А.Құнанбаев «Қыс» Сабақтың мақсаты



Дата25.12.2016
өлшемі45,36 Kb.
#4386
А.Құнанбаев «Қыс»

Сабақтың мақсаты:

А) білімділігі: автор жайлы мағлұмат бере отырып, өлеңнің мазмұнын түсіндіру, қыс мезгілін суреттей білуге үйрету.

Ә) дамытушылығы: бейнелі сөйлей білу дағдыларын, сөздік қорларын, тіл дыбыстарын, ой – өрісін дамыту.

Б) тәрбиелілігі: әр маусымның ерекшелігін байқата отырып, табиғат сырын түсінуге, ұқыптылыққа баулу.

Көрнекілігі: А.Құнабайұлы портреті, жыл мезгіліне байланысты суреттер, кітап бұрышы.

Түрі: жаңа білім беру.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, топтастыру, бес жолды өлең стратегиялары.

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылығын ояту.

Жұмбақ жасыру.

Суда мұз бар

Жерде қар бар

Боран борап соғады?

(Қыс)
Ендеше бүгінгі жаңа тарауды бастап тұрмыз. Бұл тарау «Қыс бейнесі» деп аталады. (сурет, слайд көрсетіледі)



ІІ. Мағынаны тану кезеңі.

Бүгін өтетін өлеңіміздің авторы қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбайұлы. Абай Құнанбайұлы – ұлы ақын, данышпан ойшыл, аудармашы, сазгер.



  1. Абай туралы не білеміз

  2. Абай өмірі туралы мәлемет.

Абайдың азан шақырып қойған аты Ибрагим. Ол 1845 жылы тамыздың оныншы жұлдызында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай бай адам болған. Абайдың анасы Ұлжан ақылды, мейірімді кісі екен. Ал Абайдың әжесі Зере тәрбиелеген. Ол Ибрагимді «Абай» деп атаған.

Ұлжан Ибрагим Зере
Құнанбай АБАЙ Өскенбай

Әсемпаз болма Ғылым таппай

әр неге мақтанба
Күз Қыс Жаз Жаз

Қос ана қазақтың ертегі, аңыз жырларын көп білген. Абайға кішкене кезінен әңгімелерді қызықтыра айта отырып, оның санасына құя білген. Абай ауылында Ғабитхан деген татар молдасынан 3-4 жыл сабақ алады. Әкесі зеректігін байқап, оны Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға береді. Сонда жүргенде өз бетімен орыс тілін үйренеді.



  1. Абай 12 жасынан бастап өлең жаза бастайды. Абай өлеңдерінде білім, ғылымға шақырған, жыл мезгілдерін, қазақ халқының өмірін суретеген.

  2. Абай өз өлеңдеріне 20- дан аса әндер шығарған. Үлкен сазгер болған.

Абай – ақын:

  • «Қараша желтоқсан мен сол бір екі ай»

  • «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»

  • «Қансонарда бүркітші шығады аңға»т.б.

Абай – данышпан

  • Абайдың қырық бес қара сөзі бар

Абай – аудармашы

Лермонтов, Пушкин, Крыловтың өлеңдерін қазақшаға аударған

Абай-сазгер

(Компьютерде жазылған әнді тыңдау)



  • «Желсіз түнде жарық ай» әнін тыңдау

Абай әндері

Қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс мезгілі)

Қыстың басқа жыл мезгілінен ерекшелігі неде екенін айтайық.

Әрбір өлеңнің шығу тарихы бар.

«Қыс» өлеңнің шығу тарихы.

1884 жылы қыс қатты болып, ел жұтаған. Қар сәуірдің басында ғана кеткен. Сол кезді ақын өлеңмен бейнелеген. Зор тұлғалы, тірі жанды бейне етіп сипаттайды. Абай қысты қазақтың кәдімгі кәрі құдасына теңеу арқылы суреттейді. Қысқы отардағы малшы өмірі, күннің қатты суығы айтылған.


Аяз болады Қар жауады

ҚЫС


Боран соғады Күн қысқарады
Өлеңді мәнерлеп оқу, түсінбеген сөздерді түртіп алу.

9) Сөздік жұмысы

Өлеңнің шумағын анықтау және мазмұнын түсіндіру.

10) өлеңді балалардың оқуы

1) іштей оқу

2) мәнерлеп оқу

Оқушылар бір шумақтан мәнерлеп оқиды

11) Топ оқушыларына тапсырма беру.



І топ. «Қыс» тақырыбына әңгіме құрау.

ІІ топ. Қыс туралы не білеміз?

Өлең, мақал – мәтел, жаңылтпаш



ІІІ топ. «Қыс» тақырыбында пікір сайыс жүргізеді.

12) Сергіту сәті

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады, қатады

Жып-жылтыр боп жатады.

13) «Қыс» қызығы дидактикалық ойын

Ұяшықтың шешуін дұрыс тапсаң жауабы шығады.



  1. Сырғанайсың онымен,

Күнде қызық ойнайсың.

Күн суығын елемей,

Қызығына тоймайсың. (Шана)


  1. Тікен – тікен тік пісте,

Қыс ы-жазы бір түсте (Шырша)

  1. Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым (Шаңғы)

  1. Жаңа жылдық мерекенің басты кейіпкерлерін ата

Шығармашылық жұмыс

«Ұйқасын тауып, жалғастыр»

Қар жауады...

Ойнауға жақсы-ақ

Осындай...

Кім үйде жатпақ.


ІІІ. Қорытынды.

  1. Бір оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.

  2. Сұрақтарға жауап беру

Өлеңде қыс мезгілі қалай суреттелген?

Ақын қыстағы адамдар өлеңін қалай сипаттаған?



  1. «Қыс» бес жолды өлең құрастыру

  1. Қыс

  2. Суық, аязды

  3. Келді, ашуланды, үсітті

  4. Қыста күн аязды болады

  5. Жыл мезгілі

  1. Қысқы Азиада Олимпиадасы біздің қазақстанның Астана, Алматы қалаларында өтеді. Әр түрлі шаңғы тебу, коньки тебу сияқты ойындар өтеді.

  2. Кітапшаларын тексеру

  3. Оқушыларды бағалау

  4. Үйге тапсырма, өлеңді жаттау, қыс туралы сурет салу, эссе жазу.

«Аязды келіп қыс» әнімен сабақты аяқтау.

Еламан бастауыш жалпы білім беретін мектебі.





(Әдебиет пәнінен ашық сабақ )

Орындаған: Салимова С.С



2013 – 2014 оқу жылы
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет