«Ана» деп көркем жыр төккен, Армысың, ару, нұр көктем



бет2/3
Дата01.01.2022
өлшемі21,82 Kb.
#107487
1   2   3
Байланысты:
Ана
Ана, sor geografiya 7kl kaz, sor geografiya 7kl kaz, 1589809249
2-жүргізуші:

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып, келесі кезекті тамашаға береміз.

 

1-жүргізуші: Ана -әрбір адамның ең жақын жанашыры, қомқоршысы, қадірлісі, жанын да аямаған ардақтысы.

Ана алса міндетті өз басына,

Дүниенің мен кепіл тозбасына.

Бақытың да, сорыңда сыйып кетер,

Аналардың бір тамшы көз жасына

 

2-жүргізуші:

Ана- жүрек, жүректі құдіретте!

Ана- тірек, тіректі құрметте!

Ана- шыңың, шыңыңа сағынып жет!

Ана- күнің, күніңе табынып өт!

Расында да, адамның әдептілігімен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтінен, ана жүрегінің жылуынан дарыған. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.

 

1- жүргізуші: Әр адам көзін ашып, дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – Ана! Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да – Ана.



2-жүргізуші: Ана – бұл жел жағымызға пана, біріміз үшін дара, дана тұлға. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбидің жыламауын, сұм соғыстың болмауын, қызыл гүлдің солмауын тілейді.Олай болса, аналардың құрметіне мектебіміздің алғашқы әскери даярлық пәнінің мұғалімі Өтепберген Айбек ағайды «Анашым» әнімен қошеметтеп қарсы алайық.

 

1- жүргізуші: Сағындық, дүниедегі ең сұлу қазақ әйелі екенін білесің бе?

Өйткені, Қазақ әйелі – бар мұратын отбасының игілігіне байлаған әдемі ізгі адам.

 

2-жүргізуші: Дұрыс айтасың, менің ойымша қазақ әйелі – бар тілегін перзентінің жолына арнаған әлемдегі ең мейірімді ана, ұлттың ұйытқысы, ұрпақтың анасы.



1-жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.

 

2-жүргізуші:

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай – деп, сіздердің қошеметтеріңізбен ортаға мектебіміздің әнші жігіті 10-сынып оқушысы Рахатов Исламбекті «Анашым» әнімен шақырамыз.

 

1-жүргізуші: Сағындық, осы ана деген қандай адам, білесің бе?

 

2-жүргізуші: Әрине, Ана дегеніміз – өмірдің бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Ана — тіршілік көзі, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі.

 

1-жүргізуші: дұрыс, Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді, ерлікке шақырады.

 

2-жүргізуші: олай болса, Ана – өмірдің гүлі. Ана деген сөз барлық халықтың тілінде де жылы естіледі.

 

1-жүргізуші: иә, Ана – сұлулықты, жарасымдылықты, көріктілікті, барша игілікті бойына сіңірген тұлға.

2-жүргізуші: сонымен, әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам — ана екен.Ана — ақылшың, әке – қамқоршың, аға – қорғаушың, іні – сүйенішің, қарындас – қанатың екенін ұмытпағайсың!

 

Аналар, ұстаздар мен қыздарға әрдайым құрмет көрсетіп жүрейік. Ортаға тамаша тарландарын шақырамыз. Қошеметпен қарсы алайық!



 

1-жүргізуші:Қыздарға арнап жыр жазбаған ақын жоқ, ән шығармаған сазгер жоқ. Қызыл гүл, қарақат көз, қиғаш қас, алма мойын – бұлардың барлығы біздің қыздарымызға айтылған теңеулер.

 

2-жүргізуші: Қазақ елі қызды сұлулық, әдептілік және нәзіктік белгісі деп білген. Қызды көктемнің күлімдеген күніне теңеген.

 

1-жүргізуші: Қыздар-ай, қызыл жалау түзге ұстаған,

Қорғап тұрған шырылдап қызғыш далам.

Сендер гүлге керемет ұқсағанмен,

Гүлдер бірақ көбірек қызға ұқсаған.

 

2-жүргізуші: Қыздар, қыздар, көңілдің көк гүлдері,

Көк гүлдердің көзге ыстық кептерлері.

Азаймаңдар, арулар – жауқазындар,

Азаймасын өмірдің көктемдері! – дей отырып, «қыздар -ай» әнімен мектебіміздің әнші, сері жігіттерін шақырайық!





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет