Анаплазма қарапайымдыларының биологиясын зерттеуге қолданылатын иммунологиялық тікелей емес гемаглютинзация әдістемелермен зерттеу мазмұНЫ



бет21/50
Дата08.02.2022
өлшемі16,11 Mb.
#124602
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50
Байланысты:
Анаплазма маг диссер 04.03.21
Аж-41 Қалдан Е.Қ., instr entkz
Ірі қара протозомозын алғаш рет Шмидт –Генедорф және Хольц (1953) зерттеген. Олар Берлинде 108 сиырдың қанын Сэбин-Фельдман реакциясымен тексергенде олардың екеуінің қан сарысуының титрі жоғары болғанын байқаған.
Қазіргі кезде ірі қара протозомозы біздің елімізді И.Г.Галузо басқарға ғалымдармен терең зерттеген.
1962 жылы А.В.Левиттің Қазақстанда 774 сиыр қан сарысуын зерттеген мақаласы жарық көрген. Орташа 33,4% протозомоз табылған. Онда кейбір табында оң көрсеткіш 4,2% болса, ал кейбірінде 52,1%-ке дейін көтерілген.
И.Г.Галузо, В.И.Голосов және З.И.Горбунова 1963 жылы 312 бас ірі қараны серологиялық әдіспен тексеріп 13,1%-оң көрсеткіш көрсеткенін келтіреді. Сол шаруашылықты сауын сиырлардың 40% қарапайымдыларға, оң көрсеткіш көрсеткен. Олардың арасында іш тастау, өлі туу жиі кездесетіні байқалған.
А.В.Левит және У.Д.Вустина (1963)Семей облысында 430 бас және Шығыс Қазақстанда 711 бас ірі қараның қанын серологиялық әдіспен тексеріп оң көрсеткіш орташа 25,1% болғанын келтіреді. Экспериментте ірі қараның несебінен, сілекейінен, сүтінен қарапайымдылар паразиті бөлініп алынған (И.Г.Галузо т.б., 1965). Майер (1964) Аргентинада 304 бас ірі қараның етін зерттеген және оның 74-нен қарапайымдылар цистін бөліп алған. Осындай ірі қара ағзасынан қарапайымдылар паразитін бөліп алу басқа ғалымдарда да көрсетілген. (В.А.Тимофеев, 1975). Алынған мәліметтер ірі қараның протозомоз инвазиясын сақтау және таратуда маңызы үлкен екнін көрсетеді.
Біз комплементті байлау, комплементті ұзақ байлау, гемагглютинация және антигенді бейтараптау реакцияларымен 748 ірі қараның қан сарысуын протозомозға тексердік. Тексеру нәтижесінде комплементті байлау реакциясымен 199 бас (25%), комплементті ұзақ байлау реакциясымен 210 бас (26,3% ал кері гемагглютинация және антигенді бейтараптау реакцияларымен 235 бас (29,4%) және 25 бас (31,5%) оң көрсеткіш көрсетті, 4 іш тастаған бұзаулардан алынған патологиялық материалдар суспензиясын кері гемагглютинация және антиденені бейтараптау реакцияларымен зерттегенде, қарапайымдылар антигендері бар екндігі анықталды.
Қой қарапайымдыларсы алғаш рет 1942 жылы АҚШ-та анықталған (Оловшон, Манлукс 1942). Олар ауру қойдың миының қабынғанын байқаған және онан қарапайымдыларның псевдоцист пен цист формаларын тапқан. Көптеген зерттеулер протозомозқой шаруашылығында кеңінен таралғанын дәлелдеді.
Қазақстанда қой протозомозы 1962 жылы И.Г.Галузоның басқаруымен зерттеліп келеді. И.Г.Галузо, В.И.Голосов, З.И.Горбунова (1962) 1940 бас қойдың қанын серологиялық жолмен зерттеген. Зерттеу нәтижесінде 19,7% протозомозға оң көрсеткіш көрсеткен. Кейінгі зерттеулер нәтижесінде олар Алматы облысының кейбір шаруашылығында протозомоз 60%-ке, ал солтүстік облысында 10-52% таралғанын анықтаған (И.Г.Галузо, т.б. 1963).
Біз зерттеулерімізде Оңтүстік Қазақстан облысында 1991-1994 жылдары 3670 бас қой қаның сарысуын серологиялық жолмен протозомозға тексердік. Зерттеу нәтижесінде протозомоздың таралуы 35-40% жететіндігін көрсетті. Кейбір отарларда тұсақтардың іш тастауы мен өлі тууының бірден-бір себебі протозомоз екені анықталды.Іш тастаған 227тұсақтың 152 басы (76%) протозомоз екндігі байқалып, олардың серологиялық реакциялар титрі жоғары көрсеткіштер көрсетті. Өлген малдар мен іш тастаған, өлі туылған қозылардан алынған ішкі мүшелерді тексергенде, оларда қарапайымдылар антигендерінің мөлшері жоғарғы екендігі анықталды. Көптеген ғалымдардың зерттеулері қой протозомозы мал шаруашылығына орасан зор шығын келтіретінін көрсетеді. Қойлардың іш тастауы, өлі қозы туу және әлсіз, әлжуаз өміршеңі төмен төлдердің дүниеге келуі, олардың ерте өліп қалуы, ересек малдардың азғындауы, өлім-жітімнің көбейтілуі протозомоздың аса қатерлі инвазиялық ауру екендігін көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет