Қанатты сөз – қазына. 1-кітап



Pdf көрінісі
бет72/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
ӘКЕ АҚЫЛЫ АҚЫЛ-АҚ
Ертеде бір байдың жалғыз ұлы болыпты. Әкесі қанша ақыл айтса да, дүние-мал жинау
орнына оны оңды-солды шашыпты. Өзі секілді достарымен бірге қызық қуып, той тойлаудан
басқаны білмепті. Бір күні әкесі қатты ауырып, өлетін күні жақындағанда баласын шақырып
алып, былай деп өисет айтыпты: «Балам, сенің жағдайыңды біліп отырмын. Менің көзім тіріде
айтқаныммен жүрмедің. Енді бұдан былай осы бетіңмен кете берсең, барлық дүние-мүлік-
тен айырылып, қайыршы болып шығасың. Әрине, қайыршылық өмірге шыдамай, өлгің келеді.
„Жақсы ит өлігін көрсетпейді“ демекші, сен ит емес, адамсың ғой. Осы үйдің төбесіне бір ағаш
дайындап қойдым, өмірден түңілгенде соған асылып өлерсің. Менің өсиетім, соңғы ақылым
осы».
Көп ұзамай әкесі қайтыс болады. Жігіт әкесінің тірнектеп жиған дүниесін шашуға кірі-
седі. Күнде той, күнде думан. Қанша мал болса да бей-берекет жұмсалған байлық ақыры тау-
сылады. Не керек дос, жолдас болып жүргендер сырт айналып кетеді. Әйелі мен баласы күн
көре алмаған соң, өз әке-шешесінің үйіне барып сағалайды. Не істерін білмеген жігіт өмірден


К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
41
түңіледі. Сол кезде әкесінің баяғыда айтқан ақылы, ең соңғы өсиеті есіне түседі. «Қой, былай
қор болғанымша, асылып өлейін», – дейді. Арқан алып, әкесі дайындап кеткен ағашқа арқанды
байлап, мойнына салып, өзін төмен тастап жібергенде, ағаш морт сыныпты. Сонда ағаштың
арасынан алтын ақшалар сауылдап төгіліпті. Сөйтсе, әкесі өлердің алдында ағаштың ішіне көп
ақша тығып, оның арасын білдірмей аралап қойған екен.
Одан кейін жігіт өз қателігін түсініпті. Дүниені босқа шашқанын қойып, жұмыс істеп,
еңбек етіп, бай-бақуат, дәулетті өмір кешіпті.
Әке ақылы – өмірлік тәжірбиеден өткен, көрген-түйгені мол ақыл. Әке ақылы ада-
стырмайды, адасқанды түзу жолға салады. Сондықтан балалардың әке ақылын тыңдап
өскені жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   88




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет