Анаплазма қарапайымдыларының биологиясын зерттеуге қолданылатын иммунологиялық тікелей емес гемаглютинзация әдістемелермен зерттеу мазмұНЫ



бет2/50
Дата08.02.2022
өлшемі16,11 Mb.
#124602
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Анаплазма маг диссер 04.03.21
Аж-41 Қалдан Е.Қ., instr entkz
1 ПРОТОЗООЛОГИЯ
1.1 Қарапайымдылардың құрылысы мен өсіп-дамуы

Қарапайымдылар өз алдына біржасушадан құрылған денелер, олар бірімен бірі бөлінбейтін байланыста болатын ядро және цитоплазмадан тұрады.


Ядро жасуша өмірінде екі қызмет атқарады: генетикалық және метаболикалық. Ол цитоплазманың айрықша жерінде орналасқан. Ядро сыртынан қабықшамен қоршалған, ішінде ядро шырыны (нуклеоплазма), хроматин және кіші ядросы бар (нуклеолдар). Ядро қабықшасы екі жарғақшадан тұрады, онда ядролық цитоплазмалық алмасуды қамтамасыз ететін жүйе орналасқан. Қабықшада азықтық заттарды сіңіретін саңлаулар бар. Ядро ішін толтыратын шырын түссіз заттан құралған. Оның құрамына әртүрлі белоктар, нуклепротеидтер, гликопротеидтер және ядро ферменттері енеді. Хроматин белоктан және нуклеин қышқылдары, оның ең бастысы ДНК-дан құралған. Түрі торлы не түйіршік тәрізді. Бөлінген уақытта хроматин жіпшелері хромосомалар түзейді. Ядрошықтар жасуша ішіндегі ең тығыз құрылым. Олар жасуша ішінде бір не бірнеше және көлемі мен пішіні жасушаның физиологиялық жағдайына байланысты. Ядрошықтардың химиялық құрылымында РНК басымдау болғаны анық болды.
Цитоплазма жасуша құрамының бір бөлігі, сұйық не қоймалжың зат, сырты цитоплазмалық қабықшамен (пелликула) жабылған. Цитоплазма ішінде бірқатар органеллалар бар (органоидтар), олар: цитоплазма торы (ретикулум), рибосомдар, митохондриялар, лизосомдар, табақша жиынтық (Гольджи аппараты) және қарапайымдыларға ғана тән т.б. органоидтар (немесе мүшесымақтар).
Цитоплазмалық тор тармақталған өте ұсақ түтікшелер көпіршіктер жүйесінен құралып, қарапайымдылардың өмірінде маңызды қызмет атқарады. Ол цитоплазмада циркуляциялық ағынды қамтамасыз етеді, құрамында көптеген фермент болғандықтан зат алмасуына қатысады. Рибосомдар белок түзілу орталығы ретикулуммен тығыз байланысты. Митохондриялар - жасушаның маңызды органоидтарының бірі - сопақша, созылған не таяқша пішінді болады. Олар күрделі фермент жүйесін түзеп, зат алмасу және тотығу, қайта құру процестеріне қатысады. Лизосомдарда өте ұсақ қалташықтар ішіндегі ферменттері тірі материяны ыдыратуға қабілетті болғандықтан, жасуша ішіндегі ас қорыту жүйесі іспеттес. Цитоплазманың ең айрықша дамыған бөлігі табақшалар жиынтығы, олар екі қабат жарғақшадан және көптеген көпіршік тәрізді вакуолдерден құралып, ядро маңына орналасады. Бұл органелланың басты қызметі секрет шығару, цитоплазма ішіндегі тасымалдайтын заттарды жинақтап біріктіру.
Қарапайымдылардың қозғалысы негізінен үш түрлі органелла арқылы жүзеге асады: кірпікшелер мен бишіктер цитоплазма ішіндегі негізгі денеден басталады.
Кірпікшелер мен бишіктер сырт жағынан үш қабат жарғақшамен жабылған, олар цитоплазма ішіне тереңдеп, қарапайымдылардың дене ішінде қалташық түзейді. Кірпікшелер және бишіктер өзегінде фибрилдер мен жіпшелердің жиынтығы бар. Олардың сыңар екеуі ортасында, жұпталған тоғызы шетіне орналасып, аксонема түзейді. Көптеген бишікті қарапайымдыларда толқын тәрізденіп қозғалатын жарғақ болады, ол цитоплазмадан өрбіген өте жұқа қатпар (қозғалуға қатысады). Жалған аяқтары көмегімен қозғалу амебаларға тән, мұндайда бір орыннан екінші орынға олардың денесіндегі цитоплазмасы ауысып отырады (амеба тәрізді қозғалу).
Иесінің жасушасы ішінде өмір сүретін споровиктер сырғып қозғалады, оған пелликула астындағы талшықтардың әсер етуі мүмкін. Трихомонадаларға жататын бишіктілерде ерекше тіректі өзегі немесе аксостиль болады. Клетка ішінде өмір сүретін споровиктерде, денесінің алдыңғы жағында апикальді жиынтық (кешен) орналасқан, оның құрамына үш жарғақты пеликулла (қабықша), астындағы микротүтік-шелер, полярлық сақиналар, роптриялар, микронемдер және коноид енеді. Алдыңғы шетімен коноид полярлық сақинаға тіреледі. Денесінің алдыңғы жағында цитоплазмалық жарғақ паразит тіршілігінің кейбір кезеңінде “полярлық бөрік” (тақия тәрізді) дегенді түзеді, оның ішіне қарай, иесінің жасушасына ену процесінде, коноид жақындайды. Коноид, ішіне қарай роптриялардың (жұпты органеллалар) алдыңғы ұшы өтеді, олар денесінің алдыңғы үштен бір бөлігіне орналасқан, ерекше колба тәрізді құрылым-дар. Роптриялар протеин ыдыратқыш ферменттерге толы, олар паразит иесінің жасушаларына енуіне ықпал етеді. Коноидты паразиттің жасушаға енуге икемделген құрылымы деп қарауға болады. (Эймериялар, токсоплазмалар, саркоцисталар және т.б.).
Қарапайымдылардың қоректенуі арнаулы цитостом органеллалары арқылы фагоцитоз және пиноцитоз жолдарымен жүзеге асырылады. Электрондық-микроскопиялық зерттеулер арқылы, азық бөлшектерінің және оның ірі молекулаларының жасуша ішіне эндопиноцитоз арқылы енетіні анықталды. Егер азық бөлшектері әжептеуір үлкен, пішінді болса, оны фагоцитозға жатқызамыз, егер азық бөлшектері сұйықтықтың тамшысындай болса, оны пиноцитоз деп білеміз (грекше pіno-ішу). Мұндайда цитоплазма ішке қарай еніп, ол жер шұңқырланады, кейін тереңдейді, шұңқырдың шеттері қосылады да, цитоплазмада вакуоль-қуыс пайда болады.
Көптеген қарапайымдыларда пиноцитоз көпіршіктерін кейде ас қорыту вакуольдері деп атайды да, олар цитостом (инфузорияларда) және микросаңлау немесе ультрацитостом (споровиктерде) арқылы қалып-тасады. Қорытылып болғаннан кейін қоректік заттар жасуша ішінде цитоплазмалық тордың көмегімен тасымалданады. Қорытылмаған бөлшектер сыртқа шығарылып тасталады. Эритроцит ішіндегі паразиттер (мысалы, безгек плазмодийі және пироплазмалар) цитоплазма бөлшек-терін қоршап алу арқылы қоректенеді, осылайша қарапайымдылар өзінің дамуына керекті белоктарды және т.б. заттарды алып отырады.
Көптеген Protozoa тіршілікке қолайсыз жағдайларда өз денесінің сыртынан ерекше қабықша циста түзейді. Бұл құбылысты қабықша түзу (циста түзу) деп атайды. Кейбір споровиктерде циста түзу міндетті түрде сақталып, олардың өсіп-даму айналымында бір саты болып орын алған (кокцидиидтер); ішек тоғышарлары қоршаған сыртқы ортаға түскенде циста түзу, олардың қолайсыз жағдайларда, аман сақталып қалуын және иесіне қайта енуін қамтамасыз етеді. Мысалы, балантидияларда цистаның ыдырауы иесінің ас қорыту энзимдері әсерінен болады.
Қарапайымдылардың көбеюі жыныссыз (агамдық) немесе жыныс-тық жолмен болады. Жыныссыз көбею төмендегіше іске асады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет