Анау тағаны, балам, ала жүр, керегіңе жарап қалар, жерде босқа жатпасын



Дата02.03.2022
өлшемі18,24 Kb.
#133924
Байланысты:
әке мен бала

Автор: Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

—Анау тағаны, балам, ала жүр, керегіңе жарап қалар, жерде босқа жатпасын.

Бала әкесіне:

Жарамсыз болып, сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, керегі жоқ алмаймын! Кеттік,әке, қайтесіз, алмай-ақ қояйық

— деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.


Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң Әкесі:

Ассалаумағалейкум! Мына тағаны жолай келе жатып тауып алдым, тағаны көтеріп, сізге өткізуді жөн көрдім.

Ұста:
Еее, дұрыс жасапсыз. О заманда тағалы аттар тек аса бай адамдарда ғана болыпты. Аттардың тағасы түсіп қалатын болса, мұны сәтсіздікке, жолы болмаушылыққа балаған деседі. темір таға «бақыт тұмары» саналыпты. Әгәрәки, жолаушы көшеден таға тауып алар болса, оны үйіне әкеп, есігіне шегелеп қояды екен. Аңыз бойынша, зұлымдық атаулы темір ұсталар мен олардың жасаған тағасынан қорқатын-мыс. Сонымен бірге, таға табысқа жету үшін, күштілікті қорғауға, тілекті орындауға, бай болуға, отбасы махаббатын арттыруға көмектеседі деп сенген. Әрине, мен тағаның сәттілік әкелетініне сенбеймін, – дейді де Тағаны сатып алады.

Осылайша әкесі манағы тағаны соларға үш тиынға сатады.


Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:

— Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың,


— деді. Сонда баласы қателігін түсініп:

Әке, осы орайда “еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады” деген. Сондықтан бұдан былай бұл іс-әрекетімді қайталамауға уәде етемін!




  • деп осылайша бала өз қателігін түсінеді


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет