«Ана тілім ардағым» (көркем сөз сайысы)



Дата20.12.2021
өлшемі16,42 Kb.
#104042
Байланысты:
Ана тілім - ардағым


Күні: 11.12.2020

Топ: 1 курстар арасында

Тақырыбы: «Ана тілім – ардағым» (көркем сөз сайысы)
Мақсаты: Студенттерді  ана  тілінің  қадір - қасиетін  түсіне  білуге шақыру.  Олардың  халқына  деген,  тіліне  деген  махаббатын  арттыру.
Міндеті: - Тіл құдыретін танытуға көңіл бөлу;

- Тіл құдыретін таныту арқылы оқушылардың бойындағы адамгершілік, отансүйгіштік қасиеттерді тәрбиелеу;

- Оқушылардың тілге деген құрметін, қадір-қасиетін дамыту;

- Абай шығармашылығымен студенттерді таныстыру;

-Салт-дәстүрді қадірлеуге баулу
Мұғалім: Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
Мейрам: Қазақ тілі аса бай, икемді тіл. Қалай исең, солай иіле береді. Орамын, бұрымын тауып, қисынын, орайын келтіріп пайдалансаң, бұл тілмен сурет салуға, тас қашап, ағаш, текемет оюға болады - ау. Бұл тілден май тамады десе де сыяр. Халықтың тіліне жырына құлақ салсаң, небір алуа - шекер балдай татитын нәріне, әріне әсте тоймайсың. Ғашықпын қазақ тіліне... Осындай майса, сұлу тілді қалай өгейсітуге болады.

Сыныптан тыс сабақтың бөлімдері:


  1. Таныстыру (Қатысушылар өз-өздерін таныстырады)

  2. Абай шығармашылығынан үзінді оқу (Қатысушы студенттер Абай шығармашылығынан, өлеңінен не қара сөзінен үзінді жатқа оқиды)

  3. Сұрақ-жауап. (Бұл бөлімде «Салт-дәстүр», «Абай», «Мақал-мәтелдер» деген тақырыптан қатысушылар ұяшық таңдап, сұраққа жауап береді)

Сұрақ-жауап бөлімі бойынша тапсырмалар:

Салт-дәстүр:



  1. "Бастаңғы" деген дәстүрдің мағынасын түсіндір!"Бастаңғы" жастардың ата-анасы үйде жоқ кезінде өзінің қатарын шақырып, жегізетін тамағы. Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде, ауыл жастары сол үйге жиылып, "жолаушыларды" жолда басы ауырмасын деп, бастаңғы жасататын болған. Ән айтылып, ойын сауық құрған.

  2. "Байғазы деген қандай дәстүр? «Байғазы» деп балалардың, жастардың жаңа киімі, заты үшін ақшалай, заттай берілетін сыйды айтады.

  3. Сыбаға дегеніміз не? Сыбаға (дәстүр). Құрметті қонаққа немесе өздерінің жақын-туыстарына арнап сақтаған кәделі ет мүшелері «Сыбаға» деп аталады.

  4. Бәсіре (дәстүр). «Жастайынан бағып ем, Бәсіре ғып торы тайым» (Х.Талғаров). Бала туған кезде немесе есі кіріп, оң – солын таныған соң, «сүндет тойына» немесе мектепте барғанда атасы немесе өз әке – шешесі оған тай атайды. Оны «бәсіре» тай дейді. Бала оны ерекше күтімге алады, бағады, үйретеді. Және сол арқылы мал бағуға, еңбекке үйренеді. «Бәсіре» атау баланың көңілін өсіреді, өмірге бейімделеді. Өз қатарына «бәсіре тайым бар» деп мақтанып, өсіп жүреді. Мұның бәрі баланың көңілін өсіріп, ынталандырып тәрбиелеудің бір жолы.



Абай Құнанбайұлы туралы сұрақтар

  1. Абай ана тілінен басқа қандай тілдерді білген? (араб, парсы)

  2. Абай өлеңдерін кімнің атынан таратып жүрді? (Көкбай)

  3. Тамағы тоқтық,
    Жұмысы жоқтық
    Аздырар адам баласын. (Сегіз аяқ)

  4. Абайдың поэмалаларын ата (Ескендір, Әзім әңгімесі, Масғұт)

Мақал-мәтелдер:



  1. Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер,

Ер басына күн туса, етігімен су кешер.

  1. Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

  1. Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа.
    Жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа.

  2. Шешеннің тілі ортақ,
    Шебердің қолы ортақ.


Қорытынды.

– Тіл байлығымыз, тарихымыз, мәдениетіміз, әдебиетіміз.
Тіл біздің ұлттық намысымыз, арымыз, барымыз. Тіл мерейі - ел мерейі.
– Ана тіліміздің мерейі үстем болсын!
Осымен сабағымызды аяқтаймыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет