Ана тілінен тарау бойынша тестер жинағы



бет1/2
Дата14.02.2018
өлшемі381,8 Kb.
#37642
  1   2
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ММ «№ 45 бейімделген орта мектеп»

Ана тілінен тарау бойынша

тестер жинағы
(3,4- сынып мұғалімдеріне арналған).

Ожанова З.О.

Өскемен қаласы, 2009 жыл.


З. Ожанова – бүгінгі күннің тілек-талабы тұрғысынан білім мазмұнын жаңарту, өмір талабына орай дамыта оқыту, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолданып, заман ағымына жауап беруді ұстанған әдіскер мұғалім. Жас ұрпақты өзінің ана тілінде оқыту, мүдірмей сөйлеп үйренуге және жазуда сауатты болуға төселдіруде оқытудың тиімді жолдарын тауып, жетістікке жете білген.

Бұл әдістемелік нұсқау- тестер жинағы 3, 4 - сынып мұғалімдеріне ана тілі пәнінен оқушылардың тарау бойынша білімін тексеруге арналған. Осы құралды оқулықта арнайы берілген тестерге қосымша қолдану арқылы мұғалім оқушылардың бағдарлама мен оқулық мазмұны белгіленген тақырып бойынша талдау нәтижесінде тексерілетін және меңгеруге тиісті ең қажетті, негізгі ұғымдарды қалай меңгергендігін нақты айқындауға мүмкіндік алады.

Пікір білдірген: облыстық білім басқармасының бас маманы М. И. Асанова

Кіріспе


Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің түрлі формаларының ішінде соңғы кезде басты орынды тест бойынша тексеру алып жүр. Оқыту саласында тесті қолдану білімді тексеру әдісін жетілдіруге қосылып отырған үлкен үлес болып есептеледі.

Тест - ағылшын сөзі, аударғанда «байқау, бақылау, зерттеу» деген мағына білдіреді. Педагогика тарихында тесті пайдалану 130 жылдан артық уақытты қамтиды. Ең алдымен педагогикалық тестіні 1864 жылы ағылшындық Джордж Фишер қарастырып оны Гринвич госпиталіндегі мектепте пайдаланған. Кейбір мамандар білімді тест түрінде тексеруді американ психолог- педагогы С. Пресси мен оның қызметкерлері шығарған деп есептейді.

С. Пресси оқу жылында оқушының білімін тексеруге мың сағаттан астам уақыт қажеттігін есептеген. Сондықтан ол алдына оқушы білімін бағалауға жіберілген уақытты қысқартуды мақсат етіп қояды. Оны шешудің жолы тест тапсырмалары бар бағдарламамен жұмыс істейтін қарапайым технологиялық құрылымдар шығару болады. Содан бері мектептегі үлгерімді тест бойынша тексеру АҚШ, Франция, Англия, Жапония, Дания, Канада, Австралия, Израиль және т.б. елдерде кеңінен тарай бастады.

Білім деңгейін тест арқылы тексерумен айналысып жүрген ғалым- педагогтар: «Тест- оқушылардың өз-өзін тексеруіне мүмкіндік ашатын есеп беру-оқыту үрдістерін бір-бірімен байланыстырып қана қоймайды, білімді тексеру, бекіту, қайталау сияқты жүйелеу құралы» - дейді.

Тест құрастыру жұмысы тестің мақсатын анықтаудан басталады. Одан соң оқушылар оқыған тақырыптарға талдау жасалып,тексерілетін білім, білік элементтері анықталынады. Пән бойынша меңгерілетін білім, білік анықталған соң бағдарлама, тұрақты оқулықтар, сондай-ақ оқушылар меңгеруге тиісті материалдар талданады. Бағдарлама мен оқулық мазмұнын белгіленген тақырып бойынша талдау нәтижесінде тексерілетін және меңгеруге тиісті ең қажетті, негізгі ұғымдар таңдап алынады. Осы ең маңызды ұғымдардан тексеруге арналған тест тапсырмалары құрылады.

Тест жүргізу арнайы ережелерде көрсетілгендей белгілі бір тәртіппен іске асырылады.

Тест тапсырмаларының негізгі төрт түрі бар:

Жабық тапсырма, мұнда оқушы дұрыс жауабын таңдайды.

Сәйкестікке тапсырма

Жүйелікті дұрыс белгілеуге тапсырма

Ашық тапсырма, мұнда оқушы жауапты өзі құрастырады.

Жабық тапсырманы құру. Тапсырма қысқаша беріледі де, ішінде бір жауабы дұрыс болып келетін бірнеше нұсқа жауаптар ұсынылады. Неғұрлым жауап нұсқалары аз болса, соғұрлым оқушылардың кездейсоқ не жорамалдап жауап беру мүмкіндігі аз болады. Сондықтан балама жауап шындыққа жанасымды болу керек.

Жауап кілті бойынша оқушылар білімін төмендегідей үлгіде бағалауға болады:

«3» - 40 – 60 % дұрыс жауапқа

«4» - 61- 80 % дұрыс жауапқа

«5» - 81 – 100 % дұрыс жауапқа

3 - сынып

І ТАРАУ

ТУҒАН ЕЛІМ, ТУҒАН ЖЕРІМ
1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының түсі

а. қызыл ә. көгілдір б. сары және ақ жолағы бар


2. Пырақ қай рәмізде бейнеленген?

а. Ту ә. Елтаңба б. Әнұран


3. «Келешек ғажайып, келешек ғаламат» өлең жолы қай мәтіннен?

а. «Үш бақытым» өлеңінен

ә. «Туған тілім» өлеңінен

б. Әнұраннан


4. «Бостандық таңы атты» өлеңінің авторы кім?

а. С. Сейфуллин ә. Ш. Құдайбердиев б. Д. Әбілев


5. «Алыс кетсең, өз үйіңнің мұржасына дейін сағынасың» Бұл қай мәтіннен үзінді?

а. Ауыл таңы ә. Мен елімді сүйемін б. Сарыарқа


6. Қай шығармада ақын даланы мейірімді анаға теңейді?

а. Отан. Ө. Тұрманжанов

ә. Туған ел. С. Сейфуллин

б. Үш бақытым. М. Мақатаев


7. «Ел іші...» нақыл сөзді аяқта.

а. ... от басынан басталады ә. ... өлең төсегім б. ... алтын бесік


8. Мемлекеттік рәміздегі қыранның бейнесі еліміздің несін білдіреді?

а. байлығын ә. еңбекқорлығын б. тәуелсіздігін


9. «Белгі» сөзіне мәндес сөз.

а. нышан ә. әрекет б. тәуекел


10. Т. Молдағалиев қай рәміздің авторы?

а. Елтаңба ә. Әнұран б. Байрақ


11. Мемлекеттік Әнұранды құрастырушы авторлар саны.

а. 4 ә. 3 б. 2


12. М. Мақатаев жырлаған үш бақыт

а. жер, тіл, мәдениет

ә. өнер, денсаулық, табиғат

б. халық, тіл, Отан


13. «Сен ұйықтап жатқанда» мәтінінің авторы кім?

а. Н. Баяндин ә. Б. Соқпақпаев б. Д. Әбілев


14. Шоқанның туып-өскен алтын бесігі

а. Сарыарқа ә. Алтай б. Баянауыл


15. «Тым аласа» сөзімен мағыналас сөз

а.жермешел ә. шағыл б. кірбің


Жауап кілті

Сұрақ

1.

2.

3.

4.

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

12.

13.

14.

15.

Жауап

ә

ә

б

ә

ә

ә

б

б

а

ә

а

б

ә

а

а


ІІ ТАРАУ

БІЛІМ-ӨМІР ШЫРАҒЫ
1. А. Байтұрсынов неше жыл өмір сүрген?

а. 65 ә. 48 б. 35


2. «Балалар, бұл жол басы-даналыққа» деген өлең жол кімдікі?

а. Ы. Алтынсарин ә. М. Жұмабаев б. А. Байтұрсынов


3. Шоқанның әжесі кім?

а. Айғаным ә. Зере б. Ұлжан


4. Кім 1845-1904 жылдары өмір сүрген?

а. Абай ә. Шоқан б. Ыбырай


5. Мағжанның ауылына келген Ахметден мұғалімнің ұлты.

а. Қазақ ә. Татар б. Башқұрт


6. Мына өлең жолдарының қайсысы «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңінен?

а. Көңілі-дария, ойы-аспан

ә. Ат өнері білінбес

б. Өзің үшін үйренсең


7. Қай мәтінде сыныптың терезесі сынып, кезекшінің өтірігі әшкереленеді?

а. Күмән. М. Гумеров

ә. Ауылға келген мұғалім. М. Жұмабаев

б. Шоқан. С. Бегалин


8. Тұңғыш қазақ әліппесі қай тілде жазылды?

а. қазақ ә. орыс б. араб


9. Шоқан қай тілде хат таныды?

а. түркіше ә. орысша б. қазақша

10. «Дүние де өзі, мал да өзі

Ғылымға көңіл бөлсеңіз...» деген өлең жолдары кімдікі?

а. А. Құнанбаев ә. С. Сейфуллин б. М. Шаханов


11. Мағжан неше жасында мектеп табалдырығын аттады?

а. 6 ә. 7 б. 4


12. Ы. Алтынсарин кімнің тәрбиесінде болды?

а. Балғожа бидің ә. Алтынсарының б. анасының


13. «Күмән» мәтінін кім жазған?

а. Т. Молдағалиев ә. С. Бегалин б. М. Гумеров


14. «Жақсылардың жақсысы» ертегісінде кішкене қыз қайда кіргісі келді?

а. мектепке ә. Жабық бөлмеге б. дүкенге


15. Үзінділердің қайсысы «Мұғалима» өлеңінен алынған?

а. Қай кезде де, ол анық

Қайғырмайды өзі үшін.

ә. Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!

б. Адамдық-борышың

Халқыңа еңбек қыл.


Жауап кілті


Сұрақ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Жауап

а

б

а

а

б

ә

а

б

а

а

б

а

б

ә

а


ІІІ ТАРАУ

МАУЖЫРАП БАРҚЫТ ҚОҢЫР КҮЗ
1. «Маужырап барқыт қоңыр күз» деген өлең жолы қай мәтіннен алынған?

а. Комбайншы. Ғ. Қайырбеков

ә. Жеміс бағында. И. Байзақов

б. Ауыл күзі. Т. Жароков


2. «Оян, қазақ!» кітабының авторы

а. М. Дулатов ә. Ә. Табылдиев б. А. Құнанбаев


3. Қай әңгіме «Күз ... Қыркүйек айы жаңа басталған кез» деп басталады?

а. Жалғыз дән ә. Күз б. Күздің кереметі


4. Сүйкімді тиін қай мәтінде суреттелген?

а. Жеміс бағында

ә. Күзгі орманның көріністері

б. Қатқан нан


5. «Малта» өлеңін кім жазған?

а. І.Жансүгіров ә. Ғ. Қайырбеков б. Т. Жароков


6. «Қатқан нан» мәтініндегі кейіпкер

а. Вася ә. Алеша б. Сережа


7. Уызқағанақ деген не?

а. Ұлттық ойын ә. Ұлттық тағам б. Көктемдегі мал төлдету


8. Мына үзінді қай өлеңнен алынған?

«Беті қызыл алмадай



Балалары ойнаған»

а. Комбайыншы

ә. Шегіртке мен құмырсқа

б. Ауыл күзі


9. Міржақып Дулатов кім?

а. Ақын ә. Суретші б. Балуан


10. «Егіншілер астығын жинап алып,шабындықта әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр.» Үзінді қай мәтіннен?

а. «Күз» М. Дулатов

ә. «Күздің кереметі» Ә. Табылдиев

б. «Жеміс бағында»

11. И. Крылов пен А.Құнанбаев мысалындағы кейіпкерлер

а. шегіртке мен қоңыз

ә. құмырсқа мен инелік

б. шегіртке мен құмырсқа


12. Ғ. Қайрбеков қай өлеңнің авторы?

а. Комбайншы ә. Малта б. Адамдық-борышың


13. «-Қайда әлі! Қара бидайды ору, оны баулау керек» Үзінді қай мәтіннен?

а. Егінші мен қасқыр ә. Қатқан нан б. Жалғыз дән


14. «Малта» өлеңі қалай басталады?

а. Құлыншақтай қу шұнақ

ә. Ұйытқы құйып ұйытқанын

б. Көбігімді ұлы алды


15. «Қарағым» өлеңінің авторы кім?

а. Қ. Аманжолв ә. Қ. Мырза Әли б. М. Жұмабеков

Жауап кілті


Сұрақ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Жауап

б

а

б

ә

а

б

ә

б

а

а

б

а

а

а

б


ІV ТАРАУ

ӨТКЕН ӨМІРДЕН
1. Қалден Серен кім?

а. қазақ ханы ә. қалмақ ханы б. қырғыз батыры


2. Қаз дауысты батыр кім?

а. Ағыбай ә. Жәнібек б. Қазыбек


3. Қабанбайдың азан шақырып қойған аты

а. Ерасыл ә. Дарабоз б. Нар бала


4. Кімді халық Ақжолтай батыр атаған?

а. Қамбарды ә. Ағыбайды б. Қоңырбайды


5. Мына үзінді қай мәтіннен? «Ал егерде қайтпай, айқаса берсе, самсаған найзаның бірі болмаса бірі сауытсыз жалаң батырды түйреп тастауы мүмкін»

а. Азаттық жолында ә. Дарабоз б Махамбет пен Жақия


6. «Амангелді батырым» өлеңінен алынған жолды тап

а. Езілген қазақ елі үшін

ә. Қиядан қиқу төгілсе

б. Жау тигенде жарағым


7. Қай мәтінде Тоқаш Бокин туралы айтылған?

а. Мәңгі жасар өмір ә. Азаттық жолында б. Ол ақын болар ма еді?


8. Тараудағы Т. Кәкішев жазған мәтін.

а. Ту тіккен Рақымжан ә. Нұркен б. Мәңгі жасар өмір


9. «Батыр Бауыржан» мәтініндегі оқиға қай жылы болған?

а. 1941 ә. 1943. б. 1945


10. Мына сөздердің қайсысын Қайрат Рысқұлбеков айтқан?

а. Күнәдән таза басым бар.

ә. Мен ояу, ел ұйқыда оттар сөнген.

б. Ол бұзбаған қамал жоқ.


11. «Шешім, тоқтам» сөздеріне мағыналас сөз

а. неғайбіл ә. байлам б. тоқырау


12. Еңбек қылған ел үшін,

Жауда кеткен кек үшін,

Қазақтың абырой, арына

Сарп қылған бар күшін, - деп Бұқар кімді айтқан?

а. Бөгенбайды ә. Қабанбайды б. Қазбекті
13. Махамбет кімге қарсы күресті?

а. Қалден Серенге ә. Жәңгір ханға б. Кенесарыға


14. Ердің сыншысы кім?

а. елі ә. жауы б. жары


15. «Тозған шапанын иығына жамылып, абақты қараушысының соңынан ерді» Бұл кім еді?

а. Махамбет ә. Жақия б. Тоқаш

Жауап кілті


Сұрақ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Жауап

ә

б

а

ә

б

а

ә

б

а

а

ә

а

ә

а

б

V ТАРАУ

ҚЫС БЕЙНЕСІ
1. Абайдың «Қыс» өлеңі қалай басталады?

а. Бұлттай қасы жауып ... ә. Ақ киімді ... б. Әуес көріп жүгірген


2. Абай туған жерде туған кім?

а. Мұхтар Әуезов ә. Шоқан Уәлиханов б. Сәкен Сейфуллин


3. Шөп буыны ерте қатса ...

а. қыс жайсыз болады ә. Жаз жауынды болады б. егін түсімді болады


4. С. Шаймерденов жазған мәтінді тап

а. Қызыл шұнақ ә. Қар б. Арпалыс


5. Бақтыбай мен Қайрат қай мәтіннің кейіпкерлері?

а. Арпалыс ә. Қар б. Қар астындағы ұялар


6. Қай мәтін аңшының әңгімесіне құрылған?

а. Қар астындағы ұялар ә. Қысқы кеш б. Қоян


7. «Аққала» өлеңінің авторы

а. С. Сейфуллин ә. М. Жұмабаев б. А. Құнанбаев


8. Қоянның іні қалай аталады екен?

а. айыл ә. қамыр б. кеуек


9. «Шұнақ аяз жалаңдап,

Екі санын сабады.» Қай өлеңнен үзінді?

а. «Қызыл шұнақ» өлеңінен

ә. «Қысқы кеш өлеңінен

б. «Аққала» өлеңінен


10. « Қоян» мәтінін жазған автор

а. Б. Соқпақбаев ә. М. Дулатов б. Ө. Тұрманжанов


11. Нақыл сөзді толықтыр «Қар-қара жердің ...»

а. сәні ә. көрпесі б. ызғары


12. Нақыл сөзді толықтыр «... сүйретіп қыс келер»

а. шанасын ә. аязын б. қылышын

13. Құр мен шіл қар астын қорғаласа ...

а. боран болады ә. қар жауады б. аяздатады


Жауап кілті


Сұрақ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Жауап

ә

а

а

ә

а

а

ә

б

а

ә

ә

б

а



VІ ТАРАУ

ЖАҚСЫ –АЙ МЕН КҮНДЕЙ
1. Әл-Фараби қай қалада дүниеге келген?

а. Отырар ә. Хорасан б. Омбы


2. Риторика өнердің қай түрі?

а. музыка ә. бейнелеу б. шешендік


3. Шоқан Омбыға неше жасында оқуға келді?

а. 12 ә. 10 б. 7


4. Потанин кімнің досы еді?

а. Сәкеннің ә. Шоқанның б. Махамбеттің


5. «Дала жұлдызы» мәтіні кім туралы?

а. Абай ә. Ыбырай б. Шоқан


6. Ыбырай оқымыстының жары

а. Айғаныс ә. Мәрзия б. Шынар


7. Қай мәтінде Абайдың баласы Әбіш туралы айтылған?

а. Мейірім ә. Әке арманы б. Әліппенің атасы


8. Күнжан қай мәтіннің кейіпкері?

а. Абай шаңырағы ә. Абай мен Әбіш б. Сәкен аға


9. « ... Кеш.Ауыл шетіндегі жотада үйір-үйір жылқысын, қора-қора қойын тамашалап Омар отыр.» Үзінді қайдан алынған?

а. Сәкен аға ә. Интернат қоймасы б. Әке арманы


10. Сәкеннің анасы кім еді?

а. Айша ә. Жамал б. Айғаныс


11. Шерхан Мұртаза жазған әңгіме

а. Мейірім ә. Интернат қоймасы б. Халық кегінің күйшісі


12. Атамырза қай мәтіннің кейіпкері?

а. Халық кегінің күйшісі ә. Интернат қоймасы б. Жаяу Мұса мен Махмұт


13. «Мұрамды саған тапсырдым, халыққа жеткіз күйімді! –деп, қария қызғалдаққа үкілі домбырасын тапсырды.» Үзінді кімдер туралы?

а. Абай мен Әйгерім ә. Құрманғазы мен Дина б. Біржан мен Сара

14. «Әнші Әміре» мәтінінің авторы

а. М. Әлімбаев ә. Н. Әлімқұлов б. М. Тәнекеев


15. Әміре Парижде қашан ән салды?

а. 1930 жылы ә. 1948 жылы б. 1925 жылы


Жауап кілті


Сұрақ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Жауап

а

б

а

ә

ә

а

ә

а

а

ә

ә

ә

ә

а

б


VІІ ТАРАУ

ТАБИҒАТ-МЕНІҢ ӨЗ ҮЙІМ
1. «Он мың мал айдап өтсең лай қалмайды,

Тасыса су бармаған сай қалмайды.» Үзінді қай өлеңнен?

а. Өзен ә. Алтай аясында б. Ақсақ киік


2. «Өзен» өлеңінің авторы

а. Ж. Аймауытов ә.И. Байзақов б. Ы. Алтынсарин


3. Жазықсыз жазаланып, Мәскеуде мерт болған қазақ жазушысы
а. М. Мағауин ә. Ж. Айтматов б. Ә. Қоңыратбаев
4. Бәкене бойлы Мұхтар туралы қай мәтінде айтылған?

а. Қайырымдылық ә. Торғай б. Киіктің айласы


5. Ә. Қоңыратбаев суреттеген мәтін

а. Көкшенің көрінісі

ә. Киіктің айласы

б. Қамқорлық


6. Киіктің жаңа туған лағын қалай атайды?

а. құралай ә. қоңыр б. маңырама


7. «Көкшенің көрінісін» кім жазды?

а. И. Байзақов ә. Б. Емельянов б. С. Мұқанов


8. «Ақсақ киік» өлеңі қалай басталады?

а. Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім

ә. Арқаның Бетпақ деген даласы бар

б. Кей адам әдет қылған киік атып

9. Мына өлеңдердің қайсысын И. Байзақов жазған?

а. Алтай аясында ә. Ақсақ киік б. Өзен


10. «Бүркіт» мәтініндегі кейіпкер

а. Алексей ә. Гайдар б. Сережа

11. «Әккі Жантас ентелеп тағы жетті. Рогаткасын жүгіріп келе жатқан бойда оқтап алды да, қалт тұра қалып және атты» Үзінді қай мәтіннен?

а. Қамқорлық

ә. Арқарға үлкен мүйіз неге керек?

б. Бетпақдала


12. Кәдірбек Сегізбай жазған мәтін не туралы?

а. бөкен ә. арқар б. бүркіт


13. «Есті ханның қайғысы ақылменен басылар, есер ханның қайғысы ... болып шашылар» толықтыр.

а. ашу ә. ызғар б. соққы


Жауап кілті


Сұрақ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Жауап

а

б

ә

а

ә

а

б

ә

а

ә

а

ә

а


Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет