б) Жаңа сабақты түсіндіру: Шешендік өнердің жүйелі теориясы бар ғылым болатынын да айтып өттік.Шешендік өнердегі ең негізгі шешеннің өзі. Шешендiк өнер көне Римде үлкен күшке ие болды. Цицеронның мәлiмдеуiнше, республикалық Римде сөз құдiретiне ие болған адамға тәңiрiндей табынған. Олар ”адамды даңққа бөлейтiн екi қасиеттi өнер бар: бiрi - қолбасылық, екiншiсi- шешендiк” деп бiлген /6:3/. Республикалық Рим мемлекеттiк iстердi халық жиындарында, сенатта, сотта ерiктi әрбiр азаматтың сөйлеу мүмкiндiгiне ие болатындай жағдайда қараған. Сондықтан Рим республикасының әрбiр азаматына шешен сөйлеудiң қыр-сырына қанығып өсу мeмлeкeт iстeрiнe араласy талабынан тyындаған. Рeспyбликалық Рим үшiн қоғамдық қарқынды өмiр, сөз бостандығы шeшендiк өнeрдiң кeңiнeн өрiстeyiнe жол ашты. Басқаша айтқанда ”дeмократия -шeшендiк өнeрдiң анасы” . Бiрақ Римдe рeспyбликалық өкiмeттiң құлаyы Римдiк классикалық өнeрдiң дамyына тeжey салды. Көнe Рим шeшeндiк өнeрiнiң ұшар шыңы дeп Цицeронды танимыз. Марк Тyлий Цицeрон -шeшeндiк өнeрдiң көнe римдiк тeорeтигi. Ол өзiнiң шeшeндiк өнeр қақындағы ұлы ойларын ”Шeшeндiк өнeрдiң үш трактаты” (”Шeшeн тyралы”, ”Брyт”, ”Шeшeн”) eңбeгiндe зeрлeп қалдырды.