Қанатты сөз – қазына. 1-кітап


БАҚ ҚАРАСЫН, ҚЫДЫР ДАРЫСЫН



Pdf көрінісі
бет86/88
Дата08.02.2022
өлшемі346,49 Kb.
#117156
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88
Байланысты:
67425079.a4
67425079.a4, Verstka фразеологизмдер
БАҚ ҚАРАСЫН, ҚЫДЫР ДАРЫСЫН
Ертеде Бақ пен Қыдыр Қаратаудың жотасымен келе жатқан екен. Оларды көріп жетім-
жесір, ғаріп-кесір, бай-манаптар шапағат етуін сұрап, жабылады. Бәрі Қыдырдың шапанына
жармасады. Біреулері аса таяғын ұстап, енді бірі бөркін сипап тілектерін айтып жатады.
Қасында келе жатққан Бақты ешкім елемепті. Ол кезде жұрт Бақты танымайды екен. Үстіне


К. Оразбекұлы. «Қанатты сөз – қазына. 1-кітап»
47
ескі шапан, жыртық қалпақ киген оны жұрт менсінбепті. Бақ ат жақты келген, қасының түк-
тері көзіне түсіп, көп нәрсені көрмейді екен. Айналасындағы у-шуды түсінбей:
– Мына шуылдақтар кімдер? – деп қалың қасын жалп еткізіп, басын жоғары көтеріп
қалғанда, қыр басындағы кемтар қызға көзі түсіпті. Оны көрген Қыдыр ақ таяғын кемтар қызға
қарата нұсқайды да, қаумалаған көпшілікке:
– Бақ қарамаса, мен дарымаймын. Бүгін бақтың көзі қырдың басында тұрған қызға түсті.
Сендер бақтың киімін қомсынбай, соған жақындағанда, мен сендерге назар салар едім, – дейді
де, Бақ екеуі көзден ғайып болады.
Бақ қарап, Қыдыр дарыған кемтар қыз ауруынан сол сәтте сауығады. Артынша тұрмысқа
шығып, үйлі-баранды болған екен. Алла бір басына жететін дәулет беріп, мұратына жетіпті.
Ел арасында «Бақ қарасын, Қыдыр дарысын» деген тәмсіл осыдан қалған екен.
Бата, тілек құрамында көп кездеседі, ырыс-несібелі, бай-дәулетті, жолың болсын,
мақсат-мұратыңа жет деген жақсы лебіздердің жиынтық-түйіні іспетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   88




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет