатқа көркемдеп оқыған. Алғашқы ғылыми еңбектерін он тоғыз жасында жазған, ал жиырма екі жасында Орыс географиялық қоғамының нағыз мүшесі болып сайланады.

Бастауыш білімді Шоқан Кушмурды қамалында және Сырымбетте, әжесінің мекенінде ұйымдастырылған, мектепте алған. 1847 жылдың күзінде он екі жасты Шоқан Омбыға Сібір кадет корпусына оқуға келді. Бұл сол уақыттың үздік оқу орындарының бірі болған. Декабрист И. Завалишин оны «ағарту және отансүйгіштік ордасы» деп атаған.

1853 жылы Уәлиханов корпустан кең білімді адам болып шықты.

Ол ғылымға, оның этикалық құндылықтарына сенген. Оның саяхаттары өмірін тәуекелге тігіп ұштастырылған болатын. Әсіресе, 1858 жылы Тянь-Шань арқылы Қашғарға өтіп, мұсылман-көпесі түрінде жасағаны болған. Тағы үш экспедиция болған – Жоңғарияға, Иссык-Кульге және Кульджуға. Және әр жерде Шоқан Уәлиханов байырғы халықтың тұрмыс салтына, табиғатына, өңір ландшафтарына қызығып жүрген, сонымен бірге ауызша аңыздарды жазған.

Қаныққан және жарқын Петербургтағы болған жылдары болған (1860-1861). Онда ол Азиялық департаментінде жұмыс істеген, Азияның дайындалып жатқан картасы бойынша мәліметтерді жалпылаған, әдеби қызметімен айналысады.

Еуропалық білімді адам бола тұрып Шоқан бетегелі даланы гранитті төсемелі жолдарға ауыстырыла алмады. Және әрқашан өз халқы мүдделерінің қорғаушысы болып қалған.

Міне сондай Шоқан Уәлиханов болған, оның балалық шағы Көкшетаудан алыс емес Сырымбет ауылында өткен, көкшетаулықтар заң бойынша өз жерлестерін мақтан тұтады және ұмытпайды.

Оның атына университет, қала көшелерінің бірі ие. 1971 жылы Төлеген Досмағамбетов пен Карим Абдалиев Алматыдан келген сәулетшілер жұмысының Уәлихановқа түпнұсқалық мүсін-сәулет ансамбль-ескерткіші ашылған болатын.

____________________________

Установлен бюст Шокана. // Степной маяк. - 1998. - 5 тамыз. - б. 1.



30 тамыз Профессор, геологиялық-минералогиялық

ғылымдар кандидаты, Қазақстан

Республикасының құрметті қойнау

барлаушысы – Айтқажы Қазбекұлы

Қазбековтың туғанына 85 жыл (1933).
Айтқажы Қазбеков Зеренді ауданының Қарабұлақ ауылында туған. Сұрапыл соғыс жылдары бірінен соң бірі ата-анасы қайтыс болды, сондықтан 1945 жылдан ол Көкшетау қаласының № 3 қазақ орта мектебі жанындағы пансионат тәрбиеленушісі болды. Әуес және бастамашы Айтқажыға оқу жеңіл берілген, алтын медальмен мектепті бітіріп, ол елдің ең беделді оқу орындарының бірі – Ленинград А. Жданов атындағы мемлекеттік университетің геологиялық факультетіне түсті. Инженер-геолог-гидрогеолог маманын таңдап, оған өмір бойы адалдық сақтаған.

Көкшетауға 1960 жылы қайтты, белгілі жұмыс тәжірибесі бар жас маман болып. Алғашқы жылдары Қазбеков - гидрогеолог, аға гидрогеолог, Көкшетау қаласында орналасқан, Солтүстік-Қазақстан гидрогеологиялық экспедициясының партия бастығы – облыс аймағындағы ауылшаруашылық нысандарын сумен қамтамасыз ету мәселелерін шеші үшін жерасты суларды іздеу мен барлау мәселелелерімен айналысқан. Ал үш жылдан соң бас инженер, 1978 жылдан – экспедиция бастығы, 1994 жылдан - «Кокшетаугидрогеология» АҚ президенті ретінде гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық және ғылыми жұмыстардың барлық кешенін басқарды.

Дарынды маман, басшы және ұйымдастырушы Айтқажы Қазбекұлы мен ол құрған ұйымшыл ұжымының табысты қызметінің нәтижесі есіртетін ішімдікпен қамтамасыз етілген жүздеген елді мекендері болған, соның ішінде біздің қаламыз да, ол үшін жерасыт суларының кен орындары - Павловское және Чаглинское барланған және пайдалануға берілген болатын, сонымен бірге сәйкес мемлекеттік карталар шығаруымен гидрогеологиялық түсірумен облыс аймағын басып алу бойынша үлкен жұмыс.

Қазбековтың ауыр 90-жылдары гидрогеологиялық экспедицияны сақтауда еңбегі зор. «Жұмыс көлемдері болмаған қиын жылдары Айтқажы Қазбекұлы кәсіпорынды сақтаған. Сол уақытта облыстың топ суқұбырлары жаппай істен шығу ол басқарған ұжым тапсырушылардың төлем қабілетсіздігі жағдайында облыс қалалары мен елді мекендерін сумен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде жедел жәрдем сияқты жұмыс істеген. Көкшетау қаласын сумен қамтамасыз ету үшін 12 ұңғыма бұрғыланған және пайдалануға тапсырылған. РК-2 жылытуды қосу кезінде оның жерасты коммуникацияылары толық су басылған болатын. Қазбеков жеке аймақты құрғату жобасын әзірледі және жазды және өз ұжымының күшімен құрғатуды жүзеге асырған» - «Кокшетаугидрогеология» АҚ президенті С. Соловьев еске алған.

Айтқажы Қазбекұлы амалын тауып өндірістік жұмысты ғылыми қызметімен үйлестірген. 1977 жылы өндірістен үзілмей Қазақ КСР Ғылымдар Академиясының гидрогеология және гидрофизика институтында геологиялық-минералогиялық ғылымдар кандидатының ғылыми дәреже алу үшін диссертацияны қорғаған. Ол бірқатар кітаптар атворы, соның ішінде жоғары оқу орындары үшін бірнеше оқу құралдары және кітаптар оқырмандарына кең белгілі «Көкшетау» және «Бурабай» табиғи парктерінің ерекше қорғалатын аумақтары туралы. Ол жетпістен астам ғылыми және ғылыми-өндірістік еңбектерін жазған, Көкшетау қаласының жаңа бас жоспарын әзірлеуіне де қатысқан.

Лайық демалысқа шығып, Қазбеков - инженерлік-экологиялық факультетінің экология кафедрасының профессоры, қызмет етуді жалғастырған, А. Мырзахметов атындағы университетте табиғатты қорғау, экология негіздері бойынша дәрістер курстарын оқып.

Көкшетау халық депутаттары қалалық Кеңесінің үш шақырылым депутаты болып сайланған, облыстық мәслихаттың экологиялық сарапшыларының қоғамдық тобын басқарған, Көкшетау қаласы мен Ақмола облысының жас ғалымдарына Қ. Сәтпаев атындағы сыйлығын беру жөнінде комиссия мүшесі болған және басқа.

Қазбековтың Солтүстік Қазақстанның жерасты сулары ресурстарын табу мен бағалаудағы еңбектері Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Тың жерлерді игергені үшін», «Қойнауды барлаудағы еңбектері үшін», «Еңбек ардагері», «Қазақстан мұнайына 100 жыл» медальдарімен жоғары белгіленген. Ол дипломдар мен омырау белгілерімен, «Кен орнының алғашқы ашушы» белгісімен марапатталған: - пайдалы қазбаның (уран) кен орнын ашқаны үшін, «Қойнауды барлау үздігі», «Қазақстан Республикасының құрметті қойнау барлаушысы» - геологиядағы зор еңбектері үшін.

Әйгілі ғалым, біздің жерлесіміз Айтқажы Қазбекұлы жарқын еңбек жолын өтті, оқушылар мен ізбасарларының бірнеше ұрпағын тәрбиелеген, ғылыми орта мен ұжымда ғана емес, сонымен қатар көкшетаулықтар арасында да үлкен құрметке ие болған, туған өлкенің табиғатын сақтауына шынайы қамқор жасаған. Көкшетау қаласының мемлекеттік архивіне ол тапсырған құжаттары, жеке қорды құрады, қаланың тарихи-мәдени мұрасының бөлігі болып. Ол ұзақ жылдары тұрған үйде, атын мәңгі есте сақтаған, мемориалдық тақта орнатылған.

_____________________________________

КҚМА. Қ. 440. Т. 1. Іс. 1. Б. 1.

03 қыркүйек Профессор, медицина Ғылымының

докторы, Қазақстан Республикасының

еңбек сіңірген дәрігері Қоңыратбек

Құрманбайұлы Құрманбаевтың қайтыс болғанына 25 (1936-1993) жыл.
Медицина ғылымдарының докторы, жоғарғы санатты дәрігер Қоңыратбек Құрманбаев Құрманбайұлының 1936 жылы 28 сәуірде Жезқазған облысының Қарсақпай поселкесінде туған. 1959 жылы Қарағанды медициналық институтының емдеу факультетін тамаша бітірді. 1960 жылы Жезқазған туберкулез диспансерін басқарды. 1968 жылдың қазанынан Қоңыратбек Құрманбаев Көкшетау облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің бас дәрігері, «Фтизиатрия» бірлестігінің бас директоры болып істеді. Осы жерде нағыз міндетін алған. Өзі аурухананың жаңа корпустарын салу үшін қала сыртында көркем жерді таңдады. Кадрларды іріктеген, оларға ұқыпты қараған, оның бастамасымен және жергілікі билік қолдауымен облыстық туберкулезге қарсы диспансері негізінде Қазақ адам және жануар ҒЗИ бөлімшесі құрылған болатын.

Доктор тәжірибелік емдеу қызметін ғылыми қызметпен біріктіріп, ықыласпен жұмыс істеген. Қазақстанның солтүстік аумағы бойынша, науқастар мен жазылып жатқандармен кездесіп, ауруханаларға барып мыңдаған километрді аралады, және ғылыми зерттеулер мен жалпылау үшін нақты материалды жинаған, әріптестермен бірге қатал аурумен күресудің әдістерін жетілдірген және енгізген. Қоңыратбек Құрманбайұлыны АҚШ, Ұлыбритания, Франция жетекші клиникаларында білген, сол жерге ол тәжірибені тапсыру үшін бірнеше рет шыққан. Ол басқарған Қазақ туберкулез ҒЗИ бөлімшесі үздіктер санында белгілі болған, КСР Одағының денсаулық сақтау Министрлігінің және медицина қызметкерлері кәсіподағы ОК бірінші сыйлығына лайық болған.

Аяғында осы жерде көп жылдары озық тәжірибе мектебі жұмыс істеген.1974 жылы Қоңыратбек Құрманбаев «Солтүстік Қазақстанның селолық аудандарында туберкулез эпидемиологиясы» кандидаттық өтілді, ал 1982 жылы Мәскеуде «Адам және жануарлар туберкулезінің өзара байланысы» тақырыбы бойынша докторлық диссертацияны қорғады. 1991 жылы оған профессор атағы берілді. Сол кезде ол Кокчетав облысында бірінші ғылымдар докторы болған. Ол алты ғылымдар кандидатын дайындады, олар оның ісін жалғастырады, ал жарияланған ондаған ғылыми жұмыстар осы уақытқа дейін танымал.

Доктор ұқыпты отағасы болған, зайыбы Қанаш Ахмединовна Жаналиновамен бірге үш ұлды тәрбиелеп өсірді – олардың екеуі дәрігер, жеті немерені өсіріп жатыр. Өмірінің соңғы күніне дейін ол еңбек мансабында болған. Оның Отан алдындағы сіңірген еңбектері құнына қарай бағаланды – Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған, Республиканың еңбек сіңірген дәрігері жоғары атағына ие болды. Ақмола облыстық туберкулезге қарсы ауруханасы оның атында, Жезқазғанның орталық көшелерінің бірі сияқты. Біздің жерлесіміздің аты Қазақстан Республикасының Энциклопедиясына енгізілді.

______________________________________________________

Некролог К. К. Курманбаеву. // Степной маяк. - 1993. - 9 қыркүйек. б. 3.

Перерва И. Сотвори имя свое. // Акмолинская правда. - 2003. - 2 тамыз. – б. 3.

Қосымша 1



2018 жылы мүшелтойлары аталатын

және қор иелерінің тізімі

1. Бретман Александр Яковлевич – ақын (қор 301, т. 1).


2. Досов Әбілқайыр Ысқақұлы – саяси және мемлекет қайраткері (қор 456, т. 1).
3. Зуб Василий Никифорович – саяси және қоғам қайраткері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы (қор 448, т. 1).
4. Ипаткин Федор Савельевич – соғыс, партия және еңбек ардагері (қор 454, т.1).
5. Қазбеков Айткажы Қазбекұлы – профессор, геологоминералогия ғылымының кандидаты, Қазақстан Республикасы жер қойнауының құрметті барлаушысы (қор 440, т. 1).
6. Мұрзахметов Қәмәли – Ұлы Отан соғысына қатысушы, саяси және қоғам қайраткері (қор 431, т. 1).
7. Салахов Ибрагим Низамович – жазушы (қор 124, т. 1,2).

8. Темірбеков Зарап Мұсаұлы – мемлекет және саяси қайраткері, публицист (қор 455, т. 1).

Қосымша 2
Пайдаланылған дереккөздері мен

әдебиеттер тізімі
Жарияланған дереккөздер
1. Кеңес Одағының Батырлары - Кокчавтықтар - Кокчетав: облтип., 1977. б. 11, 20.
2. Валериан Владимирович Куйбышев. Қысқаша өмірбаяны. - Алма-Ата: Қазақстан, 1978. - б. 4-7.
3. В. В. Куйбышев. Өмірбаян. - Москва: Политиздат, 1988. - б. 3-15.
4. Қазақ КСР. Қысқаша энциклопедия 4 томда.- Алма-Ата: Қазақ Кеңес энциклопедиясының бас редакциясы, 1988. т. 2. б. 271.
5. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің ведомостері. - 1993. - 7 қазан. - б. 78-79.
6. Көкшетау. Адамдар. Оқиғалар. Көрікті жерлер. - Алматы: «Балалар әдебиеті», 2004. – 90, 121.

Жарияланбаған дереккөздер
Қ. 275, Казақ КСР еңбек сіңірген мұғалімдерінің жеке тектік құжаттар топтамасы.

Қ. 275. Т. 1.

Қ. 275. Т. 6.

Қ. 275. Т. 7.

Қ. 275. Т. 8.

Қ. 275. Т. 10.


Қ. 95, Көкшетау қаласының тарихы бойынша жеке тектік құжаттардың топтамасы.

Қ. 95. Т. 1.

Қ. 98, Көкшетау қаласының мемлекеттік мұрағаты.

Қ. 98. Т. 1. І. 1. Б. 1.

Қ. 98. Т. 1. І. 61. Б. 27.

Қ. 98. Т. 1. І. 75. Б. 52-54.

Қ. 98. Т. 1. І. 91. Б. 14.

Қ. 98. Т. 1. І. 120. Б. 6-8, 11-13, 18-20.

Қ. 98. Т. 1. І. 142. Б. 33-34.
Қ. 9, Көкшетау қалалық халық депутаттары Кеңесі мен оның атқару комитеті.

Қ. 9. Т. 1. І. 29. Б. 38.

Қ. 9. Т. 1. І. 215. Б. 9.

Қ. 9. Т. 1. І. 625. Б. 12.

Қ. 9. Т. 1. І. 650. Б. 55, 58.

Қ. 9. Т. 1. І. 652. Б. 8.

Қ. 9. Т. 3. І. 2810. Б. 44.
Қ. 292, Салахов Ибрагим Низамович – жазушы.

Қ. 292. Т. 1. І. 84. Б. 1-2.


Қ. 301, Бретман Александр Яковлевич – ақын.

Қ. 301. Т. 1. Д. 22. Б. 1.


Қ. 178, Көкшетау қаласының тарихы бойынша фотосуреттер топтамасы.

Қ. 178. Т. 2. І. 1452.


Қ. 163, В. В. Куйбышевтың республикалық мемориалды мұражайы.

Қ. 163. Т. 1. І. 6. Б. 9, 26.

Қ. 163.. Т. 1. І. 22. Б. 1-31.
Қ. 430, Куклинский Яков Аронович – Қазақ КСР өнер еңбек сіңірген қайраткері, Көкшетау облыстық орыс драматикалық театрының шығармашылық жетекшісі.

Қ. 430. Т. 1.

Қ. 431, Мұрзахметов Кәмәли – саяси және қоғам қайраткері.

Қ. 431. Т. 1. І. 1. Б. 7.


Қ. 440, Қазбеков Айтқажы Қазбекұлы – профессор, геологоминералды ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы жер қойнауының құрметті барлаушысы.

Қ. 440. Т. 1. І. 1. Б. 1.


Қ. 444, Долгова Валентина Владимировна – Көкшетау қаласы мемлекеттік мұрағатының бұрынғы директоры.

Қ. 444. Т. 1. І. 16. Б. 26, 53-55.


Қ. 447, Әуелбеков Еркін Нұржанұлы – саяси және мемлекет қайраткері, Социалистік Еңбек Батыры, Көкшетау қаласының құрметті азаматы.

Қ. 447. Т. 1. І. 6. Б. 6.


Қ. 448, Зуб Василий Никифорович – саяси және қоғам қайраткері, Көкшетау қаласының құрметті азаматы.

Қ. 448. Т. 1.


Қ. 449, Көкшетау қаласы әкімінің аппараты.

Қ. 449 . Т. 1. І. 57. Б. 119.

Қ. 449. Т.1.І. 742. Б. 177-181.

Қ. . 449 Т. 1. І. 742. Б. 182-186.


Қ. 450. Көкшетау қалалық мәслихаты.

Қ. 450. Т. 1. І. 50. Б. 42.

Қ. 450. Т. 1. І. 52. Б. 6, 7.

Қ. 450. Т. 1. І. 200. Б. 84.


Қ. 454. Ипаткин Федор Савельевич – соғыс, партия және еңбек ардагері.

Қ. 454. Т. 1.


Қ. 455. Темірбеков Зарап Мұсаұлы – мемлекет және қоғам қайраткері, публицист.

Қ. 455. Т. 1.


Қ. 456. Досов Әбілқайыр Ысқақұлы – саяси және мемлекет қайраткері.

Қ. 456 . Т. 1.


Қ. 460. Ауғанстан соғысына қатысқандардың құжаттар топтамасы.

Қ. 460. Т. 1. І. 4.



Мерзімдік баспа
1. М. Ғабдуллиннің өмірбаяны – КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына кандидат. // Сталинское знамя. - 1950. - 24 ақпан. - б. 2.
2. Ковалев И. Решительно ускорить строительные работы в городе. // Сталинское знамя. - 1954. - 10 қазан. - б. 2.
3. Королев И. Богатые перспективы у нашего города. // Кокчетавская правда. - 1958. - 28 қараша. - б. 2.
4. Клещев А. Новый успех на целинных землях Кокчетавщины. // Кокчетавская правда. - 1958. - 29 қазан. - б. 1.
5. Покачалов К., Савенков Я. Есть широкоэкранный. // Степной маяк. - 1963. - 3 наурыз. - б. 4.
6. ТАСС хабарламасы. // Степной маяк. - 1963. - 21 маусым. - б. 1.
7. Жить и побеждать по ленинский. // Степной маяк. - 1963. - 28 шілде. - б. 1.
8. Көкшетаудағы В. И. Ленин ескерткіштің авторлары. // Степной маяк. - 1963. - 28 шілде. - б. 2.
9. Космонавт – пять в гостях у Кокчетавсцев. // Степной маяк. - 1966. - 16 тамыз. - б. 1,3.
10. Қаңтарбаев Т. Заре на встречу. // Степной маяк. - 1969. - 18 қаңтар. - б. 3.
11. Мәлік Ғабдуллиннің қазанамасы. // Степной маяк. - 1973. - 5 қаңтар. - б. 3.
12. Красноречие цифр. // Степной маяк. - 1974. - 22 наурыз. - б. 1.
13. Праздник покорителей целины. // Степной маяк. - 1974. - 26 наурыз. - б. 2.
14. Николаев А. Они строили фабрику. // Степной маяк. - 1979. - 4 қаңтар. - б. 1.
15. Т. Қаңтарбаевтың қазанамасы. // Степной маяк. - 1983. - 26 ақпан. - б. 3.
16. Степной маяк. - 1988. - 29 маусым. - с. 8.
17. Кожин Г. Воспитан революцией. //Степной маяк. - 1989. - 16 мамыр. - б. 2.
18. Дюсенбаев Т. Ради нас, ради будущего. // Путь к коммунизму. - 1989. - 30 мамыр. - б. 1.
19. Столбовская Н. Музей в Котырколе. // Степной маяк. - 1989. - 30 мамыр. - б. 3.
20. Мусин Ж. Большая жизнь. // Степной маяк. - 1990. - 28 қараша. - б. 2.
21. Султаньяев О. Феномен Акана-серэ. // Степной маяк. - 1993. - 4 мамыр. - б. 3.
22.Жұмабаев М. Жизнь Акана. // Степной маяк. - 1993. - 29 шілде. - б. 1.
23. Қ. Қ. Құрманбаевтың қазанамасы. // Степной маяк. - 1993. - 9 қыркүйек. - б. 3.
24. Степной маяк. - 1993. - 13 қараша. - б. 1.
25. Юрьева А. Будут открыты обменные пункты. // Степной маяк. - 1993. - 23 қараша. - б. 1.
26. Султаньяев О. Ученый, герой, гражданин. // Степной маяк. - 1995. - 10 қазан. - б. 2.
27. Алдабергенов С. В честь славного сына земли Кокшетауской. // Степной маяк. - 1995. - 16 қараша. - б. 1.
28. Шоқанның мүсіні орнатылды. // Степной маяк. - 1998. - 5 тамыз. - б. 1.
29. Лукьященко В. Памятник Ленину перевезен в городской парк. // Степной маяк.-1998. - 23 қазан. - б. 1.
30. Долгова В. Абильхаир Досов. // Степной маяк. - 1999. - 2 маусым. - б. 2.
31. Терещенко А. Помним и чтим. // Степной маяк. - 2000. - 9 қараша. - б. 5.
32. Мякота А. Я помню его добрым. // Степной маяк. - 2000. - 16 қараша. - б. 1.
33. Долгова В. Имя в истории. // Степной маяк. - 2001. - 21 маусым. - б. 5.
34. Терещенко А. Пол-Европы прошагал… // Степной маяк. - 2003. - 8 мамыр. - б. 3.
35. Терещенко А. Не дано нам историей тише идти. // Степной маяк. - 2003. - 24 шілде. - б. 6.

36. Перерва И. Сотвори имя свое. // Акмолинская правда. - 2003. - 2 тамыз. - б. 3.


37. Терещенко А. 128 млн.600 тыс. пудов хлеба – в закрома Родины. // Степной маяк. - 2003. - 23 қазан. - б. 4.
38. Көкшетау. - 2003. - 11 желтоқсан. - б. 1.
39. Терещенко А. Как в Кокшетау пришло кино. // Степной маяк. - 2004. - 26 тамыз. - б. 6.
40. Мақажанова К. Реабилитирован посмертно… // Степной маяк. - 2006. - 25 мамыр. - б. 3.
41. О переименовании улиц в г. Кокшетау. // Степной маяк. - 2008. - 3 сәуір. - б. 1.
42. Ахметжанов Д. Счастье пришло в день города. // Степной маяк. - 2008. - 25 қыркүйек. - б. 3.
43. Кимов Е. Базар по-новому. // Степной маяк. - 2008. – 30 қазан. - б. 1.
44. О награждении государственными наградами Республики Казахстан. // Степной маяк. – 2008. – 18 желтоқсан. - б. 1.
45. Раимбеков А. Мои года-мое богатство. // Степной маяк. - 2013. - 24 қаңтар. - б. 2.
46. Навеки в сердце шрамом…// Степной маяк. - 2013. - 21 ақпан. - б. 2.
47. Куссиева М. С любовью к земле и хлебу насущному. // Степной маяк. - 2013. - 25 сәуір. - б. 5.
48. Кусаинова С. Памяти Галыма. // Степной маяк. – 2013. – 16 мамыр. – б. 3.
49. Некролог Плюшко В. А. // Степной маяк. - 2013. - 30 мамыр. - б. 26.
50. Тегжанова И. Полетаем... // Степной маяк. - 2013. – 24 қазан. - б. 1.
51. Красильников Ю. Сохраняя связь времен. // Степной маяк. - 2013. - 28 қараша. - б. 9.
52. Кимов Е. По пути с Лидером. // Степной маяк. - 2013. – 5 желтоқсан. - б. 1-2.
53. Раимбеков А. Большой теннис в Кокшетау. // Степной маяк. - 2013. – 19 желтоқсан. - б. 1.

Көкшетау қаласының

Мемлекеттік архивінің

СК хаттамасымен келісілген



­­­­­­­­­­­––––––––№––––––––––
Каталог: sites -> kokshetau-archive.akmo.gov.kz -> uploads
sites -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
sites -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
sites -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
sites -> Өмірбаяндық деректеме
sites -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
uploads -> 1. мемлекеттік билік пен басқарма органдары


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет