Аналитические группы анионов ► катионов


Барий хлоридімен реакциясы



бет12/62
Дата15.02.2022
өлшемі447,46 Kb.
#131852
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62
Байланысты:
13. Аниондар анализі
Алпыс Ерқанат ЭЭк 20-3, жоба, емтихан сұрақтары
1. Барий хлоридімен реакциясы. Фторид-ионы F- барий хлоридімен ақ түсті барий фториді BaF2 тұнбасын түзеді:
2F- + Ba2+ → BaF2
Тұнба қыздырғанда HCl, HNO3, сондай-ақ аммоний катионы катысында ериді.
Тәжірибе:
Сынауыққа 3-4 тамшы натрий немесе калий фторидінің ерітіндісін және барий хлоридінің тамшысын ақ тұнба түзілгенше қосады.
2. Темір роданидін түссіздендіру реакциясы. Қызыл түсті [Fe(NCS)n(H2O)6-n]3-n, мұндағы n = 1, 2,... , 6, темірдің тиоцианатты комплексі фтор ионы қатысында түссіз тұрақты гексацианоферрат(ІІІ) комплексті қосылысына [FeF6]3- өтеді:
6F- + [Fe(CNS)n (H2O)6-n]3-n →[FeF6]3- + nSCN- +(6-n) (H2O)
немесе
Fe(CNS)3 + 6F- →[FeF6]3- + 3SCN-
Бұл реакцияны кобальт катионын да (көк түсті кобальттың тиоцианатты комплексті қосылысы түрінде) темір(ІІІ) ионынының кедергісін жою үшін қолданады. Егер ерітіндіде натрий катионы болса, онда аз еритін комплексті тұздың Na3[FeF6] ақ тұнбасы түзіледі.
Тәжірибе:
Сынауыққа 3-4 тамшы темір(ІІІ) тұзының ерітіндісін және 1 тамшы сұйытылған калий тиоцианатының KNCS ерітіндісін құяды. Темірдің тиоцианатты комплексі түзілу нәтижесінде ерітінді қызыл түске боялады. Алынған ерітіндіге калий фторидін тамшылатса түссізденеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   62




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет