Анатомия – 120 ом


Кіші жамбас астауының өлшемдері



бет14/142
Дата12.02.2023
өлшемі330,47 Kb.
#168381
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   142
Байланысты:
Àíàòîìèÿ – 120 îì
казахский сессия (копия), гг (копия), 190768.pptx, 201212211340127
Кіші жамбас астауының өлшемдері:
1. Тік өлшем немесе анатомиялық коньюгата - distantia recta seu conjugate anatomica – жамбастың мүйісі мен шат сүйегінің қасағасының жоғарғы қырына дейінгі қашықтық – 11,5 см.
2. Негізгі не гинекологиялық коньюгата – conjugatevera seu gynecologica –жамбастың мүйісі мен шат сүйегінің шығыңқысы аралық – 10,5-11 см.
3. Диагональдық коньюгата – conjugata diagonalis – жамбастың мүйісі мен шат сүйегінің төменгі жиегі аралығы – 12,5-13 см.
4. Қиғаш диаметрі – diametr oblique – бір жағындағы мықын шат көтеріңкісіне дейінгі аралық – 12-12,6 см.
5. Тік диаметрі – diametr recta – І,ІІ сегізкөз сүйегінің аралығы мен шат сүйегінің қасағасы шығыңқысының аралығы – 12,2 см
6. Көлденең диаметрі – diametr transversa – шонданай сүйегінің бұдырларының арасындағы өлшем – 9,5 см.


12. Еркін аяқ сүйектері: ортан жілік, құрылысы.
Ортан жілік, os femur, адам қаңқасын құраушы сүйектердің ішіндегі ең ұзын және жуан түтік тәрізді сүйек болып саналады.
Бұлсүйектің денесі және проксимальды, дистальды ұштары ажыратылады.
1. Ортан жіліктің денесі, corpus ossis femoris, сыртқы пішіні цилиндр тәрізденіп, бұралып, алдыңғы беті алға қарай иіліп орналасқан. Алдыңғы беті тегістеу және дөңестеу болып келген. Артқы бетінде бұдырлы сызықшасы, linea aspera, айқын орналасқан. Ол сан бұлшықеттерінің бекитін жері болып саналады.
Топографиялық орналасуына қарай бұл бұдырлы сызықша: медиалді, labium mediale, және латеральды ернінен, labium laterale, тұрады.
а) Бұдырлы сызықшаның латеральды ерні, labium laterale, дистальды бағытта өтіп, ортан жіліктің латеральды айдаршығына, condylus lateralis, ұласса, проксимальды ұшы бөксе бұлшық етінің бекитін бұдырына, tuberositas
glutea, одан әрі ортан жіліктің ұршық аралық қырқасына, crista intertrochanterica, ұласады
ә) Бұдырлы сызықшаның медиалді ерніне, labium mediale, келсек, олдисталды бағытта, ортан жіліктің медиалді айдаршығына, condylus medialis, ұласса, проксималды ұшы, өрлеме бағытта өтіп, қырқалы бұлшықеттің бекитін сызықшасына, linea pectinea, одан әрі ортан жіліктің алдыңғы ұршық аралық сызықшаға, linea intertrochanteria, ұласады.
Бұдырлы сызықшалар ортан жіліктің дисталды бөлігінде бір-бірінен алшақтап, орналасу нәтижесінде тақым астылық бетті, facies poplitea, құрайды.

2. Ортан жіліктің проксималь эпифизінде, ішке және жоғары қарай бағытталған басы, caput ossis femoris, және ортан жіліктің басын


денесінен бөліп тұрушы мойыны, collum ossis femoris, орналасқан.

а) Ортан жілік басының шар тәрізді буын беті, жамбас сүйегінің ойығы мен беттесіп, жамбас буынын, articulatio coxae, құрайды. Сонымен


қатар, буын басының проксимальды ұшында басының шұңқыршасы, fovea capitis ossis femoris, айқын байқалады. Бұл шұңқыршаның негізгі қызметі, ортан жілік басының жұмыр байламының, ligamentum capitis femoris, бекитін
қаңқасы болып саналады.

ә) Ортан жіліктің мойыны, collium ossis femoris, фронталді жазықтықтың бойында, алдыңғы және артқы беті қысыңқылау келіп, әйелдерде денесімен тік бұрыш құрап орналасса, ер адамдардадоғалбұрыш құрап орналасқан. Ортан жіліктің мойнының денесімен бітіскен жерінде, бұл сүйектің бұдырлау және қомақтылау келген үлкен және кіші ұршығы орналасқан.


Ортан жіліктің үлкен ұршығы, trochanter major, сүйектің проксимальды эпифизінің ұшында артқа және ішке қарай бағытталған.

б) Үлкен ұршығы кіші ұршықтың латеральды жағында орналасқан. Ортан


жіліктің үлкен ұршығы сырттай сипап қараған- да айқын байқалады. Сонымен қатар, үлкен ұршықтың артқы бетінің ішкі қапталында, бұлшық еттер бекитін ұршық аралық шұңқыршасы, fossa intertrochanterica, орналасқан.
в) Ортан жіліктің кіші ұршығы, trochanter minor, мойнының төменгі бөлігінің артқы бетінің медиалді қапталында орналасқан. Олар бір-бірімен, алдында ұршық аралық сызықша, linea intertrochanterica, арқылы жалғасқан.

3. Ортан жіліктің дисталдық ұшы, epiphysis distalis femoris, көлденең жазықтықтың бойында, қомақтылау болып келген медиалді айдаршық, condylus medialis, пен латеральды айдаршықтан, condylus lateralis, гұрады.


Медиальды айдаршық, латеральды айдаршыққа қарағанда үлкендеу болып келген.
Медиальды айдаршықтың ішкі беті мен латериалды айдаршықтың сыртқы бетінде, бұлшықеттер бекитін медиалді айдаршықүстілік, epicondylus medialis, пен латеральды айдаршықүстілік, epicondylus lateralis, орналасқан. Медиальды айдаршық үстіліктен жоғарырақ санның ішке тартқыш үлкен бұлшықетінің бекитін төмпешігі, tuberculum adductorius, айқын байқалады.
Ортан жіліктің айдаршығы басының буын беттері, бір-бірінен айдаршық аралық шұңқырша, fossa intercondylaris, арқылы бөлінсе, артқы беті, тақым бетінен, facies poplitea, айдаршық аралық сызықша, linea intercondylaris, арқылы шектелген. Айдаршықтардың алдыңғы беті, тегістеу болып тізе буынын қүрауға қатысушы тізе тобығының буын бетіне, faciespatellaris, ұласады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   142




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет