Анатомия – 120 ом


Жатыр түтігі, құрылысы, қызметі



бет139/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì
казахский сессия (копия), гг (копия), 190768.pptx, 201212211340127
175. Жатыр түтігі, құрылысы, қызметі
Жатыр түтігі (tuba uterine) немесе Фаллопиев түтігі (tuba Fallopii), (грек.-salpinx) – аналық клетканың (овуляциядан кейін) ішастар қуысынан жатыр қуысына өтуін және серматозоидтардың жатыр қуысынан жатыр түтігіне өтуін қамтамасыз ететін, сонымен қатар ұрықтанған клетканы (зиготаны) жатыр қуысына қарай (жүктілік болу үшін) бағыттап өткізетін бұлшықетті түтікті ағза.
Голотопиясы: жатыр түтігі кіші жамбас астауында, жатырдың жалпақ байламының жоғарғы бөлігінде орналасқан.
Скелетотопия: жатыр түтігі S1 – S2 тұсында орналасады.
Синтопия:
- жоғарыда – жіңішке ішек ілмектері жанасып жатады;
-төменде – аналық без және оның рудименттік туындылары орналасқан;
-алдында – несеппен толған кездегі несепқуық орналасады;
-артында – тік ішек орналасқан.
Жатыр түтігінің тесіктері (екі тесігі ажыратылады):
-жатыр түтігінің құрсақтық тесігі (ostium abdominale tubae uterinae) – жатыр түтігі құйғышының ұшында орналасқан, пішіні дөңгелек тәрізді және ішастар қуысымен байланысады; осы тесік арқылы жарылған фолликулдан (овуляция кезінде) шыққан аналық жыныс клеткасы fimbria ovarica бойымен жатыр түтігінің кеңжеріне (ампуласына) өтеді;
-жатыр түтігінің жатырлық тесігі (ostium uterinum tubae uterinae) –жатыр қуысына ашылады (спематозоидтарды жатыр қуысынан жатыр түтігіне және ұрықтанған аналық клетканы, яғни зиготаны жатырға өткізеді).
176. Аналық сыртқы жыныс ағзалары. Олардың анатомиясы.
Әйелдің сыртқы жыныстық ағзаларына әйелдің жыныстық аймағы, pudentumfemininum, олар:
- Қасаға, mon pubis
- Үлкен және кіші жыныс ернеулері , labia majora et minora pudenti
- Қынап кіреберісі , vestibulumvaginae және делікті , clitoris жатады
Қасаға, mon pubis– іш аймағынан қасаға жүлгесімен, саннан жамбас-сан жүлгесімен бөлінеді. Іш аймағына өтпейтін, улкен жыныс еріндері дейін баратын түктермен жабылған. Майлы қабаты, яғни теріасты негізі жақсы дамыған.
Үлкен жыныс ернеулері. Сипаттамасы: ұзындығы- 7-8 см, ені – 2-3 см, сопақша пішінді қос тері қатпары, қызғылт түсті, шырышты қабыққа ұқсаған, тері жамылғысы пигменттелген, көптеген май және тер бездері бар.
Олар жыныс саңылауларын шектейді, бір-бірінен дәнекер арқылы қосылады:
Кеңдеуі – алдыңғы дәнекері comissura labiorum anterior , тарлауы – артқы дәнекер comissura labiorum posterior
Ішкі бетімен бір-біріне қарайды.
Кіші жыныс ернеулері – ұзыннан келген қос жіңішке тері қатпарлары.
Жыныс саңылауына кіре берісті шектеп орналасқан. Үлкен жыныс ернеулерімен жанасып жатқансыртқы жіне ішкі беттері бір-біріне қараған.
Кіші жыныс ернеулерінің қырлары жұқарған және бос болады.
Қабырға Құрылысы:Майлы дәнекер тіннен құралған, құрамында көптеген эластикалық , бұлшықет талшықтары, веналық өрімдері бар.
Артқы кырлары бір-бірімен қосылып, ұзыннан қатпар - жыныс ернеулерінің жүгеншігін, frenulum labiorum pudendi, қүрайды. Ол қынап кіреберісінің шұңқырын, fossa vestibuli vaginae, шектейді.
Әрбір кіші жыныс ернеулерінің жоғарғы шеттері деліткіге бағытталған екі қатпаршаға (аяқшаларға) бөлінеді. латералді аяқшасы деліткінің бүйірінен өтіп, үстінен коршайды. Латералді аяқшалар бір-бірімен қосылып, деліткі күпегін, preputium clitoridis, түзеді. Кіші жыныс ернеулерінің медиалді аяқшасы қысқалау келген. Ол деліткі астынан келіп, қарама-қарсы жақтағы аякшалармен қосылып деліткі жүгеншігін, frenulum clitoridis, түзеді.
Кіші жыныс ернеулерінің тері қалындығында май бездері жатады.
Қынап кіреберісі, vestibulum vaginae, бүйірінен кіші жыныс ернеулерінің медиалді беттерімен шектелген тақ, кайықтәрізді ойық, астында (артынан) кынап кіреберісінің шұңқыры және үстінде (алдынан) деліткі орналаскан. Кіреберіс тереңдігінде тақ қынап тесігі, ostium vaginae, жатады. Қынап кіреберісіне алдынан деліткі және артынан қынапқа енетін жері арасында әйел несеп шығаратын өзегінің сыртқы тесігі, әйел үрпісі, ostium urethrae externum, ашылады. Ол қынап кіреберісі мен деліткі арасында орналасып, еміздікше ұшында ашылады. Қынап кіреберісіне үлкен және кіші кіреберісінің өзектері ашылады.
Үлкен кіреберіс безі, glandula vestibularis major, (бартолинов)-жұп
Орналасуы: еркектердің буылтық-несеп шығаратын өзек безіне сәйкес келеді. Үлкен кіреберіс бездері кіреберіс буылтығының артында, кіші жыныс ернеулерінің негізінде орналаскан. Үлкен кіреберіс өзектерінін бездері кіші жыныс ернеулерінің негізіне ашылады.
Қызметі:Ол қынапка ену жолының қабырғаларын дымкылдататын шырыш бөледі. Сипаттамасы: Бүл сопакша пішінді ұяшыкты-түтікті бездер.
Кіші кіреберіс безі, glandulae vestibulares minores,
Орналасуы: олардың өзектері ашылатын қынап кіреберісі қабырғаларының калыңдығында орналаскан.
Кіреберіс буылтығы, bulbus vestibuli,
Орналасуы: Кіреберіс буылтығының бүйірлері сәл жалпайған және өзінің артқы ұштарымен үлкен кіреберіс бездерімен сыбайласып, үлкен жыныс ернеулері неігізінде орналаскан.
Сипаттама:дамуы және қүрылысы бойынш а еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесімен сәйкес келеді, әйел несеп щығаратын өзегінің сыртқы тесігі мен деліткі арасында орналасқан, пішіні ортасы жұкарған тағатәрізді. Кіреберіс буылтығы сыртынан буылтықтык-кеуекті бүлшықет шоғырларымен қапталған. Кіреберіс буылтығы дәнекер тін мен тегіс бұлшықет жасушаларының шоғырларымен қапталған веналардың қалың өрімінен тұрады.
Деліткі, clitoris, еркектің жыныс мүшесінін үңгірлі денесінін гомологы болып табылады және әрқайсысы деліткі аякшасынан, crus clitoridis, басталатын деліткінің қос үңгірлі денесінен, corpus cavernosum clitoridis, күрал-ған.
Деліткі аяқшалары цилиндр пішінді және қасаға сим ф изінің төменгі бөлігінің астында қосылып, үзындығы 2,5-3,5 см-ге дейін жететін деліткі денесін, corpus clitoridis, кұрайды.
Деліткі денесі сыртынан ак қабықпен, tunica albuginea corporum cavernosorum dextrum etsinistrum, капталған, алделіткініңөзіделіткі басымен, glans clitoridis, аяқталады. Деліткінің үңгірлі денелері еркек жыныс мүшесінің үңгірлі денесі сиякты үңгірлі тін мен каверналардан қүралған. Деліткі үстінен деліткі күпегімен, preputium clitoridis, шектелген, астынан деліткі жүгеншігі, frenulum clitoridis, бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   142




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет