Ақмола облысының білім басқармасы көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің КӨкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясы


Үзіліс кезінде және сабақ (оқу сабақтары) аяқталғаннан кейінгі білім алушылардың мінез-құлқы



бет7/7
Дата21.04.2023
өлшемі41,51 Kb.
#175105
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ішкі тәртіп ережелері
сор, начало, І нұсқа алгебра
10. Үзіліс кезінде және сабақ (оқу сабақтары) аяқталғаннан кейінгі білім алушылардың мінез-құлқы
10.1. Үзіліс кезінде білім алушы міндетті:
келесі сабаққа дайындалуға;
кезекші сыныптың, кезекші мұғалімнің, әкімшінің талаптарына бағынуға ;
сыныптағы кезекші мұғалімге кабинетті келесі сабаққа дайындауға көмектеседі;
10.2. Үзіліс кезінде білім алушыға тыйым салынады:
мектептің баспалдақтары мен қабаттарында айқайлауға, шу шығаруға және жүгіруге;
өздігінен терезелерді ашуға, терезе жақтауына, еденге отыруға;
бір-бірін итеруге, заттарды лақтыруға, физикалық күш қолдануға, қорқытуға және ақшаны немесе басқа заттарды бопсалап алуға;
ұятсыз қимылдарды, сөздерді қолдануға;
оқу процесінің басқа қатысушыларына демалуға кедергі жасауға;
басқалардың денсаулығына және мектептің мүлкіне зиян келтіруі мүмкін заттармен ойнауға тыйым салынады.
11. Көпшілік орындарындағы жүріс-тұрыс ережелері
11.1. Мектеп асханасы.
Білім алушылар мектеп асханасында болған кезде мынадай талаптарды сақтайды:
асханада тамақтану кезінде білім алушылар әдептілік танытуы тиіс;
асханадағы гигиена және мінез-құлық ережелерін сақтайды;
асханаға сыртқы киімсіз кіреді;
тамақ ішер алдында қолдарын мұқият жуады;
ыстық және сұйық тағамдарды ішкен кезде мұқияттылық пен сақтық танытады;
тамақ ішкеннен кейін асханалық керек-жарақтар мен ыдыс-аяқтарды кір ыдыстарға арналған орынға қояды.
мұғалімдер мен асхана қызметкерлерінің, кезекші сыныптың талаптарына бағынады;
мектеп асханасының мүлкіне ұқыпты қарайды;
мектептің оқу кабинеттері мен дәліздерінде тамақ ішуге рұқсат етілмейді.
11.2. Кітапхана.
Кітапханаға келген білім алушылар:
Кітапханаға үзіліс кезінде және сабақ аяқталғаннан кейін барады;
оқу залында жұмыс істеген кезде тыныштық сақтайды;
алған кітаптар мен журналдарды ұқыпты ұстайды;
- кітапханада сырт киіммен жүруге тыйым салынады.
11.3. Спорт залы.
- спорт залындағы сабақтар сабақ кестесіне және сабақтан тыс іс-шараларға және жалпы мектептік іс-шараларға сәйкес ұйымдастырылады;
спорт залында мұғалімсіз немесе секция жетекшісіз болуға тыйым салынады;
спорт залында сабақ өткізу үшін білім алушының спорттық киімі және ауысымды аяқ киімі болуы тиіс.
12. Қорытынды ережелер
12.1. Осы қағидалар «№1 мектеп-гимназиясы» КММ-нің мектеп ғимаратындағы және аумағындағы барлық білім алушыларына сабақ (оқу сабақтары) кезінде де, сабақтан тыс уақытта да қолданылады.
12.2. Осы Қағидалар мектептің ақпараттық стендтерінде орналастырылады.
12.3. Білім алушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері) мектепке орналасу кезінде осы Қағидалармен танысуы тиіс
12.4. Осы Ережелер мектеп қызметін реттейтін жергілікті нормативтік акт болып табылады.
12.5. Ереженің қолданылу мерзімі шектелмеген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет