Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты



бет6/8
Дата23.10.2016
өлшемі1,46 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

ІІІ. Өткенді қорыту:жаман әдеттер, мақтаншақ, өркөкірек, менмендік, ұйқышылдық

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сүт қалай ұйықтады? О.Әубәкіров.

Ү. Жаңа сабақ:а/ Мысалды оқу, ә/ сүтке байланысты әрекеттер ұйықтап қапты, іріп қапты, оянбапты мән беріп оқу. б/Оқушыларға оқыту. в/Мысалды талдау .г/ оқулықпен жұмыс, іштей оқу, тізбектей оқу, ертегіге қатысты мақалды табу.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Ертегі не туралы? Бір күні сүтке не болыпты? Ел-жұрт неге қайран қапты? Ұйықтаймын деп сүт неге ұшырапты? Сүттің аянышты халін кім байқапты? Сүт неліктен жылады? Осы ертегіде ақын не айтпақ болды деп ойлайсың?

ҮІІ. Бекіту:Сүттен жасалатын тағамдар?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Мәнерлеп оқу.Бағалау
86. Сабақтың тақырыбы: Амандасу салты

Сабақтың мақсаты: 1. Амандасуға, түсінігін оқуға, дұрыс жауап беруге үйрету.2. Тіл байлығын, сөйлеу қабілеттерін дамыту.3. Амандасу, адамгершілікке баулу

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекіліктер: суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру

ІІ. Өткенді сұрау:1. Мәнерлеп оқу 2. Ертегіде не жайлы айтылған? Суретке қарап түсінгеңінді әңгімеле

ІІІ. Жаңа сабақ:А) Кіріспе Сендер амандасу деген не деп ойлайсыңдар? Мақалды қалай түсінесіңдер?Б) мұғалімнің түсіндіруі Амандасудың қандай түрлерін білесіңдер? В) Сөздік Парыз – міндет,Сәлем – тыныштық, бейбітшілік.

ІҮ. Пысықтау:Кітаппен жұмыс, түсініп оқу. Ассалам – деген не? Ассалаумағалейкум – үлкенге жауап кішіге уағалейкумассалам. Сәлеметсіз бе? Жастардың амандасуы. Сызбаны толтыру.

Ү. Қорыту: Төс қағыстырып амандасудың мәнісі неде? Сабақты қорытындылау, бағалау

Жеке оқушылрға озық тапсырма беру, сызбаны толтыру.



ҮІ. Үйге тапсырма беру:149-152 бет ойланып жауап беру
87. Сабақтың тақырыбы: Даңғой. Мысал

Сабақтың мақсаты: 1. Түсініп, мәнерлеп,, нақышына келтіріп оқуға үйрету 2. Тауып оқу, сызбаны толтыру, ойлап жауап беруге дағдыландыру. 3. Мәдениетке, мейірімділікке, түсінушілікке баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер: суреттер, сызба

Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ.Өткенді сұрау:Қалай амандасу керек?Амандасудың қандай түрлерін білесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ:а) Кіріспе Сендер қалай ойлайсыңдар, «даңғой» деп қандай адамды айтады? б) мұғалімнің түсіндіруі Пысықтау: Өндірмесе дәнеме, Мақтанғаннан не пайда? 1. Кітаппен жұмыс Мәнерлеп, түсініп оқу2. Қарияның сөзін тауып оқы 3. Сызбаны толтыру. 4. Қиярдың сөзін тап. Қияр қандай күйге ұшырады? Мысалдың негізгі ойын тап

ІҮ. Қорыту:Ойланып жауап бер.1 кг қияр – 100 теңге, 1 кг – 70 теңге қайсысын аласың?

Ү. Сабақты қорытындылау, бағалау: Балалар, бүгін біз не үйрендік? Біз қандай болуымыз керек?Бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма беру:152-154 беттерді мәнерлеп оқу
88. Тақырыбы: Такаппар

Мақсаты: Тәкаппар мысал өлеңді оқып, түсіну, Мәнерлеп оқуға

дағдыландыру. Өлең мағынасын табуға үйрету.

Тілін сөздік қорларын дамыту, есте сақтау қабілеттерін

дамыту.


Жаман әдеттен жиренуге тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, іздену

Көрнекілігі: суреттер, мақал-мәтелдер.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Бурыл ат. Оқыту. әңгімелету, талдау.

ІІІ. Білімдерін тексеру.Үлестірмелерге жауап алу. Жылқы туралы мақал-мәтел

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Тәкаппар

Ү. Жаңа сабақ.Шона Смаханұлы өмірі. Мысалды оқу, әр сөзіне түсінік беру. Өлеңнің мысал екендігін ұғындыру,өмірмен байланыстыру

89. Тақырыбы: Көк кептер



Мақсаты: Көк кептер әңгімесін оқып, құстарға қамқорлық жасау жайлы түсінік беру

Мәнерлеп оқып, мазмұнын айта білуге баулу.

Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: құстар суреті.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік жұмыс.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Тізбектей оқыту. Мазмұнын сұрау.

ІІІ. Өткенді пысықтау:

Балық аулаған балының көңіл күйі өлеңде қалай суреттелген?

Бала қармағына не деп сөйледі?

Көл жағасында өлеңінде жылдың қай мезгілі суреттелген?

Тау етегі неге ұқсайды?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Көк кептер

Ү. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс.

а/ «Көк кептер» әңгімесін оқып, мазмұнын ашу. Құстарға қамқорлық жасау жайлы түсінік беру.

ә/ әңгімені оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу

б/ Сергіту сәті

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: а/ сұрақтарға жауап алу Нүсіпбек қандай жағдайға тап болды? Оған ара түскен кім? Балалардың үлкендеуі не үшін Нүсіпбек жөнінде сұрап біліп алды деп ойлайсың? Балалар көк кептерге қандай көмек жасауы мүмкін?

ә/ Тапсырмаларды орындау,әңгімені рөлге бөліп оқу,мәтіннен көк кептердің аянышты халі айтылған жолдарды тауып оқы.

б/ Жұмбақты шешу. в/ құстар туралы өлең тақпақтар айту.

ҮІІ. Бекіту:құстар жайлы нақыл сөздер айту.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұнын айту.Бағалау.

М.Әлімбаев. Кім жомарт? Не жомарт?

90. Сабақтың тақырыбы: Кім жомарт? Не жомарт?

Сабақтың мақсаты: 1. Мейірімділік, қайрымдылық, турашылық жайында әңгімелей келе дұрыс, түсініп оқуға үйрету. 2. тауып оқу, сызбаны толтыру, ойлап жауап беруге дағдыландыру. 3. адамгершілікке, сыйластыққа, тазалыққа баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер: кесте, сызба

Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Өткенді сұрау:Нүсіпбек пен Айғанымның әрекеті саған ұнады ма?

ІІІ. Жаңа сабақ:а) Кіріспе. «Жомарттық» деген не деп ойлайсың?

б) Мұғалімнің түсіндіруі1. Сызбамен жұмыс:Жомарттық: 1. 2. 3.

Пысықтау:1. Кітаппен жұмыс Іштей, рөлмен оқу. 2. Мақалды талдау Жомарттық сөзіне қарама-қарсы сөзді табу. (Шығайбай) 3. Ақынның сөзінен кім жомарт? Не жомарт? екенін табу.

ІҮ. Қорыту:1. Өлеңді жалғастырып көр.2. Ойланып, жауап бер. Мұраттың әрекеті дұрыс па? Сызбаны толтырайық.

Ү. Сабақты қорытындылау, бағалау: Балалар, бүгін біз не үйрендік? Біз қандай болуымыз керек?Бағалау.

ҮІ. Үйге тапсырма беру:159-161 беттерді рөлмен оқу
91. Тақырыбы: Жиырма тиын Ж.Кәрбозин

Мақсаты: Ж.Кәрбозиннің әңгімесін жиырма тиын әңгімесін оқи отырып, Алтайдың тіл алғыш , ақ көңіл, қайырымдылығы жайлы түсінік беру. Әңгімені мәнерлеп оқи білуге баулу, өз ойларын қорытып қорытып айтуға үйрету. Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Оқулық, үлестірмелер бойынша

Әдістер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, өзіндік

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Даңғой мысалын оқыту

ІІІ. Өткенді пысықтау:Қияр нені қиялдады? Сол үшін не істеді? Уақыт жеткенде қияр қандай күйге ұшырады?

ІҮ. Сабақтың мақсатын қою.Ж. Кәрбозин Жиырма тиын

Ү. Жаңа сабақ:а/ Жиырма тиын әңгімесін оқып, түсіндіру.ә/ сөздік жұмысын жүргізу.

ҮІ. Білімдерін тексеру:а/ Әңгімені оқыту, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу.

ә/ Сұрақтарға жауап алу.әңгіме кімнің атынан баяндалған? Бірде Алтайды апасы қайда жұмсады. Дүкенге жақындағанда қандай оқиға болды? Алтай Қанатқа қалай көмектесті?

Сергіту сәті. б/ Тапсырмаларды орындау. 1.Дүкен жанындағы оқиғалы рөлге бөліп сөздерін пайдалану. 2.Алтайға мінездеме беру. Тіл алғаш, ақ көңіл, қайырымды сөздерін пайдалану. 3.Мақалдарды оқып, мағынасын ашу

ҮІІ. Қорыту. Бүгін не өттік? Әңгімені қорыта отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.

ҮІІІ Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны. 2.Бағалау
92.Тақырыбы: М. Дулатов .Ешкімге жауыздық қылма. Ә. Дүйсенбиев Атай

Мақсаты: Ешкімге жауыздық қылма әңгімесін оқып, бай мен кедейдің арасындағы жағдай туралы түсінік бере отырып, көре алмау, қызғаншақтық жайлы айту. Атай өлеңін оқи отырып, жасы үлкен кісіні қалай құрметтеу жайлы түсінік беру.Мәнерлеп оқуға, өз ойларын қорытып айтуға баулу.Адамгершілікке, кішіпейілділікке , ізеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық. М.Дулатов суреті, үлестірмелер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, әңгімелеу, өзіндік

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ .Үй тапсырмасын тексеруМен қалай оқуға бардым. Екі балықшы. Ата насихаты

ІІІ. Өткенді пысықтау.А.Байтұрсынов кім? Оның оқуға баруына кімнің әсері тиді? Екі балықшының керісуі дұрыс па? Ата балаларына қандай өсиет айтты?

ІҮ Мақсат қою кезеңі:М. Дулатов Ешкімге жауыздық қылма Ә.Дүйсенбиев Атай

Ү. Жаңа сабақ:а/ М.Дулатов – Торғай облысындағы Сарықопа деген жерде дүниеге келген. Ол ақын, жазушы, педагог. Ол жастарды білімге шақырды. ә/ Ешкімге жауыздық қылма әңгімесін оқып, түсіндіру.б/ Сөздік жұмыс Күндеу – көре алмау в/ Атай өлеңін оқып, мазмұнын ашу. г/ Дәптермен жұмыс

. 1.Үлкенге құрмет, кішіге –ізет. 2.Үлкеннің алдын кесіп өтпе, оған жол бер.ғ/ Сергіту сәті.

ҮІ. Білімдерін тексеру«Ешкімге жауыздық қылма» әңгімесін оқыту. Ііштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу,«Атай» өлеңін мәнерлеп оқу. Сұрақтарға жауап алу. Әңгімеге кімдер қатысқан? Тіленші байға неліктен кектенді? Байдың басына қандай күн туды? Тіленші сертін неге орындай алмады? Тапсырмаларды орындау. Байға мінездеме бер. Мәтіннен Тіленшінің сертін тауып оқу

ҮІІ. Қорыту.Бүгін не өттік?

ҮІІІ.Үйден:Оқу, өлеңді жаттау.Бағалау.
93. Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама. Балапан мен мысық.

Сабақтың мақсаты: 1. өздігінен түсініп оқу, мазмұнын баяндауға үйрету. 2. қағаз бетіне жаза білу, өздігінен еңбек еңбек етуге дағдылану 3. Сауатты жазу, дұрыс сөйлем құруға баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың түрі: пысықтау

Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Жаңа сабақ: а) Кіріспе.Өздігіңнен ойыңды жаза аласың ба? б) мұғалімнің түсіндіруі

Наурыз айы келді. Балалар қараторғайға ұя жасады. Асан да құстарға ұя дайындады. Бір күні ұяда үш балапа пайда болды. Шешелері тамақ әкелуге кеткенде аш балапандардың біреуі жерге құлап түсті. Оны көріп ала мысық балапанға жақындай түсті. Қараторғайлар балапанын айнала шырылдап ұшып, Асаннан көмек сұрағандай болды. Ол қалына шыбық ала салып мысықты біраз жерге дейін қуып тастады. Жерде жатқан балапанды ұясына салды. Қараторғайлар шат-шадыман болып әсем әуенге басты.

Тірек сөздер: Шат-шадыман, әсем әуен.

Жоспар:1. Ұя жасау 2. Балапанға төнген қауіп. 3. Араша түскен Асан



ІІІ. Сабақты қорытындылау, бағалау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Біз қандай болуымыз керек?Бағалау.

ІҮ. Үйге тапсырма беру. Бір ертегі жазып келу
94. Тақырыбы: Көктем келді. Көктем.

Мақсаты: Өлеңдерді оқып көктем белгілерімен көріністері жайлы түсінік

беру.


Өлеңдерді мәнерлеп оқи білуге баулу.

Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.



Көрнекілік: оқулық, көктем мезгілі түрлі-түсті суреттер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

Түрі:аралас сабақ

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеруКөк кептер.Тізбектей оқыту. Сұрақтарға жауап алу. Мазмұнын сұрау.

ІІІ. Өткенді пысықтау. Құстардың пайдасы, оларды қорғау жайлы айту.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Көктем келді. Көктем.

Ү. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс.а/ Көктем жайлы кіріспе әңгіме жүргізу. Көктем белгілері, көріністері жайлы айту. ә/ Көктем келді. Көктем өлеңдерін оқып мазмұнын ашу. б/ Сөздік жұмыс. Суат – су алабы, мал суаратын жер Ебелек – шөптің түрі. в/ Дәптермен жұмыс

ҮІ Түсінгендерін тексеру: а/ Өлеңдерді оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке. ә/ сұрақтарға жауап алу . Жаңылтпашты жаңылмай айту. Жұмбақты шешу.

ҮІІ Бекіту .Бүгін не өттік?

  • Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. Мәнерлеп оқу.2.бағалау.
95. Сабақтың тақырыбы: Еркіннің еңбегі

Сабақтың мақсаты: 1. Еркіннің еңбек етуін айта отырып, еңбек етуге, дұрыс түсініп оқуға үйрету. 2. ойын қорыта білуге дағдыландыру 3. адамгершілікке, сыйластыққа, тазалыққа баулу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: көрнекілік, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекіліктер: суреттер, сызба

Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, назарларын сабаққа аудару, құрал-жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Өткенді сұрау:1. Жатқа айту 2. Көктем белгілерін ата

ІІІ. Жаңа сабақ:а) Кіріспе. Балалар, сендер қандай жұмыстарды істейсіңдер? б) мұғалімнің түсіндіруі. Мақал-мәтелді оқу, тақырып қою «Еңбек» Пысықтау 1. Мәтінді түсініп оқу .Жалғастырып оқу 2. а) Еркіннің атасының шөп шапқаны жайлы тауып оқу. б) Еркіннің шөп шабуын тап. в) Ең соңғы азат, жолды тауып оқы, не жайлы айтылған.

ІІІ. Қорыту:1. Еңбек, жазғы еңбек жзайлы қандай еңбек түрлері болатынын айт. 2. «Еңбектің наны тәтті» нақыл сөзінің мәнін түсіндір, мәтінге қатысы бар ма?

ІҮ. Сабақты қорытындылау, бағалау:Балалар, бүгін біз не үйрендік? Біз қандай болуымыз керек? Жазғы еңбек жайында кім бізге әңгімелеп береді? Бағалау.

Ү. Үйге тапсырма беру:167-169 беттерді түсініп оқу
96. Тақырыбы: Ұзынсары.

Мақсаты: Ақынның наурыз айындағы көктемгі даланы суреттеуі, табиғаттағы

өзгерістер туралы түсінік беру.

Өлеңді мәнерлеп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту

Табиғатты сүюге тәрбиелеу.



Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

Көрнекілігі: түрлі түсті суреттер

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Наурыз.Мәнерлеп оқу.

ІІІ. Өткенді пысықтау:Сұрақтар қоя отырып

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Ұзынсары.

Ү. Жаңа сабақ:Оқулықпен жұмыс. Ұзынсары. Оқып, мазмұнын ашу .ә/ Сөздік жұмыс Тошала – қыста ет сақтайтын бөлме б/ тақырыпты оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:а/ сұрақтарға жауап алу.Қазақтың ұлттық ет тағамдарын ата Үлкендерден шұжықтың қалай жасалатынын біліп ал. б/ жұмбақты шешу.

Қос қанатын иіп ап

Жарға келіп қонады

Кара киім киіп ап

Балшықтан үй соғады /қарлығаш/

ҮІІ.Бекіт:Табиғатты қорғай білуге баулу

ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны.Бағалау

97. Тақырыбы: Наурыздағы тілек



Мақсаты: Наурыз өлеңін оқып, ақынның наурыз айындағы көктемгі даланы

суреттеуі, табиғаттағы өзгерістер туралы түсінік беру.

Өлеңді мәнерлеп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту

Табиғатты сүюге тәрбиелеу.



әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

көрн: түрлі түсті суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі - Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

  • Ақ бота

  • Тізбектей оқыту, мазмұнын сұрау.

ІІІ. Өткенді пысықтау

  • Түйенің пайдасын айта отырып, қорыту.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі, Наурыз.

Ү. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

а/ Наурыз өлеңді оқып, мазмұнын ашу.

б/ Өлеңді оқыту: Іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу



ҮІ Түсінгендерін тексеру

а/ сұрақтарға жауап алу.



  • Өлеңнің ертеректе жазылғанын неден байқауға болады?

  • Наурыз айындағы өзгерістерді қалай суреттеген?

  • Наурыз айында далада қандай еңбек басталады?

  • Наурыз айында қандай мейрам бар?

  • Мал мен жеміс ағашы туралы не айтылған?

ҮІІ Бекіту.Табиғатты қорғай білуге баулу.

ҮІІІ. Үйге тапсырма

  1. өлеңді мәнерлеп оқу, бағалау.



Тақырыбы: Наурыз жыл басы.

Мақсаты: Ақынның наурыз айындағы көктемгі даланы

суреттеуі, табиғаттағы өзгерістер туралы түсінік беру.

Өлеңді мәнерлеп оқи білуге баулу.

Тілін, сөздік қорларын дамыту

Табиғатты сүюге тәрбиелеу.



Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

Көрнекілігі: түрлі- түсті суреттер,слайдтар

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі - Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Наурыз, мәнерлеп оқу.

Ата-анасына, ұстаздарына, достарына арнап тілек ,ашық хат жазып келгендерін тыңдау.



ІІІ. Өткенді пысықтау. Сөзжұмбақ шешу Наурыз-жыл басы.

1.Мұсылман халықтарының жаңа жыл тойланатын ай.(наурыз)

2.Наурыз көжеге қосылатын дән.(бидай)

3.Жаңа туған малдың сүтінен жасалатын тағам.(уыз)

4.Қатықтан жасалатын тағам.(құрт)

5.Наурыз көжеге қосылатын дән.(тары)

6.Қасиетті дәм.(тұз)

7.Биыл қай жыл?(жылқы)

8.Еттен ішекке тығып жасалатын ұлттық тағам.(шұжық)

9.12 ай (жыл)

10.Ұннан жасалатын ұлттық тағам.(бауырсақ)

11.Үлкен ата-әжелеріміз айтатын тілек сөздер.(бата)

12.Ер балалар ойнайтын ұлттық ойын.(асық)

13.Қыз балалар тағатын әшекей (сырға)



ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Наурыз -жыл басы.

Ү. Жаңа сабақ

Өтепберген Ақыпбеков—

Оқулықпен жұмыс. Наурыз -жыл басы. Оқып, мазмұнын ашу.

Үш топтан оқушылар оқиды.

Тақырыпты оқу: іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу



ҮІ Түсінгендерін тексеру

а/ сұрақтарға жауап алу: қазақтың ұлттық ет тағамдарын ата



  • Үлкендерден шұжықтың қалай жасалатынын біліп ал.

б/ Жұмбақты шешу.

Қос қанатын иіп ап

Жарға келіп қонады

Кара киім киіп ап

Балшықтан үй соғады /қарлығаш/

Әр топқа тапсырма беру

1-топ Көктем мезгілін

2-топ Наурыз мейрамын

3-топ Ұлттық тағамдардың түрлерін жазыңдар

Оқушылардың салған суреттерімен танысу.

ҮІІ Бекіту:Слайдтан наурыз мерекесі туралы көрсету.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұнын айту.Бағалау

99. Тақырыбы: Үйшік. (орыс ертегісі)



Мақсаты: 1.Орыс халық ертегісін түсініп оқу.

Диалог құрап ертегіні сахыналау

2.Қызығушылықтарын арттыру

3.Адамгершілікке тәрбиелеу



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1.Ө.Ақыпбековтың «Наурыз жыл басы.» өлеңін мәнерлеп оқыту.

2.Өлеңді 2 бөлікке бөл. Әр бөліктегі ақын ойын өз сөзіңмен әңгімеле. 1- бөлік Көктем мезгілі. 2- бөлік Наурыз мейрамы.

3. Наурыз мейрамын сен қалай қарсы аласың?



ІІІ. Мақсат қою кезеңі

ІҮ. Жан-жақты білімін тексеру.



1.Қандай орыс ертегілерін білесің? (Бауырсақ).

2. Сызбаны толтыр. Ертегілердің қандай түрлері бар



Ү. Жаңа сабақ:1. Сюжетті суреттер бойынша «Үйшік» ертегісінің мазмұнын түсіндіру.

2. Ертегінің мәтінін 4-5 оқушыға дауыстап оқыту.

3. Іштей оқыту

ІҮ. Сергіту сәті

Ү Сабақты бекіту:

1. Топтық жұмыс. Кейіпкерлер арасында сөйлесу (диолог) құрап, ертегіні сахналап көру.

1-топ Тышқан мен бақа

2-топ Қоян және басқа аңдар

3-топ Түлкі және басқа аңдар

4-топ Қасқыр және басқа аңдар

5-топ Аю және басқа аңдар



ҮІ Сабақты қорыту

1. Адасқан сөздер ойыны.

Берілген іс-қимылдың қай аңға қатысты екенін көрсет



Секіріп

Алақ-жұлақ етіп

Қорбаңдап

Жүгіріп


Ытқып-ытқып

Қуанып


Түлкі

Аю

Қасқыр



Бақа

Тышқан


Қоян

2. Мақал-мәтелдерді түсініп оқы.

Бірлік болмай тірлік болмас. Ырыс алды ынтымақ.

Саусақ бірікпей, ине ілікпейді.

Осы мақал-мәтелдерге қандай ортақ тақырып қояр едің?

Мақал-мәтелдердің ертегідегі оқиғаға қатысты екенін дәлелдеп көр.

ҮІІІ Үйге тапсырма бағалау

1. Ертегіні оқып, мазмұнын айту 2. Сурет салу ( Кейіпкерлердің суреті)

3. Мақал-мәтелдерді жаттау, толық мазмұнын ашу 4. Бағалау

100. Мазмұндама



Сабақтың мақсаты: 1. Оқушщыларға дайын мәтін бойынша мазмұндама жаздыру

2. Білімін, есте сақтау қабілетін дамыту. 3. Адамгершілікке тәрбиелеу.



Сабақтың типі: бекіту сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық

ІІ. Мақсат қою, тақырыбын хабарлау

ІІІ .Мазмұндама «Қуаныш»1. Мәтінді оқып талдау.

Қуаныш


Көктем шығысымен Анар есігінің алдына гүл егіп, ағаш отырғызды. Күнде су құйып тұрды. Бір күні ол әкесімен бірге ауылға кетті. Таңертең гүлге, ағашқа су құю керек екендігі есіне түсті. Анасына тапсырмағанына өкінді. Өзі барғанша гүлдер солып қалатын шығар деп уайымдаумен болды. Ұзақ жата алмай 4-5 күннен соң өз үйіне қайтып оралды.

Келсе гүлі де, көшеттері де аман екен. Жайқалып өсіп қалыпты. Сөйтсе, анасы су құйып, күтімге алып жүріпті. Оны көрген Анар қатты қуанды.

2. Тірек сөздер.Солып қалатын уайымдаумен болды. Көшеттері.3. Жоспар құру

ІҮ. Үйге тапсырма беру кезеңі :Қайталау
101. Бөлімді қайталау. Тест

Сабақтың мақсаты: 1. « Адам болам десеңіз» бөлімін қайталауға оқушылардың білімін тексеру мақсатында тест алу.2. Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру3. Зейінділікке тәрбиелеу

Көрнекілігі: суреттер.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезең.Сабаққа әзірлік

ІІ.Жан-жақты білімін тексеру1. Аяқтаған бөлімнің атын ата? ( « Адам болам десеңіз»)

2. Осы бөлімде қандай тақырыптармен таныстық жеке-жеке атату




Ана тілі №2. тақырыбы: кел, балалар, оқылық
Сабақтың түрі:

Каталог: uploads -> doc -> 04dc
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
doc -> Ақан Сері Қорамсаұлының шығармашылық өмірбаяны Сабақтың мақсаты Білімділік
04dc -> Сабақтың тақырыбы: Экологиялық тәрбие Сабақтың мақсаты
04dc -> Сабақ А.Құнанбаев "Ғылым таппай мақтанба" 2 "Б" сыныбы Атырау облысы Құрманғазы ауданы М.Әуезов орта мектебі
04dc -> Қазақ тілі 4 класс Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет