Анаплазма қарапайымдыларының биологиясын зерттеуге қолданылатын иммунологиялық тікелей емес гемаглютинзация әдістемелермен зерттеу мазмұНЫ



бет8/50
Дата08.02.2022
өлшемі16,11 Mb.
#124602
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50
Байланысты:
Анаплазма маг диссер 04.03.21
Аж-41 Қалдан Е.Қ., instr entkz
Бабезия жіті өтетін трансмиссивті ауру. Ол қызба, гемоглоби-нурия, анемия және кілегей қабықтардың сарғыштануымен, жүрек-қан тамыр, асқазан жүйелері қызметі бұзылуымен байқалады. Қоздырғышы Babesіa bovіs эритроцит ішін мекендейді, пішіні қандауыр немесе алмұрт тәрізді, сүйір ұштарымен екеуі қосылып, доғал бұрышпен эритроциттің шеткі жағына орналасады. Олардың тұрқы 1,0-2,5 х 0,5-1,5 мкм. Зақымданған эритроциттер саны 7-15 %, сирек жағдайда 40 %-ке жетеді.
Мал ағзасынде бабезиялар эритроцитте қарапайым әдіспен екіге бөліну немесе бүртіктену арқылы үшке бөлінеді. Кейде бабезияларды эритроциттен тыс плазмада көруге болады. Олардың кене денесінде көбеюі толық зерттелмеген. B.bovіs-ті үш иелі Іxodes rіcіnus және І.persulcatus кенелері тасымалдайды. Кенелер ауру немесе ауырып болған жануарлар қанымен қоректеніп, бабезияларды қабылдайды, олар алдымен кененің ішегінде қарапайым әдіспен бөлініп, сонан соң 2-4-6 ядролы гүрзі тәрізді болады (мүмкін ол екі паразиттің қосылу нәтижесінен болар). Мұндай бабезиялар ішектің эпителийіне еніп, көпке бөлшекке бөлінеді де, көп ядролы жасушалар түзейді. Соңғылар ыдырап және тағы бірнеше рет бөлінеді. Бұдан кейін гүрзі тәрізді жасушалар гемолимфаға еніп, кененің әртүрлі мүшелері мен ұлпаларына тарайды, сондай-ақ жұмыртқа уызына еніп, онда олар тағы да көбейеді. Кене жұмыртқаларынан шыққан балаң-кенелер және кейін олардың нимфа мен имагоға айналуы кезеңінде, бабезиялар олардың ағзаін таралып, сілекей бездерін зақымдайды. Іxodes кенесінің нимфа және имаго сатылары мал қанын сорғанда қоздырғышты сілекейімен берге қанға енгізеді.
Пироплазма жануарлардың анемиямен, сарғаюмен, жүрек жұмы-сының зақымдануымен, күйзелуімен, тәбеттің жоғалуымен, дене қызуының жоғарылауымен, өнім беруі, сондай-ақ аурудың ауыр кезеңінде кілегей қабығының қанталауымен, гемоглобинуриямен, өліммен ерекше-ленетін, эритроциттердің пигментсіз эндоглобулярлы паразиттері қоздыратын трансмиссивтік ауру.
Pіroplasma bіgemіnum Романовский әдісімен бояғанда пироплазмалардың цитоплазмасы көкшіл, ядросы қызғылт түске боялады. Әдетте эритроцит ішінде бір, екі, кейде одан да көбірек паразит болады. Паразит пішіні алмұрт, дөңгелек, сақина тәрізді және ұзынша сопақ. Жалғыз орналасқандарының тұрқы 2,2-ден 6 мкм дейін, қосарланған алмұрт тәрізділерінің тұрқы 4,5 мкм-ге дейін. Аурудың әрі дамуына байланысты, зақымданған эритроциттердің саны тез көбейіп, 5-15 % -ке жетеді
Эритроцит ішіндегі пироплазма жыныссыз екіге бөліну арқылы немесе бүршіктену арқылы көбейеді. Пироплазмалар кене денесінде шизогония әдісімен көбейеді. Пиро-плазмалардың тасымалдаушысы – бір иелі Boophіlus calcaratus, екі иелі Rhіpіcephalus bursa және үш иелі-Haemophysіalіs punсtata кенелері. Ріroplasma bіgemіnum паразитін кенелер трансовариалдық жолмен тасымалдайды. Boophіlus calcaratus кенелері пироплазмаларды, әдетте, нимфа сатысында, ал H.punctata, R.bursa кенелері имаго сатысында тасымалдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет