Сабақ тақырыбы Оқушылардың жолда жүру ережесі



Дата07.02.2017
өлшемі84,21 Kb.
#8852
түріСабақ
СЫНЫП САҒАТЫНЫҢ ЖОСПАРЫ


Мұғалім

Абилова А.Т



Мектеп, сынып

Астана қаласы

№66 мектеп-лицей, 7-сынып



Сабақ тақырыбы

Оқушылардың жолда жүру ережесі




Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларда жолда жүру ережесі туралы білім қалыптастыру. Жолда абайлап жүруді үйрету. Көшеде жүру ережесімен таныстыра отырып, жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа тәрбиелеу.


Көрнекілік: Үй макеті, бағдаршам, жол белгілері.




Дерек көздері:



http://www.bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/12027-zholdar_men_zhol_belgileri


Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалім:

Жолда жүру ережелеріне арналған сынып сағатымызды Шөмішбай Сариевтің мына өлең жолдарымен бастаймыз:
Арманға алдан күткен асығамыз,

Біз қалай толқын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға,

Алдымен беріледі сәлем деген.


Тақтадан

http://www.bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/12027-zholdar_men_zhol_belgilerihttp://www.bilimland.kz/index.php/kz/catalog/lesson/12027-zholdar_men_zhol_belgileri бейнеролигі көрсетіледі.

Бүгінде қалада да, үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер де көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі көлік жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды. Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын, шешуін тауып көріңдерші.

Аяғы жоқ жүрмейді,

Аузы жоқ сөйлейді (Бағдаршам).

Бағдаршам – өмірімізді апаттан сақтандыратын жалғыз көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз. Бағдаршам - жол элементтерінің ішіндегі ең ерте қолданыла бастағаны. Қазір бағдаршамның жасы жүзден асып кетті. Оның кескін келбеті де, құрылысы да әлденеше рет жаңарды. Бағдаршамның жаяулар және автомашиналар жүрулеріне арналған түрлері болады. Олардың айырмашылықтары көздерінде: адамдарға арналған бағдаршамның екі көзі болады, қызылда – тоқтайды, жасылда – жүреді. Ал, жүргізушілерге арналған бағдаршамның 3 көзі болады: қызылда – тоқтайды, сарыда – әзірленеді, жасылда – жүреді. Жол белгілері 4 топқа бөлінеді:

- Ескерту, тыйым салушы бұлар - қызыл түс

- Сілтеуші, рұқсат беруші белгілер – көк түс

Бағдаршам ойыны.

Қызыл көтерген де - тұр, сары – күт, жасыл - жүр.

Бағдаршамның сұрақтарына жауап беріп көрелік.

1.Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды?

2.Қала көшесінде келе жатқанда қандай жермен жүру керек?

3.Көше тәртібін не басқарады?

4.Жолдың қай жағымен жүру керек?

5.Бағдаршамның әр түсі нені хабарлайды?


Мұғалім: Енді бағдаршамның жұмбақтары бар екен, соны шешіп көрейік.
1. Сом дене, табаны бар сонша тісті,

Бір өзі бітіреді сонша істі. (Трактор)

2. Кеудесінде жаны жоқ,

Тамырында жаны жоқ,

Май жейді,

Су ішеді. (Машина)

3. Дыз-дыз етіп жүрегі,

Сымнан ұстап жүреді.

Өзіне адам мінеді,

Ол не, кім біледі? (Троллейбус)

4. Ала таяқ ұстаған

Жол тәртібін нұсқаған

Өміріңді күзеткен

Ысқырығы күшті адам. (Полиция қызметкері)

5.Көзін ашып жұмады,

Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)


Мұғалім: Жарайсыңдар!

Келесі ойнайтын ойынымыз «Жанатын бағдаршам»

Бағдаршам қызыл көзін көрсеткенде орындарыңнан қозғалмай тұрасыңдар. Сары көзін көрсеткенде қолдарыңды шапалақтайсыңдар. Жасыл көзі жанғанда орындарыңда тұрып жүресіңдер.

Бағдаршам:

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да

Жолда жүру ережесі-заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен-кіші, баршамызға.

Басталар әр қадамы аттауменен,

Жолда жүру ережесін сақтауменен.


Викториналық сұрақтар.
1-сұрақ. Жолаушылар дегеніміз кімдер ?
Жауап: Кез келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ?
Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қоғалысын реттейді.
3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?
Жауап:14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?
Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмауы мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн.
Қорытынды:

Мұғалім: Ал балалар, біз бүгін не үйрендік, немен таныстық?

- Жолда жүру ережелерімен, бағдаршаммен таныстық.

- Бағдаршамның бізге пайдасы бар ма?

- Бағдаршамның тілін алуымыз керек пе?



Осымен біздің сабағымыз аяқталды.




Каталог: upload -> content -> lesson -> 19468 -> media -> df19bf4ccee07825dad958b3d9826da8
lesson -> Сабақ тақырыбы М. Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасын талдау (2-сағаты)
lesson -> Сабақ тақырыбы Тазалық Мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Инфекциялық аурулар Мақсат
lesson -> Сабақ тақырыбы Қазыбек бидің шешендігі Сабақтың мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Иммунитет түрлері. Житс-тің алдын алу шаралары Сабақтың мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Киім адам көркі
lesson -> Сабақ тақырыбы 7 санының құрамы Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет